«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының орындалуы жөнінде кеңейтілген отырыс

2014 жылғы 24 қараша күні білім басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы жөнінде кеңейтілген отырыс өтті. Отырысқа білім басқармасының аппараты, облыстық маслихат депутаты, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында облыстық маслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы А.С.Айтимовтың баяндамасы тыңдалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірінші кезекте тұрған міндеттері мен олардың алдын алу мәселелері қаралды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Н.М.Сабиров өз сөзінде қолданылып отырған шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін орталықтандырылған есепке тұрғызылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің саны азаймай отырғандығын атап өтті, бұл әсіресе Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңдарын бұзушылық.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысының 11 тармағының орындалуы бойынша тапсырмалар берілді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі