Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша

23-25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша шеңберінде жоспарланған шаралар өтті.

Шыршаға оқуда, шығармашылықта, спортта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен оқушылар қатарынан 9 бен 13 жас аралығындағы 180 бала қатысты. Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың басым бөлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары (65%), қалғаны жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндігі шектеулі соның ішінде мүгедек балалар санатынан.

Оқушылардың жалпы санынан 126-сы ауылдық жерлердің балалары, олар облыс орталығына 23 желтоқсанда келді. Балалар «Айдана» қонақ үйіне орналастырылды. Сол күннің кешінде облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығымен сауықтыру бағдарламасы және психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша әрбір облыс орталығында бір мезгілде 24 желтоқсан күні «Біз мәңгілік ел боламыз!» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Шырша облыстық қазақ дарама театрында өтті.

Оқушыларды мерекелік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне құттықтауын тыңдады.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға облыс әкімі Н.А.Ноғаев қатысып Елбасының атынан оқушыларға сыйлықтар  табыстады.

24 желтоқсан күні шыршаға қатысушылар үшін «Айдана» мейрамханасында мерекелік түскі ас, мұз айдынында конькимен сырғанау, «Funky Town» орталығына аттракциондарға бару, 3-Д форматта мультфильм қарау және би кеші ұйымдастырылды.

Шараны өткізуге облыстық бюджеттен 13869 млн. тг. қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына сыйлық берілді, соның ішінде қысқы сырт киім, қысқы аяқ киім, бас киім, шарф, спорттық костюм, спорттық аяқ киім, смортфон, тәтті сыйлық. Сыйлықтың жалпы құны 68 мың.тг. құрады.

Шараны ұйымдастыруда «Жас Өркен» жастар қоғамдық бірлестігінің жас көшбасшылары белсенді атсалысты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі