Жаратылыстану-математика пәндерінің сабақтарында жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық және интербелсенді технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

2015 жылдың 6 – тамызы күні Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің базасында математика, физика және химия, биология, география пәндерінің  әдіскерлері мен мұғалімдері үшін семинар-практикум және коучинг-сессия түрінде «Жаратылыстану-математика пәндерінің сабақтарында жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық және интербелсенді технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында секция отырыстары өткізілді.

Секциялар  жұмысына 151 мұғалім қатысты.

Семинар екі бөлімнен құрылды: теориялық және практикалық. Семинардың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің жаңа педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық және интербелсенді технологияларды сабақ барысында тиімді қолдануға  ықпал ету.

Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдері олимпиада есептерін шығарудан кеңес алаңы, «Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін қиындығы жоғары есептерді шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбы, «Сабақтарда оқушылардың қызығушылығы мен білімін арттыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық әдістемені қолдану» әдістемелік шеберханасы, «Мектептік білім стандартын қолдау барысында жаратылыстану сабақтарында  жобалау жұмысын практикалық зерттеу ретінде жүргізу», «Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудағы құрылымдық тәсіл», «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау және олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру» коучингтерін өткізді.

Әсіресе, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, өздігінен ізденуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға, ақпаратты терең талдай білуіне, алған білімін өмірде кездесетін жағдайға қолдана алуына (функционалдық сауаттылық) көп көңіл бөлінді.

Семинар барысында 2015 жылдың ұлттық бірыңғай тестілеуінің қорытындысына талдау жасалып, жаңа 2015-2016 оқу жылына міндеттер белгіленді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі