«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты кәсіби шеберлік байқауы туралы

Өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылықтарын анықтау, іс-тәжірибесін тарату және білікті кадрлар даярлау үдерісінде олардың кәсіби–тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында 2014 жылдың 24 желтоқсанында Ақжайық аграрлық техникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  өндірістік оқыту шеберлері арасында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты кәсіби шеберлік байқауы оздырылды.

Облыстық байқау 5 кезеңнен тұрды: «Менің мамандығым – менің мақтанышым», «Тестілеу», «Шебер қолдар» (қатысушының техникалық және әдістемелік шығармашылығы), «Үздік шығармашылық және инновациялық қызмет ұсынбасы» (өндірістік оқыту шебері шеберлік-класс көрсетуі тиіс, слайд, видео ролик арқылы) және «Кәсіби шеберлік» қатысушы тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлікті көрсете білу, яғни тағамды дайындау, безендіру және ұсынуы тиіс (тағам «Жентектелген шортан»). Облыстық байқауға «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы  бойынша «Аспаз» мамандығын дайындайтын 9 өндірістік оқыту шебері қатысты.

Облыстық байқауға қатысушылар әртүрлі тағамдарды дайындау және мерекелік үстелді рәсімдеу кезінде кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете білді.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төмендегі инженер-педагогтары марапатталды:

І орын – А.М.Алемешева (Орал «Сервис» технологиялық колледжі);
ІІ орын – Г.К.Жумагалиева (Ақжайық аграрлық техникалық колледжі);
ІІІ орын – З.К.Хайруллина (Теректі колледжі)

«Бармағынан бал тамған аспаз» номинациясы бойынша - Ж.О.Мунайтбасова (Қаратөбе колледжі);
«Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша - А.Т.Қуанышева (Жалпақтал  аграрлық және салалық технологиялар колледжі).

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі