Батыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

2013 жылдың 16-тамыз күні, сағат 10.00-де облыстық қазақ драма театрында «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбында облыстың білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өткізіледі.

Білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінің мақсаты – 12 жылдық оқытуға көшуге білім беру мекемелерінің дайындық деңгейін анықтау, педагогикалық ұжымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдардың алдағы жылға жұмыс жасау үшін белгілеген стратегиялық бағыттарын айқындау.

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының идеялары және  оны іске асырудың жолдарына талдау жасалады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың 7 тараудан тұратын сандық баяндамасы талқыланды, онда білім беру саясаты саласының стратегиясы, негізгі шаралары мен нәтижелері туралы ақпарат берілген.

2013 жылдың 5-15 тамыз аралығында төмендегі 9 бағытта секция жұмыстары жүргізіледі:

-         Білім беру ұйымдары басшыларының секциясы;

-         Біліктілікті арттыру мәселелері бойынша секция;

-         Әдістемелік қызмет мамандарының секция;

-         Шағын жинақталған мектеп проблемасы бойынша секция;

-         Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен мектепалды даярлық тобы мұғалімдерінің секциясы;

-         Білім беру ұйымдары кітапхана қызметкерлерінің секциясы;

-         Дәстүрлі және «On-line» режимде жалпы орта білім мазмұны мен сапасы секциясы;

-         Кәсіптік және техникалық  білім беру секциясы;

-         Тәрбие жұмысы проблемасы  бойынша секция.

Секция отырыстарында кадрлық әлеуметтік басқарудың, әдістемелік қызметтің дамуы мен қайта құрылуының, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияның пайдаланылуының тұжырымдамалық тәсілдері, орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарты туралы жан-жақты талдау жасалып, мектепке дейінгі тәрбие, техникалық және кәсіптік білім, кешенді тәрбие, балалар құқығын қорғау және инклюзивті білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылмақ.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы С.Ж.Шапкенов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Р.С.Ахметов, Е.Р.Мұқаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ж.А.Жоңтаева, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық маслихат хатшысы мен  депутаттары, барлық аудандар мен қала әкімдері, құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру бөлімдерінің, мектептердің басшылары, мұғалімдері және ата-аналар қатысады. Барлығы – 310 адам.

Пленарлық отырыс барысында облыстық педагог қызметкерлері кәсіподағымен бірлесе өткізілген конкурстардың жеңімпаздарын және «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау өткізіледі.

Сонымен қатар, білім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мадақтауларын табыстау салтанаты өтеді.

Кеңес жұмысында облыстық білім басқармасының 2012-2013 оқу жылындағы қызметі туралы бейнефильм көрсетіледі.

Тамыз кеңесінің өткізілетін орны: Орал қаласы, Достық даңғылы 185, облыстық қазақ драма театры, сағат 1000.

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда облыстық білім басқармасының 26-04-74, 24-08-03 телефонына хабарласуға болады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі