Ауғанстанда қаза болған жауынгерлер А.Емельянов, С.Изотов, В.Карповты еске алуға арналған және Ауғаныстаннан әскерлердің шығуының 25 жылдығына арналған пневматикалық мылтықтан ату бойынша облыстық ТУРНИРІ

2014 жылдың 8 ақпанында Орал ақпараттық технологиялар колледжінде Ауғанстанда қаза болған жауынгерлер А.Емельянов, С.Изотов, В.Карповты еске алуға арналған және Ауғаныстаннан әскерлердің шығуының 25 жылдығына арналған пневматикалық мылтықтан ату бойынша облыстық турнирі оздырылды.

Турнирге БҚО білім басқармасынан, Қорғаныс істер басқармасынан, Батыс Қазақстан облысы бойынша ОЖБД 170/2 ТМ мекемесінен, Батыс Қазақстан облысы бойынша дене тәрбиесі және спорт басқармасынан, №2029 әскери бөлімінен, «Батыс Қазақстан облысы Ауғанстан ардагерлер қоғамы» қоғамдық бірлестігінен, «Арба» қоғамдық бірлестігінен өкілдер, ауған жауынгерлерінің ата-аналары қатысты.

Шараның мақсаты өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиеге баулуға, әскери тәртіп дағдыларын меңгеруге, оқушылар бойында жоғары патриоттық сезімдерді қалыптастыруға, Отанға адал болуға, азаматтық борыштарды орындау, Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Турнирге  қалалық және облыстық жалпы білім беретін мектептер мен колледждерден 16 команда қатысты. Сонымен қатар турнирге Орал ақпараттық технологиялар колледжінде тірек-қимыл қозғалыс аппараты функциясы бұзылған топта оқып жатырған студенттер, «Арба» ҚБ өкілдері қатысты (57 оқушы).

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне он-лайн режимінде Саратов құрылыс технологиялары мен қызмет көрсету саласы техникумы қосылды. Техникумның әкімшілігі Орал ақпараттық технологиялар колледжінің қоғамдық пәндерінің оқытушысы, ауғанстан соғысының ардагері Горностаев И.А. жас ұрпақты әскери-патриоттыққа тәрбиелеуде халықаралық әріптестікті дамытуда үлес қосқаны үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Орал ақпараттық технологиялар колледжі иеленді, екінші орынды Орал қаласының №19 жалпы білім беретін орта мектебінің командасы, үшінші орынды Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж командасы иеленді.

Жеке есепте бірінші жүлделі орынды Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Штоббе В. және Орал қаласының №19 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Сүйінішкалиев А. иеленді.

Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында командалық есепте бірінші орын Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенттеріне бұйырса, екінші орынға командалық есепте «Арба» қоғамдық бірлестігінің командасы ие болды. Жеке есепте алда болған Кочерыжкин П., «Арба» қоғамдық бірлестігінің өкілі, екінші орынды Орал ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Нугманов К. иеленді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі