Облыстық «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің және аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің әдіскерлеріне арналған семинар-практикум |
10 ақпан 2015 жылы Орал қаласы №46 ЖОББМ базасында аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі дайындығының ең маңызды компоненті - педагогикалық практика» тақырыбында облыстық семинар оздырылды.
Семинарда «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында жаңа форматта өз білімдерін жетілдірген педагогтар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар-практикумда қатысушыларымен тренингтер, шеберлік сынып, коучинг, панорамалық сабақтар өткізілді және «Өзін-өзі тану» сабақтарында аңыз-әңгімелер мен видеороликтерді қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Соңында семинарға қатысушылар рухани-адамгершілік тәрбие бойынша «Өзін-өзі тану» сабақтарын жетілдіруде ой-пікірлерімен бөлісіп, шешу жолдарын қарастырды. |