ІІ облыстық «Қадыр оқулары-2014»

Өмірі өлеңді, өлеңі өмірлі талант иесі Қадыр Мырза Әли шығармашылығына арналған оқушылар мен поэзияны сүйетін тұлғалар арасына таратуға арналған облыстық ІІ Қадыр оқулары байқауы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының қолдауымен Сырым аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 11 ақпаны күні Жымпиты ауылында өтті.

Байқаудың облыстық турына облыстық мектептер, қалалық және аудандық оқулардың 42 жеңімпазы қатысты.
Байқауда М.Өтемісов атындағы БҚМУ филология ғылымының кандидаты, доцент С.Шарабасов, композитор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Қажымов, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Ихсанғали, ақын, «Жайық ұстазы» газетінің редакторы А.Таубаева, Батыс Қазақстан медицина колледжінің директоры, «Қадыр Мырзалиев атындағы қордың» мүшесі М.Берген әділқазылық етті.

Қатысушылар «Сөздің бәрі құдіретті...» бағамында ақынның шығармашылығынан өздеріне ұнаған өлеңдерді оқыды, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» бағамы бойынша ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады және «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» бағамында ақын рухына арнап, өз шығармаларын оқыды.

«Сөздің бәрі құдіретті...» бағамы бойынша байқау шарттарын толық орындаған Сырым ауданы Жамбыл негізгі мектебінің 6-сынып оқушысы Сарсен Меңсұлу, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда...» бағамы бойынша Ақжайық ауданы Бударин жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрсейілова Мадина, «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бағамы бойынша Жаңақала ауданы Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ғилымханов Мәрлен бас жүлде иегерлері атанып, облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталды.

Байқау аяқталған соң оқушылар Қадыр Мырза Әли атындағы мектепте болып, ақынның атына ашылған мектеп сыныбын тамашалады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі