«Мектепте ыстық тамақты ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар

2014 жылдың 18 ақпанында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Теректі ауданында «Мектепте ыстық тамақты ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинары өтті.

Мақсаты:

1. Білім беру ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру жолдары мен іс-қағаздарының жүргізілуіне талдау жасай отырып, іс-тәжірибе алмасу.

2. Теректі ауданы бойынша мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру жұмысымен танысу.

Семинарға білім басқармасының және БҚО МСЭКҚ департаментінің өкілдері, мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, мүдделі органдар, БАҚ өкілдері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің мамандары мен әдіскерлері және мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыруға жауапты тұлғалар қатысты.

Теориялық бөлімде ыстық тамаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, нормативтік құжаттар, оқушылардың салауатты тамақтануы мәселелері талқыланды, психологиялық тренингтер жүргізілді.

2014 жылдың 15 ақпанындағы мәлімет бойынша ыстық тамақ облыстың 375 (92,1%) мектебінде ұйымдастырылып, оларда барлық оқушылардың 76 %-ы немесе 65 997 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар, ыстық тамақпен бастауыш сынып оқушыларының 98 % және әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларының 99,3% қамтылып отыр. Бөрлі (100 %), Ақжайық (80 %), Теректі (79,4 %) аудандарында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту көрсеткіші жоғары болса, Казталов (60,8%), Қаратөбе (64,8%) аудандарында және Орал қаласында (72,2%) өте төмен.

Практикалық бөлімде Теректі ауданының Подстепное №1 ОЖББМ, Пойма БМ, Жайық НМ,  Федоровка №1 ОЖББМ, Федоровка қазақ ЖОББМ, Подстепное қазақ  ЖОББМ-теріне экскурсия ұйымдастырылып,  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі