«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзырлылығын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестігі жетекшілерінің секциясы |
2013 ж. 8 тамыз күні Жоғары техникалық мектебі базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзырлылығын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық әдістемелік бірлестіктері жетекшілерінің секция отырысы оздырылды. Секция отырысына Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 21 облыстық әдістемелік бірлестік жетекшілері мен 25 арнайы пән оқытушылары қатысты. Отырыс барысында ауылшаруашылық мамандықтары бойынша педагогикалық қызметкерлердің облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі С.Ә.Мұқанов, мұнай газ мамандықтары бойынша педагогикалық қызметкерлердің облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Қ. Шамуратова, ТжКББҰ психологтарының облыстық бірлестік жетекшісі М.О. Шналиева, есептеу техникасы, информатика, математика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі, және орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі О.В.Егоровалар өзекті мәселелер бойынша баяндама жасады. Баяндамалардың барлығы өте мазмұнды болды. Секция отырысы соңында төмендегідей ұсынбалар білдірілді: 1. Әдістемелік бірлестік жетекшілері мен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі жетілдіру; |