Облыстық «Алтын ұя» байқауының қорытындысы туралы

Қараша айының 27-28 күндері  Қазақстан Республикасы Президенті күні және Тәуелсіздік мерекесіне орай, Елбасы жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, отбасы құндылығын, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, отбасы тәрбиесінің үздік тәжірибесін насихаттау мақсатында дәстүрлі облыстық VII «Алтын ұя» отбасылар байқауы өткізілді.

Байқауға барлығы 13 отбасы қатысты.

1-ші күні Назарбаев зияткерлік мектебінде «ЭКСПО-2017. Біздің үлес» байқауы көрме түрінде өтті, «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері» кезеңінде әр отбасы шығармашылық жоба қорғады, «Ұлттық өрнек –киім сәні» отбасы мүшелері дайындаған ұлттық нақыштағы балалар киімінің үлгісін көрсетті, «Отбасы таланттары» байқауында өз өнерлерін ортаға салды.

2-ші күні байқау Қазақ драма театрында өтті: байқаудың 2 кезеңі бойынша отбасылар білімдері мен ұтқыр ойларын ортаға салды.

Бас жүлде - Сырым ауданынан келген Шүйіншқалиевтер отбасы,
I орын - Бөрлі ауданынан Тасимовтар отбасы,
ІІ орын - Зеленов ауданынан Қалиевтер отбасы,  
III орын - Орал қаласынан Жақсыгереевтер отбасына берілді.

«Көрермен көзайымына айналған отбасы» номинациясымен Казталов ауданынан Қабиевтер отбасы;
«Бірлік пен татулығын ұлықтаған отбасы» номинациясымен Шыңғырлау ауданынан Сулеймановтар отбасы,
«Жас ұрпаққа үлгі етер шежірелі отбасы» номинациясымен Ақжайық ауданынан Гумаровтар отбасы,
«Ұлттық дәстүрді ардақтаған отбасы» номинациясымен Бөкей ордасы ауданынан Садықовтар отбасы,
«Жалыны мен қуаты үндескен жас отбасы» номинациясымен Жәнібек ауданынан Нуфтагалиевтер отбасы,
«Өнердің құдіретін бас иген» номинациясымен Қаратөбе ауданынан Нысанбаевтар отбасы,
«Шеберлік сырын ұққан отбасы» номинациясымен Жаңақала ауданынан Тілегеновтер отбасы,
«Білім көкжиегіне ұмтылған отбасы» номинациясымен Тасқала ауданынан Есбулаевтар отбасы,
«Жаңашылдық шыңына өрлеген отбасы» номинациясымен Теректі ауданынан Хамидуллиндер отбасы марапатталды.

Байқауға қатысқан отбасылар білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1

2

3

4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан