Ағымдағы жылдың 11-12 желтоқсан аралығында білім басқармасы және облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясының базасында «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға 59 үміткер қатысты.
Мақсаты: Аудандық (қалалық) білім беру мекемелері, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы шығармашыл педагогтарды анықтау және олардың әдістемелік жұмысты жетілдірудегі инновациялық әдіс-тәсілдерін тарату мақсатында «Әдістемелік идеялар фестивалі» байқауы 5 бағытта өтті.
1 бағытта жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасалары «Әдістемелік қобдиша» атты үздік әдістемелік ұсынымдарымен таныстырды.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарының орындалуы».
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде: І орын –Бижанова Нұргүл Нағашыбайқызы (Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясы). ІІ орын – Набиева Ақмарал Калиматқызы (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ). ІІІ орын – Есмұханова Қарылға Қартамбайқызы (Ақжайық ауданы, Тайпақ ЖОББМ).
Номинация иегерлері: «Шеберлік қобдишасы» - Қажғалиева Гүлнұр Бауыржанқызы (Қаратөбе ауданы, Қоскөл ЖОББМ). «Шығармашыл» - Тілекқабылова Гүлжахан Өтеғалиқызы (Жаңақала ауданы, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ).
2 бағытта жалпы орта білім беретін мектептердегі сынып жетекшілері балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықты түзету бағытындағы жүйелі жұмыстардың жүргізілуі бойынша Авторлық бағдарламаларын қорғады.
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде: І орын – Муганова Әсел Маратқызы (Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов атындағы ЖОББМ). ІІ орын – Разақова Ботагөз Мұхитқызы (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ). ІІІ орын – Гайсина Ақзия Есентайқызы (Бөкей ордасы ауданы, Жәңгірхан атындағы ЖОББМ).
Номинация иегерлері: «Жаңашыл» - Қапашева Гүлжамал Нұржанқызы (Зеленов ауданы, Ульянов ЖОББМ). «Шығармашыл» - Өтегенова Набия Төлегенқызы (Казталов ауданы, Казталов ЖОББМ).
3 бағытта қосымша білім беру ұйымдары директорының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары алдын ала берілген тақырыптардың бәреуін таңдап, Шығармашылық жобаларын қорғады.
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде: І орын –Құжбанова Светлана Мажитқызы (Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс орталығы). ІІ орын – Имашева Әсел Жұмашқызы (Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының балалар саз мектебі). ІІІ орын – Погосова Татьяна Владимировна (Зеленов ауданы, №2 балалар саз мектебі).
Номинация иегерлері «Жаңашыл» - Ғұмаров Жұбан Орынғалиұлы (Бөкей ордасы ауданы, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы). «Шығармашыл» - Қуанғалиева Меңдігүл Сағидоллақызы (Жәнібек ауданы, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы).
4 бағытта қосымша білім беру ұйымдары педагогтары Шебер сынып фрагметімен таныстырды.
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде: І орын – Аққожин Манас Исмағұлұлы (Теректі ауданы, Балалар шығармашылық үйі). ІІ орын – Сүлимен Тимур Қатауияұлы (Ақжайық ауданы, Балалар шығармашылығы орталығы). ІІІ орын – Биргариева Аля Сайрамбайқызы (Бөрлі ауданы, Мектептен тыс жұмыс орталығы). ІІІ орын – Кукленкова Валентина Евгеньевна (Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс орталығы).
Номинация иегерлері: «Жаңашыл» - Бисенгалиев Жақсылық Қаздұқұлы (Жәнібек ауданы, Балалар саз мектебі). «Шығармашыл» - Базарбайұлы Ернұр (Қаратөбе ауданы, Балалар шығармашылық үйі).
5 бағытта тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог – психологтарының Авторлық бағдарламаларын ұсынды. Бұл бағыт сырттай өтіп, қорытындыланды.
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде: І орын – Ихсанова Эльмира Абайқызы (Орал қаласы, А.Иманов атындағы жол – көлік колледжі). ІІ орын – Азенова Нүргүл Сүлейменқызы (Ақжайық аграрлық техникалық колледжі). ІІ орын – Искакова Альфия Мақсотқызы (Орал ақпараттық технологиялар колледжі). ІІ орын – Азенова Нүргүл Сүлейменқызы (Ақжайық аграрлық техникалық колледжі). ІІІ орын – Құрмашева Раушан Амантайқызы (Орал қаласы, Технологиялық колледжі). ІІІ орын – Шналиева Майя Орынғалиқызы (Орал қаласы, «АТиСО» академиялық колледжі).
Номинация иегерлері: «Ең үздік практикалық іс – шара » - Мамбеталиева Әсел Зинелғабитқызы (Орал қаласы, Экономикалық және ақпараттық технологиялар колледжі). «Шығармашыл» - Павлицкая Татьяна Михаийловна (Бөрлі ауданы, Ауылшаруашылық колледжі).
«Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертпен қорытындыланды.
|