Мектепке дейінгі үйым, шағын орталық, мектепалды даярлық тобы әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған облыстық практикалық семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 ақпанында Орал қаласының №27 «Жігер» балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен оны жобалау ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үрдісін ерекше өткізуді ұйымдастыру. Жобалық оқыту жөніндегі қадамдық жұмысты қолдануды жетілдіру.

Семинарға қатысушылар: Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, тәрбиешілері, мектепалды даярлық, шағын орталық тобы тәрбиешілері.

Семинар практикалық (шеберлік класс) және теориялық түрде ұйымдастырылды. ХХІІ Сочи-2014 қысқы Олимпиада ойындарына бағытталып және жұмыс жоспары бойынша «Білім апталығына» сәйкес, білім салалары («Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық») бойынша белсенділік орталықтарына бөлінген педагогтармен тәрбиелеу мен оқыту процесінің ұйымдастырылуының ерекшеліктерін шеберлік класс арқылы көрсетті. Отбасымен балабақшаның сабақтастық жұмысын көрсету бағытында балалармен бірге ата-аналардың белсенді қатысуымен «Біз болашақ олимпиадашылармыз!» спорттық ойын-сауығы өткізілді.

Теориялық бөлімінде балабақша педагогтары іс-тәжірибелерімен бөлісіп, балабақша психологы қатысушылармен психологиялық жарыс-тренингін өткізді.

Жобалау жұмысын қолдану жөнінде семинарға қатысушылармен іскерлік ойын өткізілді. Бұл бағытта Орал қаласының №35 «Шұғыла» бөбекжайы тәрбиешісінің Қадыр Мырза Әли шығармалары бойынша «Менің қанатты достарым» тақырыбындағы жобасы таныстырылып таратылды. Соңынан педагогтар топтарға бөлініп бірігіп жоба құрастыру бойынша тақырып таңдап, мақсат міндеттерін, күтілетін нәтижесін анықтап жобаларын қорғады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, әсерлерімен бөлісіп, әдістемелік қоржындарын ұйымдастырылған оқу іс-әрекет технологиялық карталарымен және жобалық оқыту жөніндегі қадамдық жұмыс жоспарларымен толықтырды.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі