«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбие жұмысының кәсіби бағыттылығы» тақырыбындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының секция отырысы

2013 ж. 7 тамыз күні Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбие жұмысының кәсіби бағыттылығы» тақырыбында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары секциясының отырысы оздырылды.

Секция отырысына облыстық МДЖОТжКББҰО оқу-әдістемелік кабинетінің Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі,тәрбие беру бөлімдерінің бөлім басшылары мен ТжКББ ұйымдарының 38 директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Секция бағдарламасы шеңберінде «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жастардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бағытындағы жоспарланған іс-шараларды нақтылады және тәрбие жұмысын жүргізуде нормативтік құжаттарды басшылыққа алу,оқу орындары облыстық деңгейде өтетін іс-шараларға тиянақты дайындалуы қажеттіліктері, оқушылардың әлеуметтік қамтылуы (ыстық тамақ, жатақхана, шәкіртақы), мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс, болашақ маманды тәрбиелеу мен қалыптастырудағы отбасының рөлі, қиын тәрбиеленетін балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс бағытында проблемалық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар секция жұмысы барысында бағдарламадан тыс Батыс Қазақстан облысында  АҚТҚ/ЖҚТБ-ның эпидемиялық жағдайы» туралы Облыстық АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу орталығының маманы С.А.Төлегенов, «Жалын» жастар орталығының жұмысы жөнінде облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Д.Р.Халесова өз ойларын талқыға салды.

Секция отырысының қорытындысы бойынша 2013-2014 оқу жылына ұсынбалар ұсынылды:

1. ТжКББҰ-дағы кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру;
2. Алдын-ала оқушылардың мамандыққа бейімділігін анықтап,   жұмыстарын жоспарлау;
3. Жалпы білім беретін оқу орындары мен бірлесе жұмыстану жағдайларын жасау, кәсіби бағдарлау жұмыстарын оқу жылы басынан жүргізуге ықпал жасау;
4. Кәсіби бағдар жүргізушілермен жұмысты ұйымдастыру;
5. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілген жұмысты жетілдіру;
6. Қиын тәрбиеленетін балалармен жүргізілетін психологиялық жұмысты жалғастыру;
7. Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына этнопедагогиканы тереңінен енгізу;
8. Әлеуметтік педагог, психолог жұмыстарына әдістемелік көмек мақсатында семинарлар ұйымдастыру;
9. Ақжайықтың өлкесін тану мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, әлеуметтік педагогтар, психологтардың семинарларын Батыс Қазақстан облысының аудандарында орналасқан колледждер базасында өткізуді жоспарлау;
10. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, әлеуметтік педагогтар, психологтардың өз саласы бойынша авторлық жұмыспен айналысуын талап ету;
11. Топ жетекшілерінің білім жетілдіру курсын ұйымдастыру;
12. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, әлеуметтік педагогтар, психологтардың, топ жетекшілерінің жұмыстарына оқу жылы аяғында сараман жүргізіп, республикалық басылымдарға ұсыну;
13. Әріптестер және оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында оқу орындарымен бірлесіп кіріктірілген тәрбие сағаттары шеруін өткізу;
14. Жалпы тәрбие саласы қызметкерлерінің, ата-аналардың құқықтық, діни білімдерін арттыру мақсатында құқық, дін саласы қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру;
15. Тәрбие жұмысының мониторингін жасақтау, семинарлар ұйымдастыру;

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі