79-қадам |
Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. ҚР БҒМ 2018 жылғы 3 қыркүйектегі №440 бұйрығына сәйкес облыстың 146 мектебінде пилоттық режимде жаратылыстану-ғылыми циклдің жекелеген пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталды. Оқытуды курстардан өткен 359 мұғалім жүргізеді, аталған пәндерді ағылшын тілінде оқыту құқығын растайтын тиісті деңгейдегі сертификаттары немесе дипломдары бар педагогтарға екі БЛЖ-дан немесе 35 000 теңге мөлшерінде қосымша ақы белгіленген. |