«Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» тақырыбында өтетін Қазақстан Республикасының химия, биология пәні мұғалімдерінің І съезі қарсаңында өткізілген жұмыстар туралы мәлімет

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу– Елбасы артып отырған басты міндет. Жаратылыстану пәндері бойынша білім гранттары көптеп бөлініп, мемлекеттегі жаратылыстану пәндері бағытында білікті мамандарды, қызығушылығы мол шәкіртті тәрбиелеу мектеп мұғалімінің басты жауапкершілігін қажет етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда мемлекет маман мұғалімдердің біліктілігін арттыру, жаңа педагогикалық ізденіс, тың серпіліспен, шабытты шығармашылықпен жұмыстанатын ұстаздарға тәжірибе алмасу мақсатында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының білім министрінің  бұйрығы бойынша    2012  жылы «Мектептегі  жаратылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» тақырыбында  Қазақстан Республикасының  химия және биология мұғалімдерінің  І съезі   ұйымдастырылуда. Осы шараны өткізуді ұйымдастыру үшін  облыстық білім басқармасы жанынан ұйымдастыру комитеті құрылып, жоспар бекітілді.

Республикалық іс-шараларға сәйкес  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың ұйымдастыруымен өткізілген І Республикалық дистанционды олимпиада да «Дүние тану» пәні бойынша Ақсай қаласының №5 ЖОББМ мұғалімі Борисова О.А. ІІ дәрежелі дипломмен, «Химия» пәні бойынша Орал қаласының №45 ЖОББМ мұғалімі  Жаннатова А.К. мен Ақсай қаласының №5 ЖОББМ мұғалімі  Мурзагалиева З.А. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Астана қаласында  өткен мектеп оқушыларының 46-шы Халықаралық  Менделеев олимпиадасының өтуі күндерімен орайласып  «Қазіргі кездегі химия пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында  өткізілген  ғылыми әдістемелік семинарға облысымыздың 4 мұғалімі қатысып қайтты.

Съезді өткізуге арналған шаралар жоспары бойынша «Мектептегі  жаратылыстану-ғылыми білім беру: жетістіктер, проблемалар, шешу жолдары» тақырыбында облыстық он-лайн конференция өткізілді. Конференцияда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің  химик –биолог ғалымдары: химия кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымының докторы, профессор Д.К.Мендалиева, жаратылыстану кафедрасының оқытушысы, доцент А.У.Утаубаевалар теориялық тұрғыдағы жетістіктер мен оларды оқушыға меңгерту тұрғысынан практик мұғалімдермен проблемаларды шешу жолын бірлесіп іздеу мақсатында барлық облыс, қала мектептерімен аудан бөлімдері мамандарымен пікір алмасты. Конференция барысында химия, биология пәні мұғалімдері жетістіктерімен жұмыс барысындағы проблемалар мен оны шешу жолдары туралы өз ойларын ортаға салып, ой бөлісті.

Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыстануы – үздік, жоғары нәтиженің кепілі. Осы мақсатта мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын көпшілікке насихаттау мақсатында химия-биология ғылымдары саласындағы үздік ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімнен тұрды: Үздік авторлық жинақтар, «Химия және өмір» тақырыбындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар, табиғи және жасанды заттардан «Мен әлемді қалай көремін» тақырыптарында көрмелер көп көңілінен шығып, тәжірибе алмасу мақсатында көптеген ұстаздардың ізденістеріне қозғау салуға өз көмегін тигізді. Облысымызда тереңдетілген немесе факультатив курстар негізінде жасалынған авторлық бағдарламалардың оқушының білім деңгейін дамытуда

көмегі айтарлықтай көп екені сөзсіз. Ал сапалы, мазмұнды, сауатты, жаңа өмір талабына сай бағдарлама құру көп еңбек пен ізденісті талап ететіні белгілі. Үздік авторлық жинақтар бойынша шығармашыл ұстаздар, атап айтқанда  І орынды- №35 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Сухина З.А  (Орал қаласы), ІІ орынды - Орал қаласының биология пәні бойынша шығармашылық топ мүшелері Кажығалиева С.Ж, Егорова Е.Ю, Пирская Л.А, Каримова С.А және Бөкейорда ауданының химия пәні мұғалімі Лұқпанова Б.С, ІІІ орынды- Теректі ауданының биология пәні мұғалімі Анаисова Л.В.- және Орал қаласының биология пәні мұғалімі Кондрашова О.А, Бөрлі ауданының химия пәні  мұғалімі Мауина Ж.А иеленді.

Озық тәжірибе тарату – бүгінгі күні білгір маманның міндеті. Мұғалім мамандығы өзін-өзі күнделікті өз білімін көтеру, іздену, ақпараттық - әдістемелік материалдармен танысу және өз тәжірибесін таныстыруды қажет етеді. Ол жас мамандарға, әріптестеріне айтарлықтай көмекші құрал. «Химия және өмір»  тақырыбындағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жинағының көрмесінде І орынды  Ақжайық ауданының  химия пәні мұғалімі Лукбанова Н.У., ІІ орынды Қаратөбе ауданының химия пәні мұғалімі Әмірғалиева Б.О. және Теректі ауданының химия пәні мұғалімі Урбесинова Ә.К., ІІІ орынды Тасқала ауданының химия пәні мұғалімі Махимова Б.Т. және ІІІ орынды Оралқаласының химия пәні бойынша шығармашылық топ мүшелері: Полулях Н.Е., Сорокина О.Г., Водопьянова О.В. иеленді.

Жаратылыстану пәндері бойынша оқушы қызығушылығын шығармашылықпен ұштастыру, ұстаздың ұстазының ғана қолынан келетін шаруа. Табиғи және жасанды заттардан эстетикалық талғаммен жасалынған оқушылар шығармашылығы мектеп қабырғасында қабілетті оқушылардың талантын ұштаудағы ұстаз еңбегінің тамаша бір көрінісі болды. «Мен әлемді қалай көремін» тақырыбында өткен көрмеде І орынды -  Бөкейорда ауданының әдістемелік кабинеті, ІІ  орынды -  Бөрлі,   Ақжайық аудандарының әдістемелік кабинеттері, ІІІ орынды -  Жаңақала, Тасқала аудандарының әдістемелік кабинеттері,  облыстық соқыр және көздері нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектеп интернатынын жаратылыстану пәндері бірлестігі  иеленді.

Бүгінгі күнгі ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Себебі, оқушы интернет, интерактивті тақта, т.б. информациялық құралдармен жұмыс жасай алады. Олай болса, қазіргі заманғы мұғалім білімі мен іскерлігін қолдана алатын, практикада тиімді жүзеге асыра алатын, зерттеушілік қабілеті жоғары, ақпараттық технологияларды жан-жақты қолданып, керек ақпаратты алуға қабілетті және оны оқушыға тиімді формада ұсына алатын маман болуы дұрыс. Осы мақсатта  шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерді анықтау  мақсатында  химия және биология пәндері бойынша  «Ең үздік сабақ-2012»   дәстүрлі облыстық байқауы өткізіледі. Байқауға биология пәні бойынша Тасқала, Ақжайық, Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау, Теректі, Бөкейорда, Жәнібек, Қаратөбе, Зеленов және  Орал қаласының әдістемелік кабинеттері белсене қатысты. Байқау қорытындысы биология пәні бойынша І орынды Орал қаласы №17 ЖОББМ мұғалімі Пирская Л.А. иеленсе, Ақжайық ауданы Базартөбе  ЖОББМ Актаева А.Т. және Бөрлі ауданының химия пәні мұғалімі Оңғарбаева Г.Ж. - ІІ орынды , Ақжайық ауданы Жаңажол ЖОББМ мұғалімі Оразаева А.К. және  Бөкейорда ауданы, Жәңгір хан ат. ЖОББМ Шарафутдинова  Б.А., Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп гимназиясының мұғалімі Байниязова Г.К. ІІІ орынды иеленді.

Химия пәні бойынша Теректі ауданы, Подстепный №1 ЖОББМ мұғалімі Мукатова С.Т   І орынды иеленсе, ІІ орынды Зеленов ауданы, Дарьинск ЖОББМ мұғалімі Шохина  О.П мен  Тасқала ауданы, Қ.Сатбаев ат. ЖОББМ мұғалімі Джумалиева Ж.Ш, ІІІ орынды  Орал  қаласындағы №45 ЖОББМ мұғалімі Жаннатова А.К. мен Ақжайық ауданындағы №1 ЖОББМ мұғалімі Лукбанова Н.У, облыстық М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының мұғалімі Омашева Б.Ж. иеленді. Интернет мүмкіншіліктерін пайдаланып химия, биология пәндері бойынша он-лайн сабақтары ұйымдастырылып, оған интернетке қосылуға мүмкіншілігі бар барлық мектептер қатысып отырды. Биология пәні бойынша Орал қаласының №19 ЖОББМ Темірханова Г.М, Жанақала ауданының Жаңақала ЖОББМ Ақбулатова Б. М., Бөрлі ауданының Пугачев ЖОББМ Дүйсенбаева Ү.Т, химия пәні бойынша Қаратөбе мектеп гимназиясынан Әміргалиева Б. және №28 мектеп лицейінен Сорокина О.Г. тақырыпты ашудағы әдіс-тәсілдерін ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.  Сонымен қатар 17 мамыр күні биология пәні бойынша №24 ЖОББМ Фомиченко Н.М. республикалық көлемде он-лайн сабақ өткізіп, әріптестерінен көптеген жылы лебіздер қабылдады.

Білімді жаңғыртудың негізгі міндеттерінің бірі  - оқытуды жеке-даралауға бағыт ұстау және нарықтық қатынастардың нақты жағдайында оқушылардың әлеуметтенуін қамтамасыз ету.  Бейіндік оқыту- білім беру процесінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастырылуын өзгерту есебінен білім беруді  жек- даралау және бөлшектеу тәсіл. Бұл оқушылардың ынталарын, бейінділіктерін, және қабілеттіктерін толық ескеруге, білімді жалғастыруға және қазіргі заманғы мамандықты алуға  ынталылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлы сыныптарда химия, биология пәндерін  оқытуда мұғалімдердің шығармашылық ізденісін насихаттау мақсатында  «Үздік әдістемелік кешені» байқауы ұйымдастырылып, сайыста  І орынды Орал қаласының №35 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімдері: Сухина З.А., Коваленко В.И.,          ІІ орынды Ақжайық ауданы, Қ.Байсыков атындағы  ЖОББМ мұғалімі Туганова Б.А. және   Тасқала ауданы, Шежін ЖОББМ мұғалімі Бакитова В.С.,  ІІІ орынды Жаңақала ауданы, М.Жүнісов атындағы  ЖОББМ мұғалімі  Каленова А.Қ., Жәнібек ауданы, Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ.  мұғалімі Абилова Л.Қ. мен  Орал қаласы, №34 мектеп гимназиясының мұғалімі Айткалиева Ж.Б.иеленді.

Қазіргі білім беру жүйесін дамыту барысында  экологиялық тәрбие үдересі мен ұлттық білім беру үдересін тең ұстау қажет. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, жаһандану жағдайында  ұлттық білім  беру жүйелерінде қолдану азаматтық іс, ұрпақ болашағына арналған игілікті шара болары анық. Осы мақсатта  биология және химия пәндері бойынша «Ұлттық және экологиялық бағыттағы есептер жинағы»  байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша  І орынды Орал қаласының биология пәні бойынша шығармашылық тобы: Калашникова Ю.А.,Батырова Т.К., Никифрова Т.П., Пирская Л.А., Кажыгалиева С.Ж.;  ІІ орынды Орал қаласының химия пәні бойынша шығармашылық тобы: Жаннатова А.К., Беккер В.Т., Немолочнова Р.В., Колесникова Н.П. және  Казталов ауданы, Казталов   ЖОББМ; мұғалімі Зайнуллина А.Т.,  ІІІ орынды - Казталов ауданы, Жас НМ мұғалімі Байжанова З.С.,   Бөкейорда ауданы, М.Бегалиева атындағы ЖОББМ мұғалімі  Утегенова А.Т.,  Бөрлі ауданы, №2 ЖОББМ мұғалімі  Сакимова Г.Б. иеленді.

«Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология»  тақырыбында өткен облыстық «On-line» конференциясында пән мұғалімдері өздерінің шығармашылық жұмыстарымен ой бөлісті. Конференция қорытындысында Қазақстан Республикасының химия, биология пәндері мұғалімдерінің І съезіне ұзтаздық жолда өзіндік өрнектері, жетістіктері бар делегаттар ұсынылды.

«Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология»  тақырыбында өтетін Қазақстан Республикасының І съезіне делегаттар тізімі

Аты-жөніПәніЖұмыс орны
1 Тоқжанов Марат Лұқпанұлы БҚО Білім басқармасының бастығы
2 Ізмұханбетова София Салахадинқызы БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ректоры
3 Төремұратова Жансұлу Менешқызы Орал қаласының білім беру бөлімінің бастығы
4 Таубаева Ақмаржан Бақытқызы «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы
5 Шүйіншалиева Мира Хамзақызы «Жайық үні» газетінің редакторы
6 Кержикова Фатима Гиниятоллақызы Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының директоры
7 Дарибаева Тұрсынай Онайбекқызы Химия Облыстық оқу әдістемелік кабинет әдіскері
8 Баянғалиева Лаззат Мағзомғалиқызы Биология Сырым ауданы Қ.Мырзалиев ат.ЖОББМ
9 Дүйсинбаева Үмітжан Темірболатқызы Биология Бөрлі ауданы Пугачев ЖОББМ
10 Әмірғалиева Базаргүл Орынбайқызы Химия Қаратөбе ауданы Қаратөбе мектеп гимназиясы
11 Романенко Татьяна Викторовна Биология № 8 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп
12 Сидыханова Гүлнар Зайдоллақызы Химия Жаңақала ауданы М.Жүнісов ат.ЖОББМ
13 Сухина Зинаида Анатольевна Химия №35 МЛ
14 Қаратаева Шынар Тұрсынғалиқызы Биология Ақжайық ауданы Базартөбе ЖОББМ
15 Тасименова Лилия Владимировна Химия Орал қаласы №2 кәсіптік лицей
 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан