«Заманауи білім берудегі инновациялар мен дәстүрлер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы

2016 жылдың 19 ақпаны күні Орал қаласындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Заманауи білім берудегі инновациялар мен дәстүрлер» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік  конференциясы білім беру үдерісінде білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік инновацияларды анықтау және оларды тәжірибеге енгізу мақсатында өткізілді.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, ДББ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығының, «Өрлеу» біліктіліктілікті арттыру ұлттық орталығының Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының, «Дарын» қосымша білім беру орталығының басшылары, Самара облысы Новокуйбышевск және Нефтегорск қалаларындағы «Ресурстық орталық» біліктілікті арттыру орталықтарының, «Радуга» балалар шығармашылығы орталығының, Білім министрлігінің Оңтүстік басқармасының, Саратов облысы білім басқармасының ақпараттық-әдістемелік бөлімінің өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орнының оқытушылары, мектеп директорының орынбасарлары, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің меңгерушілері, әдіскерлер, пән мұғалімдері, педагог-психологтар, сынып жетекшілері, кітапханашылар, мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілері, қосымша білім беру педагог-ұйымдастырушылары  қатысты.

Пленарлық бөлімде Батыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесімен, жоғары оқу орындарындағы заманауи инновациялық әдістер, заманауи мұғалімінің кәсіби дамуының мазмұны, Самара облысындағы білім беру жүйесінде жас мамандарды қолдау және қосымша білім берудің міндеттерінің біртұтастығы туралы сөз болды.

Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында 6 секция жұмыс жасады:
1 секция - «Заманауи білім саласындағы жаңа педагогикалық технологиялар мен метапәндік жетістіктер нәтижесі».
2 секция - «Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқушылардың жобалау және зерттеу қызметі».
3 секция - «Оқу-тәрбие үдерісіндегі және басқару қызметіндегі ақпараттық технологиялар».
4 секция - «Бастауыш мектеп: мәселелері мен болашағы».
5 секция - «Мектепке дейінгі білім беру: жаңартудың өзекті бағыттары».
6 секция - «Білім беруді модернизациялау жағдайында қосымша білім беру қызметінің тиімділігі».

Конференция жұмысына барлығы 288 адам қатысты. Конференцияға қатысушылар Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының сертификатына ие болды. Конференция соңында ұсынбалар қабылданды.

1 2

3 4

5 6

7 8

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі