«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясындағы қазақстандық мектеп: заманауи үлгі, даму үрдістері мен болашағы» атты облыстық тамыз кеңесінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі бойынша секциялық отырысы

2016 жылдың 3 тамызында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Орал қаласының №37 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жаңа оқу жылы қарсаңында өткен оқу жылына талдау жасап, алда атқарылар міндеттерді айқындау мақсатында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясындағы қазақстандық мектеп: заманауи үлгі, даму үрдістері мен болашағы» атты облыстық тамыз кеңесінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі бойынша секциялары өткізілді.

 

Кеңес отырысының жұмысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қалалық прокуратурасы, Ішкі саясат, дін істері, облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, кәсіпкерлер палатасынан өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды сыныптан тыс шаралар арқылы іске асыру, жасөспірімдердің жыныстық қолсұғушылық пен суицидтің және балалар қылмысының,  оқушыларды теріс діни ағымдардан алдын алу, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, жасөспірімдер арасындағы травматизм, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар, халықты жұмыспен қамту заңы бойынша қабылданып жатқан жұмыспен қамту шаралары, кәсіптік бейімдеу мәселелері қаралды.

 

Секция барысында тәрбие жұмысына, әлеуметтік-психологиялық қызметіне, қосымша білім беруге басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар, әлеуметтік-педагогтар, ҚББҰ директорлары, экологиялық-биологиялық бағыттағы қосымша білім беру педагогтары, арнайы мектеп-интернат директорлары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы педагогтер, балалар үйі, балалар ауылы ПДПК және ППТК меңгерушілері, түзету сынып мұғалімдері қатысты.

Секциялық отырыстарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде оқушыларды патриотизмге, азаматтық, толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу; білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі; білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық -педагогикалық қолдау; қосымша білім беру оқу бағдарламаларын меңгерту аясындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары; мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету және оңалтудың заманауи құралдары бойынша шығармашылық шеберханалар мен шебер сыныптар өткізілді.

Секцияларды қорытындылау барысында пікір алмасу өтіп, ұсынымдар қабылданды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі