Облыстық «Алтын ұя» байқауының қорытындысы туралы |
Қараша айының 27-28 күндері Қазақстан Республикасы Президенті күні және Тәуелсіздік мерекесіне орай, Елбасы жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, отбасы құндылығын, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, отбасы тәрбиесінің үздік тәжірибесін насихаттау мақсатында дәстүрлі облыстық VII «Алтын ұя» отбасылар байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 13 отбасы қатысты. 1-ші күні Назарбаев зияткерлік мектебінде «ЭКСПО-2017. Біздің үлес» байқауы көрме түрінде өтті, «Біздің отбасымыздың ерекшеліктері» кезеңінде әр отбасы шығармашылық жоба қорғады, «Ұлттық өрнек –киім сәні» отбасы мүшелері дайындаған ұлттық нақыштағы балалар киімінің үлгісін көрсетті, «Отбасы таланттары» байқауында өз өнерлерін ортаға салды. 2-ші күні байқау Қазақ драма театрында өтті: байқаудың 2 кезеңі бойынша отбасылар білімдері мен ұтқыр ойларын ортаға салды. Бас жүлде - Сырым ауданынан келген Шүйіншқалиевтер отбасы, «Көрермен көзайымына айналған отбасы» номинациясымен Казталов ауданынан Қабиевтер отбасы; Байқауға қатысқан отбасылар білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. |