Батыс Қазақстан облыстық «М.Мақатаев оқулары-2014» қорытындысы туралы хабарлама

Ғажайып, сыршыл, гуманист ақын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған оқушылар мен поэзияны сүйетін адамдар арасына таратуға арналған «Мақатаев оқулары-2014» байқауы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинеті және «Дарын» қосымша білім беру мекемесінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 7 ақпаны күні «Дарын» қосымша білім беру мекемесінің базасында өтті.

Байқаудың облыстық турына облыстық мектептер, қалалық және аудандық оқулардың 16 жеңімпазы қатысты.
Олар ақынның шығармашылығын жетік білу бойынша сынға түсті. Ақынның өмірбаяны мен туындылары туралы 10 сұраққа жауап берді, М.Мақатаевтың өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды және қазылар алқасымен берілген тақырыптарға өлең шумақтарын құрастырды.

Тапсырмалардан сүрінбей өткен Дарынды балаларға арналған №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 10-сынып оқушысы Камиева Индира бас жүлдені иемденді. Жаңақала ауданы, Айдархан ЖОББМ 8-сынып оқушысы Нысанғалиев Данияр І орын, Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан атындағы ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қанатқалиева Айзада мен Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Сағындық Иса ІІ орын, Бөрлі ауданы, Қызылтал ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ғибадатова Ақбала, Зеленов ауданы, Щапов ЖОББМ 9-сынып оқушысы Гарифуллина Ақнәзік, Орал қаласы №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Сисенова Шынар ІІІ орын иегерлері атанып, облыстық білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі