Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2013 жылғы 16 қарашадағы №4097-1 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан жаңа жылдық шыршаны өткізу әрбір облыс орталығында бір мезгілде 20 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 10.00-ге белгіленді (Астана уақытымен сағат 11.00).

Біздің облыстан шараға 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек-балалар ішінен 160 бала қатысады.

Оқушылардың жалпы санынан 109-ы ауылдық жерлерден, 8-і балалар үйінің тәрбиеленушілері, 12-сі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы мекемелердің тәрбиеленушілері, 7-уі облыстық мектептердің оқушылары және 24-і облыс орталығындағы мектептердің оқушылары.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша салтанатты шарасын 20 желтоқсан күні қазақ дарама театрында ұйымдастыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылатын жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына 60 мың теңгеге киімдей сыйлық (қысқы сырт киім, қысқы аяқ киім, бас киім, шарф, қолғап, спорттық костюм, спорттық аяқ киім, жемпір) беріледі.

Сонымен қатар ұялы телефон және тәтті сыйлық беріледі.

Балалардың ауылдық жерлерден келуі – 19 желтоқсанға белгіленді.

Шыршаға қатысушылардың кейін қайуы - 21 желтоқсан.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылатын жаңа жылдық шырша салтанатты шарасына қатысушыларды мерекелік түскі ас және сауықтыру бағдарламасы мен экскурсиялар күтеді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі