«БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІ ЕЛ» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің «Жаңартылған білім беруді жүзеге асыру аясында білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары» секциялық отырысы туралы |
2016 жылдың 3-4 тамыз күндері білім беру үдерісінде білім беру мазмұнын жаңартуға, білім сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік инновацияларды тәжірибеге енгізу мақсатында Орал қаласы №47 ЖОББМ, Теректі ауданы Шаған ЖОББМ, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Орал қаласы №48 «Мұрагер» бөбекжайы базаларында облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық отырыстары өткізілді. Тамыз кеңесінің секция отырыстарына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары, әдіскерлері, тәрбиешілері, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағытының пән мұғалімдері, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, өзін- өзі тану пәндерінің мұғалімдері, білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты. Секция отырыстарына барлығы 730 адам қамтылды. Тамыз кеңесінің секция отырыстарының пленарлық бөлімінде «2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасының негізінде білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту» баяндамасы тыңдалды. Секция отырыстарында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын тұлғаның үйлесімділігі мен зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруда білім беру мазмұнын жаңарту; үштілді білім беру жағдайында білім алушылардың әлеуметтік-мәдени және коммуникативті құзыреттіліктерді қалыптастыру; жалпы орта мектепте «Робот техникасын» курсын оқыту арқылы оқушылардың инженерлік және дизайндық –ойлау, математикалық моделдеу дағдыларын қалыптастыру; облысымыздағы білім беру жүйесінде заманауи инновациялық әдістер, заманауи мұғалімінің кәсіби дамуының мазмұны туралы айтылды. Облыстық тамыз кеңесінде 3-4 тамыз күндері 12 секция жұмыс жасады: Секциялық отырыстары бойынша ұсыныстар қабылданды. |