Қауіпсіздік апталығы

2016 жылдың 1-6 ақпан айының аралығында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелерде «Қауіпсіздік апталығы» өткізілді, шара барысында балаларды жол - көлік жарақатының, өрт қауіпсіздігінің ережесі және басқада жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Қауіпсіздік апталығы екі негізгі бөлімнен құрылды:

- балаларға көшеде және жолда жүру ережесін сақтау, суға шомылу және орманда серуендеу, өрт шыққан және басқада төтенше жағдайлар бойынша теориялық шаралар ұйымдастыру (тәрбие сағаты, әңгімелесу, лекциялар, ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел және т.б.);

- табиғи қауіпті және қатерлі, әлеуметтік, қылмыстық жағдайларда жол көлік полициясының, өрт инспекциясының және төтенше жағдай департаментінің (рольдік ойындар, байқаулар, практикалық тапсырмалар және т.б.) қызметкерлерін тарта отырып  кәмелетке толмағандарды төтенше жағдай мезгіліндегі әрекеттерге дайындау бойынша машықтық шаралар ұйымдастыру.

Апта бойы интернат мекемелерінің педагогтары мен ата-аналарға тәрбиеленушілердің өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Өрт, төтенше жағдай, террорлық акт мезгіліндегі әркеттері бойынша практикалық сабақ және интернаттық ұйымдарының ғимаратында, территориясында бөгде зат анықталған жағдайлардағы қызметкерлердің әрекеттері туралы қосымша нұсқаулықтар өткізілді.

Апталық театрлық қойылымдармен аяқталды.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі