100 нақты қадам аясындағы талаптар бойынша кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша он-лайн режиміндегі кеңес

2015 жылғы 7 тамызда облыстық білім басқармасы басшысының м.а. З.Гумарованың басшылығымен аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің, мекемеге бағынысты білім беру мекемелерінің басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерге он-лайн режимінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқармасының өкілдерінің қатысуымен 100 нақты қадам аясындағы талаптар бойынша кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша кеңес өтті.

«Кәсіби мемлекеттік аппарат» тақырыбында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Медет Молдашұлы Мырзаш баяндама жасады.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметке орналасу кезінде іс-әрекеттің жаңашылдығы жөнінде айтылды,  өзгерістер мен толықтырулар туралы да сөз қозғалды.

«Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру алғы шарттары» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Біржан Марданұлы Хайруллин сөз сөйледі.

«2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша облыстық білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық есебінің жағдайы туралы» Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша басқармасының арнайы есепке алу бөлімінің басшысы Ибрашева Гүлнара Асқарқызы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің, мекемеге бағынысты білім беру мекемелерінің басшыларына білім саласында нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу бойынша өндірістік оқу өткізу туралы ұсыныс берілді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі