Облыстық білім басқармасының «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне арналған баяндамасы

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарынан бастап  әлемдік өркениет пен жаңа прогрессивті технологияларды пайдалана отырып, жаңа серпіліс жасады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы анықталды. Бұл орайда қазіргі заманғы білім жүйесінің мағынасы мен алатын орны айрықша.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арнаған Жолдауларында қоғамның дамуындағы білімнің алатын орнын ерекше атап өтіп «Біз бaрлық елдер бойыншa әлемдік стaндaрт деңгейінде білім берудің сaпaлы қызметін ұсынуғa қол жеткізуіміз қaжет» деп aтaп өтеді.

Мемлекет басшысымен белгіленген басымдылықтарды орындауда ағымдағы жылда Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты ҚР Президентінің «Мәңгілік ел» идеясының негізі болатын және оны жүзеге асыратын тұғырнама тұрғызу.

Мәңгілік ел – заман талабына сәйкес әлемдік өркениеттің жаңалықтарын, ғылымы мен техникасын еркін танып, игеріп және пайдалана алатын біртұтас халық, мәңгілік қазақстандық қоғам құру.

Білім саласын қаржыландыру

Облыста  672 білім беру ұйымы жұмыс жасап, олардағы оқушылар мен тәрбиеленушілер контингенті 130 мыңнан астам адамды құрайды. Білім беру мекемелерінде 40 мыңнан астам педагогикалық қызметкер мен әкімшілік-техникалық қызметкерлер жұмыс істейді.

Облыстың білім беру бюджеті 2015 жылғы 42,2 млрд.теңгеден  2016 жылы 53,1 млрд.теңгеге өсіп,  соның ішінде республикалық бюджеттен 3,0 млрд.теңге мектепке дейінгі балалар  және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға,  білім беру нысандарын күрделі жөндеуге, колледж оқушыларына шәкіртақы мөлшерін өсіруге бөлінді.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 29%-ға дейін өсуіне байланысты еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізуге 10,9 млрд.теңге көлемінде трансферттер бөлінді.

Ағымдағы жылы шетел инвестициясы есебінен Жастар және оқушылар сарайын ашу жоспарлануда. Ұлттық қор есебінен Шыңғырлау ауданында 290 орындық мектепке дейінгі ұйымның құрылысы жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 10 білім беру нысанына жалпы сомасы 1548 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде, соның ішінде 1005 млн.теңгесі республикалық бюджеттен,  543,8 млн.теңгесі жергілікті бюджет есебінен.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір білім беру нысанына 159,7 млн.теңгеге, шет ел инвестициясы есебінен 2 білім беру нысанына 527,0 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсаруда,  білім беру ұйымдарын компьютерлік техникамен жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 259,8 млн.теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Құрметті әріптестер! Мектепкедейінгітәрбие мен оқыту жүйесін дамыту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты болып табылады. Мектепке дейінгі сапалы білім мен баланың қабілеттерін толықтай дамыту қоғам үшін маңызды, өйткені бала – еліміздің болашақ интеллектуалдық  және оның гүлденуінің негізі болып табылады.

2016 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың мектепке дейінгі кезеңінің маңыздылығы  алдағы білім беру қызметіне сәтті дайындықтың негізі ретінде айқындалған.

Балабақшалардың құрылысы мен ашылуы, мазмұнның жаңартылуы, педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша атқарылатын мемлекеттік шаралар 1-6 жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен жаппай қамтуға бағытталған.

Облыс бойынша 470 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, оның ішінде 20707 баланы қамтитын 157 балабақшалар, 1560 бала қамтылған 52 «мектеп-балабақша» кешені, 6271 баламен  261 шағын орталық.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі индикаторы - 3-6 жастағы балалардың қамтылуы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту болып саналады, сондай-ақ 2020 жылға бұл көрсеткіш 100 % жетуі қажет. Соңғы бес жылда облыс бойынша бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, 97,9%-ды құрайды. Сонымен қатар, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе,  Шыңғырлау аудандарында 3-6 жастағы балалар толығымен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды.

Тек 2015 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтамасыз ету мақсатында  мектепке дейінгі мекемелер саны 14 бірлікке және 890 орынға артты. Шетел инвестициясы есебінен Жәнібек ауданының  Жәнібек ауылында  290 орындық бөбекжай-балабақшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, 8 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарының желісі мемлекеттік –жекеменшік әріптестік аясында ашылу арқылы да өсіп келеді. Орал қаласының Зашаған ауылында жаңа құрылыс есебінен 200 орындық жеке бөбекжай, 4 жеке шағын орталық ашылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұлттық қор есебінен Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылында 290 орындық бөбекжай құрылысы аяқталуда,  шетел инвестициясы есебінен Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында 140 орындық бөбекжай пайдалануға берілді.  Сонымен қатар, шетел инвестициясы есебінен Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 320 орындық бөбекжай құрылысы басталды.

Мемлекеттік -жекеменшік әріптестік шеңберінде 1210 орындық 4 балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда, соның ішінде Орал қаласында 2балабақша (360 және 290 орындық), Ақжайық ауданы Чапай ауылында (280 орындық) және Сырым ауданы Жымпиты ауылында (280 орындық) балабақшалар.

Мектепке дейінгі білімді қамтамасыз етуде бизнес өкілдерін қатыстыру бойынша атқарылған шаралардың нәтижесінде 2010 жылы 3 жеке мектепке дейінгі болса, 2016 жылы олардың саны 24 бірлікке дейін артты. Жеке балабақшалар саны барлық балабақшалардың 5% құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамыту және тәрбиемен қамтудағы көрсеткіштердің артуына қарамастан, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары мен Орал қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудағы қажеттілік сақталып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда кезекке 20826  арыз тіркелген (2015 ж - 19972), соның ішінде 3-6 жастағы балалар саны - 3822.

Көші –қон процесі мен дүниеге келгендер санының артуы негізінде кезекте тұрған балалар санының жоғары көрсеткіші жыл сайын Орал қаласында (17600), Бөрлі ауданы Ақсай қаласында (2238)  сақталуда.Мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жастағы балалардың орын тапшылығы 2904 –і құрайды.

Аудан (қала) білім беру бөлімдеріне 3-6 жастағы балаларды толығымен мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту мақсатында жеке инвестицияларды тарту, жеке балабақшаларды ашу жұмыстарын жандандыруы қажет.

Балабақшалардың басым бөлігі ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқанын ескерсек,  оларда балалардың болуы үшін тиісті жағдайлар жасау және қауіпсіздік шараларына да көңіл аудару керек.

Ауылдық жерлерде балабақшалардың 24,1% -ы   (50) ыстық сумен қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте осындай ұйымдардың ең көп саны Жәнібек (8), Казталов (14), Сырым (9) және Шыңғырлау (4) аудандарында болып отыр. Балабақшалардың 19,3% - да (40)  су тасымалданаса, ауылдық жерлерде орналасқан балабақшалардың  25,1%-да (52) кәріз жүйесі жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту  шараларын қабылдау,  қазіргі заман талаптарына сай келетін  тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық, спортпен шұғылдануға  жағдайлар жасауы  қажет.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдарды АКТ - жабдықтармен жабдықтау бағытында тиісті шаралар алынуда. Бұл дербес компьютерлер, мультимедиялық проекторлар, сенсорлық интерактивті тақталар және дамытушы компьютерлік ойындармен қамтамасыз ету. 2015 жылы компьютерлік техниканың саны 125 бірлікке артты.

Интерактивті тақтасы бар балабақшалардың үлесі 16,9% құрайды (35 балабақша). Олардың басым көпшілігі Орал қаласында (22) және Бөрлі ауданында (10).

Балалардың  жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, пәндік-дамыту ортасын құру үшін мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдармен қатар, жеке меншік "Жәңгірхан" (директоры А. К. Бозымова), "Салтанат" (директоры Б.М.Досқалиева), "Вальдорф" шағын-орталығы (директоры Б.Лаврентьев)  ұйымдарында барлық жағдай жасалған.

Құрметті әріптестер! Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңартуғақоғамның назар аудара отырып, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда халықаралық тәжірибе негізінде қазіргі заманғы озық әдістемелерді енгізу керек. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы қажет» деп тапсырды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметіне инновацияларды енгізу- білім беру мазмұнын іріктеу, балалардың даму бағдарламаларын жеке жобалау,  балалардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда мектепке дейінгі білім жүйесін жетілдіру бағытталған маңызды шарт.

Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында  білім сапасын  арттыруда педагогтар тарапынан  балалар дамуының барлық бағыттары бойынша «Сиқырлы қалам», «Ақылды балапан», «Кішкентай тілмаш», «Электронды қазақ үй» оқу-танымдық кешендері, «Дьенеш логикалық блоктары», «Кюизенердің түрлі түсті санамақ таяқташалары», «Фребель сыйы» оқу-ойын кешендері, т.б. инновациялық технологиялар қолданылып, бұлармәселелерді анықтауға және шешуге үйренетін театрландырылған, көркемдік, жобалық қызметтер ретінде балаларды өз етімен ойлауға, ересектермен шығармашылық ақпарат іздеуге үйретеді.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде жоғары талаптар тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық әлеуетіне ғана қойылмайды, сонымен қатар кәсіби ұстанымды  іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен тәрбиеленушілері

әртүрлі деңгейдегі байқауларға белсене қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Айсаева Мадина Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған республикалық "Ән шырқайық бәріміз!" конкурсында ІІІ орынды иеленді.

Орал қаласының №35 "Шұғыла" бөбекжайы (директоры Г.Ғ.Дүйсенғалиева) республикалық "Ханталапай" сырттай интеллектуалдық байқауында «Ең үздік бейнетаспа" аталымы бойынша  Бас Жүлдені жеңіп алды.

Мектепке дейінгі балаларға математикалық білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін екінші жыл қатарынан "Дарын" қосымша білім беру орталығы Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Жас математик» байқауын өткізіп, №4 "Березка" (директоры Ж. Ж. Хайырова), №37 "Жұлдыз-ай" (директоры А. Ә.Абилова), №47 "Бәйтерек" (директоры Г. Ғ.Тлекқабылова), №25 "Снежинка" (директоры А. М.Тұрмағамбетова), №21 "Росинка" (директоры Э. Т.Күбейсінова) бөбекжайларының тәрбиеленушілері үздік логикалық ойлау дағдылары мен математикалық білімдерін көрсетті.

Ақжайық ауданы "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымында (директоры Г.Ж.Қажығалиева) балаларды патриоттыққа тәрбиелеу аясында   жеке тұлғаны дамытуға, азаматтық қасиеттерді бойына сіңірген - өз Отанының патриотын  қалыптастыруға бағытталған "Жас Ұлан" білім беру жобасы енгізілді.

Сырым ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында "Қадыр оқулары" байқауын өткізу дәстүрге айналды. Ұлы ақынның туындылары балалардың эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсер етіп, көркем туындыларындағы  жарқын бейнелер, музыкалық өлеңдер балаларға қуаныш сыйлайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда вариативті компонент есебінен «Робот техникасы» үйірмелері енгізілуде, бұл балалардың әлеуметтік бейімделуі мәселесін оңай шешуге мүмкіндік береді. Балабақшадағы робот техникасы жай құрастыру іс-әрекеті емес,  балаларға білім беру қызметіне бейімделуге көмектесетін инновациялық оқу құралы.

Орал қаласының №44 «Мерей» бөбекжайының облыстық "Жас техник" техникалық шығармашылық орталығымен бірлескен жұмысы жүйелі жолға қойылып,  онда компьютерлік сауаттылық бойынша республикалық мектепке дейінгі және жалпы орта білім  педагогтары арасында өткен байқаудың "Үздік педагог-2014" атағының иегері А.К.Алиғазиева жұмыс жасайды.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдері,   мектепке дейінгі мекемелердің басшылары мектепке дейінгі жастағы балалардың  танымдық құзыреттіліктерін дамыту үшін білім беру үдерісіне робот техникасын енгізужұмыстарын белсендіру қажет.

Құрметті әріптестер! Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жаңа формациядағы педагогты қалыптастыруға жоғары талаптар қояды.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселесі өзекті болып қалуда. Проблемалардың бірі тиісті білімі бар педагогтардың жетіспеушілігі, жас мамандардың мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасауға ниет білдірмеуі, педагогтардың дайындық деңгейінің төмен болуы болып табылады.

2010 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдар санының өсуіне байланысты, педагог кадрлардың саны 773 адамға өсіп, 3527 педагогты құрайды.

Мектепке дейінгі білім беру педагогтері санының өсуі сапалық құрамға  айтарлықтай әсер етті. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы кәсіби арнайы дайындығы жоқ педагогтар үлесінің басымдылығы, мектепке дейінгі ұйымдардың бүгінгі күнгі негізгі кадрлық мәселесі болып отыр

Педагогтардың 44,7%-ның  мектепке дейінгі білімі болса, 23,2% -ның жоғары мектепке дейінгі білімі бар.

Педагогтардың тапшылығы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың мектепке дайындығымен педагогикалық қызметтің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Балабақшаны аттестаттау - барлық білім мекемелері үшін маңызды оқиға.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың менеджменті мен мониторингін жетілдіру мақсатында «Аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі ұйымдар санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдар үлесі» көрсеткіші енгізіліп, 2017 жылы 85%-ды  құрауы қажет.

2015 жылы 23 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 16-сы немесе 69,6 %-ы мемлекеттік аттестаттаудан өтсе, қалғандары анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін ғана аттестатталды.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  басым көпшілігі мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді (Орал қаласы-5, Казталов ауданы-1, Шыңғырлау ауданы-1).

Сонымен қатар Орал қаласы (№22 "Колобок", №25 "Снежинка", №34 "Балбұлақ", №37 "Жұлдызай", №15 "Ақбота", №4 "Березка"), Шыңғырлау ауданы ("Шұғыла", "Балауса", "Арай", "Қызғалдық", "Балдырған", "Бөбек"), Теректі ауданы («Бөбек»), Казталов  ауданы («Балбөбек», «Ертегі», «Акжелкен», «Балдаурен») балабақшаларында қаржылық бақылау қызметкерлерінің тексеруі барысында анықталған қаржылық және сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар да орын алды.

Аудандық(қалалық) білім беру бөлімдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартыталаптарына сәйкес педагог кадрлардың сапалық құрамын арттыру, олардың кәсіби  өсуіне жағдай жасап және ынталандыру бағытындағы шараларды алу, үздік педагогикалық жаңалықтарды сақтауға және арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша жұмыстарын  жүргізуі қажет.

Құрметті әріптестер! Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында жаңа инновациялық педагогикалық технологияны қолдана, білім беру мазмұнын біріктіре отырып, баланың алған білімін еркін пайдалану қабілетін қалыптастыру міндеті тұр.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары  практикалық-бағдарланған семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар, барлық деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар, кеңестер, әдістемелік кездесулер (облыстық, республикалық, халықаралық) аясында өз тәжірибесін тарату дәстүрге айналды.

2016 жылдың қаңтарында  мектепке дейінгі мекемелердің басшылары үшін құзырлы органдардың қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізілді. Семинарда жұмыс барысында қолданылатын  нормативтік-құқықтық актілер және құжаттар бойынша ұсынымдар мен кеңестер берілді.

Семинар аясында «Үздік мектепке дейінгі ұйым басшысы» облыстық байқауы оздырылды. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде және «Үздік мектепке дейінгі ұйым басшысы»  атағын Бөрлі ауданы №5 МДҰ басшысы А.Нагуманова, 1 орынды Орал қаласы №10 «Балапан» МДҰ басшысы А. Кенжегарина, 2 орынды  Ақжайық ауданы «Бөбек» МДҰ басшысы Г.Қажғалиева, 3 орынды Жаңақала ауданы «Жауқазын» МДҰ басшысы К.Жумагелдина мен Жәнібек ауданы «Балапан» МДҰ басшысы А.Мендешевалар иеленді.

ҚР БжҒМ және «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының республикалық семинарларында Теректі ауданы («Бәйтерек» бөбекжайының директоры С.И.Серікқалиева, әдіскер А.Сарсенова), Бөрлі ауданы (№6 МДҰ басшысы Г.Габдышева) баяндама жасап, мектепке дейінгі ұйымды басқару жұмысын ұйымдастыру, компьютер ойындарын пайдалану, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын апробациялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

«Қазіргі білім беру саласындағы инновациялар мен дәстүр» атты Халықаралық ғылыми -әдістемелік конференция барысында «Мектепке дейінгі білім беру: жаңғыртудың өзекті бағыттары» тақырыбында мектепке дейінгі мекемелер педагогтарының секциясында білім берудің жаңа стандартына көшуде балаларды дамыта оқытуды ұйымдастыру, мектеп және балабақша сабақтастығы, мектепке дейінгі білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды пайдалану, өскелең ұрпақ денсаулығының басымдығын құру.  балабақшадағы жұмыстың дәстүрлі емес нысандары, балабақша жағдайында әлеуметтік және құқықтық білім беруді ұйымдастырудың қазіргі заманауи тәсілдері бойынша облыстың  (15 педагогы) және Ресей Федерациясының Самара облысының педагогтары  (18 педагогы) тәжірибе алмасты.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін 34 педагогтан құрылған облыстың делегациясы (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Жаңақала, Теректі аудандары мен Орал қаласы) Самара облысында өткен мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің шығармашылық және педагогикалық шеберлігінің VI Өңіраралық фестиваліне қатысып өз жұмыстарын таныстырды.

Халықаралық ғылыми экология және инженерия академиясының ұйымдастыруымен өткен (Түркістан қ.) 1 –ші республикалық форумда Орал қаласының №34 «Балбұлақ» және №35 «Шұғыла» мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары «Жас маман-өз кәсібінің Көшбасшысы» аталымы бойынша 1 және 2 орын иеленді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың 22 педагогы (Ақжайық, Бөрлі аудандары, Орал қ.) «Нұрболашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Сочи -2015» 2-ші халықаралық мектепке дейінгі ұйым педагогатрының слетіне қатысты.

ҚР БжҒМ «Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе: уақыт талаптары» 2-ші республикалық педагогикалық оқуында қалалық білім бөлімінің әдіскері Б.Өтеғұлова, Зеленов ауданының әдіскері Т.Савченко мен директоры С.Адилова «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметкерлерінің «Инновация және құзыреттілік - мектепке дейінгі тәрбие мен сапасын білім жетілдіру құралы ретінде» Халықаралық конференциясында Теректі ауданының және Орал қаласының 6 педагогы тарапынан жасалған баяндамалар  конференцияның материалдар жинағына енді.

Бүгінгі таңда педагогтар мектепке дейінгі білім беруді жандандырудағы маңызды міндеттерді шешуі тиіс. Олар үшін мектепке дейінгі білім беруде болып жатқан инновациялық үрдістерді, балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы жаңа технологияларды, тәрбие-оқыту үрдісін құрудың заманауи принциптерін білу маңызды болып табылады.

Жалпы орта білім

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» стратегиялық бағдарлама құжатында білім саласы бойынша негізгі басымдық ретінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функционалдық сауаттылығын дамыту тұрғысында мектеп стандарттарын жаңарту, табысты мектепті ынталандыру жүйесін құру атап көрсетілген.

Академиялық пәндер, ғылыми-зерттеу және оқудан тыс іс-шаралар, қосымша білім беру, элективті курстар арқылы мектеп мазмұнына біртіндеп енгізіліп жатқан «Мәңгілік ел» құндылығыбілім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің негізі  болып табылады.  Тарихи мұрамен байланысты ұлттық идея, патриотизм, халықтың рухани жағдайы, дәстүрлі құндылықтардың синтезі, халықаралық өмір қазақстандық қоғам идеологиясының негізі болуы тиіс.

Жаңа қоғамдық сананың парадигмасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Алуан түрліліктегі бірлік», «Үлкен ел - үлкен отбасы», «Бір ел- Бір тағдыр» қазақстандық біртектілік пен бірліктұжырымдамасына негізделген.   Тұжырымдаманың өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеуге қатысты бағыттары еліміздің педагог қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді.

2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 401 мектеп жұмыс жасады. Оның ішінде 389 күндізгі мемлекеттік, 4 жеке, 5 кешкі, 3 арнаулы мектептер.

Күндізгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының 79-ы бастауыш, 70-і негізгі, 240-ы  орта мектептер. 263 мектепте (46 730 оқушы) білім беру мемлекеттік тілде, 32 мектепте (14 944оқушы) орыс тілінде, 94 мектепте (29 746 оқушы) аралас тілде жүргізіледі.

Соның ішінде, 10 гимназия, 6 лицей, 55 мектеп пәндерді тереңдетіп оқытады.

Мемлекеттік күндізгі мектептердің басым бөлімі ауылдық жерде орналасқан (84,8%). Сонымен қатар, оқушы толымдылығының сәйкес келмеуіне байланысты жабылуы себебінен ауылдық күндізгі мектептердің санының азайғандығы байқалады.

Атап айтқанда, өткен  жылы ауылдық жердегі мектептер саны 9 бірлікке кемісе, қалалық мектептер саны 1 бірлікке артты. Жыл сайынғы мектептер санының қысқаруына қарамастан, оқушылар саны артуда. Көші – қон және демографиялық үрдістің негізінде 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда күндізгі мектептердің контингенті 2792 оқушыға артып,  91420 оқушыны құрады.

2015 жылы шағын жинақты мектептер (ШЖМ)  саны 233 бірлікті немесе барлық жалпы білім беретін мектептердің 59,8%-ын құрады. Шағын жинақты мектептердің ұстау біздің облыс бойынша күрделі мәселе, өйткені мектептердегі оқушылар саны аз болғанымен оларға жұмсалатын орташа шығын көп болып отыр.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ШЖМ дамыту орталығы ауылдық мектептерде орын алатын мәселелерді, оның ішінде интернет желісінің болмауы,  пәндік кабинеттер мен интерактивті құрал-жабдықтармен қамтылу көрсеткішінің төмендігінатап өтті. 58 шағын жинақты мектепте (37,4%) физика, 70 мектепте (45,2%) химия, 56 мектепте (36,12 %) биология,  78 мектепте (50,3%) математика пәнінен жаңа модификациялы кабинеттер, 111 мектепте (71,6%) лингафондық кабинет жоқ. Білікті кадр тапшылығы бар. ШЖМ-дің 57,9 %-ы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, оның ішінде 36 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектептердің 72,5%-ыасханамен , 51,9%-ы спорт залдарымен жабдықталған.

Педагогтардың біріктірілген сыныптарда жұмыс жасау дайындығының болмауына байланысты, біріккен сыныптарда білім беруді ұйымдастыру барысында қиындықтар орын алады. Әдістемелік қызметтің әлсіздігі мен материалдық-техникалық базаның төмендігінен оқытудың тиімді технологияларын енгізу дәрежесі жеткіліксіз болып отыр.

Әр ауданда ресурстық орталықтар (тірек мектебін) құру ШЖМ мәселесін шешудің бірден-бір механизмі болып табылады. Облыс бойынша осындай 14 орталық қызмет етеді (2015-11).

Ресурстық орталық базасында магниттік мектептердің оқушылары (443 оқушы) үшін жылына 3 рет 10 күндік сессиялар (бекіту-қазан айының бірінші онкүндігі, аралық-ақпан айының бірінші онкүндігі, қорытынды – сәуір айының үшінші онкүндігі) ұйымдастырылады.  Бұндай оқыту формасы магниттік мектеп оқушыларына оқыту процесіне араласуға, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

ШЖМ –терде жаңа технологияларды пайдаланып шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары білікті, таланты мұғалімдерді анықтау және қолдау мақсатында «Шағын жинақты мектеп және мен» облыстық байқауы өткізіліп, бұл байқауға 13 шағын жинақты мектеп мұғалімдері қатысты. Байқау нәтижесінде Жәнібек ауданының Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі С.Айдашева жеңімпаз атанды.

Құрметті әріптестер! Елімізде жаңартылған білім беру  мазмұны бағдарламасына көшу стратегиясы жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесінде бұл мұғалімдердің жұмысына жаңа талаптар қояды.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің 30 мектебінде Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату мақсатында 12 жылдық білім берудің жаңа бағдарламасы апробациядан өтті, оның ішінде екі мектеп біздің облысымыздан (Орал қаласының М.Ықсанов атындағы  №36 ЖОББМ және Теректі ауданының Шаған ЖОББМ).

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім берудің жаңартылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізуге көшеміз. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің болжамды мәліметі бойынша 1 қыркүйекте 6-7 жастағы 11467 оқушы бірінші сыныпқа келеді (салыстыру үшін 2011 жылы-9161 оқушы).

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге байланысты бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды, жаңа бағдарламаға сәйкес оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға баспаларға сұраныс жасалды.

Сәуір айында Орал қаласының М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ –де «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің әдістемелік және практикалық ерекшеліктері» тақырыбында әдіскерлер, директордың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар –практикум өтті. Семинар барысында мұғалімдерге жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша математика, әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, музыка пәндерінен кіріктірілген дәстүрден тыс сабақтар көрсетіліп, мектеп пен ата-ананың қарым-қатынасын қалыптастыруда оқушылар үшін ата-ана ролінің маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды.

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің  базасында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың орынбасарлары, бастауыш сынып оқытушылары үшін «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың тиімді жолдарын пайдалану арқылы педагогикалық шеберлік сапасын арттыру» тақырыбында семинар –практикум өтті.

Теректі ауданының Шаған ЖОББМ базасында «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуде әріптестердің өзара байланысы-сапалы қызметтің кепілі» атты облыстық семинарда «Жаңартылған білім беру мазмұны: болашаққа жоспар»  тақырыбында Шаған ЖОББМ директоры С.Мұратова мен апробация бойынша жауапты менеджері Б.Жұмағалиева баяндама жасады. Қатысушылар критериалды бағалаудың ерекшеліктерімен, «Мұғалім+ата-ана», «Мұғалім+оқушы», «Мұғалім+әріптес» байланысының ерекшеліктерімен танысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрықтары негізінде, 2016 жылы оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 775 млн теңге, оның ішінде 1 сыныптар үшін 221,6 млн теңге қарастырылды.

Жаңа оқу жылында 1 сыныптар үшін жаңа басылып шығарылатын  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер,  8 сыныптар үшін  қайта басылып шығарылатын  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, 4 сыныптар үшін «Ағылшын тілі», 9 сыныптар үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқулықтары сатып алынды.

Аудандық (қалалық) білім бөлімдері мектептердің материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту шараларын алу қажет:  пәндік заманауи оқыту талаптарына сәйкес оқу пәндері бойынша толық білім алуға мүмкіндік беретін кабинеттер құру, оқушылардың физикалық дайындығы үшін жағдай туғызу (спорттыққұрал-жабдықтар сатып алу), оқу-тәрбие үдісін жүзеге асыруда тиімді жағдай жасау бағытында жұмыстануы қажет.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинет жаңартылған білім  беру мазмұнына көшуге қатысатын педагогтарға мақсатты әдістемелік көмек көрсетуі керек.

Құрметті әріптестер! Мемлекет тарапынан үш тілділік еліміздің адами ресурстарының сапасын қамтамасыз ететін мектеп біліміндегі басты басымдық болып жарияланды. Біздер деңгейлеп оқыту жүйесі негізінде үш тілділік моделімен оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін қолдануымыз қажет. Бұл модель оқушылардың ауызша және жазбаша тілді қазақша, орысша және ағылшынша меңгеруіне жағдай жасау бағытында құрылған. Оқу жүйесіне екінші және үшінші тілдің енгізілуі ғана емес, сонымен қатар көптілді ортаға интерактивті әдіс бойынша енуін  қарастыруымыз қажет. Бұл орайда қазақ-түрік лицейінде жақсы тәжірибе жинақталған, оларда биология, физика, химия,математика, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Заманауи әлемде тілдің ролін түсіну оқушылардың тілдік білімі мен  дайындығының сапалы болуына көп талаптар қояды.

Облысымызда 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан жасақталған 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы негізінде құрылды.

Облыс бойынша 2020 жылға дейін 39 мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді 3 тілде оқытуды енгізудің кестесі жасақталды, осы кестеге сәйкес 3 тілді білім беру жүйесі 2013-2014 оқу жылынан бері барлығы 19 мектепте 928 оқушының қамтылуымен жүзеге асырылуда.

Облыс бойынша 42 маман 3 тілде оқыту бойынша  дәріс беруде, соның ішінде 4 маман «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген.

Үш тілде білім беруді ілгерілету шеңберіндегі негізгі іс-шаралар бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылды. Жоспар бойынша білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің,  ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдері туралы мәліметтер жинақталды.

2016 жылдың 3-18 мамыр аралығында информатика пәнінің мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыту курсының бірінші кезеңі дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде ұйымдастырылып, курсты өткізуге облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімдері тартылды.

Көптілді дамыту аясында ағылшын тілін ерте жастан оқыту жалғастырылуда. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. 2015 – 2016 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамыту жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес,  оқыту қазақ тілінде емес орта білім беру ұйымдарына қазақ тілінде, оқыту қазақ тіліндегі ұйымдарда орыс тілінде, оқыту тіліне қарамастан барлық орта білім беру ұйымдарында ағылшын тілінде білім алушылардың тақырыптық -үйірмелік және жобалау қызметі, білім беру ұйымдарында жазғы тіл мектебін ұйымдастыру жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ –түрік мектеп–лицей-интернаты жанынан 5-6 сыныпта білім алатын 500 оқушының қамтылуымен «Үш тілді білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында тіл мектебі (ағылшын тілін оқыту курстары) ұйымдастырылды.

Бұлардың барлығы  2019-2020 оқу жылы жүзеге асырылатын жоғары сыныптарда үштілді білім беруді енгізуге дайындық шараларының бастауы. Алдағы уақытта пән мұғалімдерінің тілдік курстары, оқушылар мен оқытушыларға арналған онлайн сабақтар, онлайн кеңестер, Орал қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі педагогикалық машықтар,  қазақ-түрік лицейі мұғалімдерінің озық тәжірибесін тарату жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік, қазақ тілін дамыту, орыс тілін сақтау және дамыту, үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру – уақытты, нақты әрекеттерді, еңбекті талап ететін өте маңызды міндет. Бұл міндетті қоғамның барлық мүшелерінің қатысуымен, күшімен шешуге болады.

Құрметті әріптестер! Заманауи білімнің басты міндеті - жас тұлғаға   еркін әрекет жасауға, ортаны және қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретінөзіндік әлеуетін ашу мүмкіндігін жеңілдететін ортаны құру болып табылады.

Білімдік робот техникасы жаңа, өзекті педагогикалық технологиялардан тұрады. Робот техникасы білімніңкелешектегі саласы: механика, электроника, автоматика, құрылыс, бағдарламалау, схема техникасы,  техникалық дизайнмен байланысты.

Облыста балалар мен жастар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатында «Робот техникасы» үйірмелері мен элективті курстарды жалпы орта білім беретін мектептерінің 5-11 сыныптарына енгізу жұмысы жүргізілуде.  2015-2016 оқу жылында облыс мектептерінде 352 оқушының қамтылуымен 29  үйірме ұйымдастырылды, Назарбаев Зияткерлік мектептерімен «Робот техникасы» бағыты бойынша байланыстар орнатылуда. Ағымдағы жылдың маусым-шілде айында 160 педагог «Робот техникасы» курсы бойынша біліктіліктерін арттырса, оқушылар арнайы бейімді ауысымда өз мүмкіндіктерін сынады.

Осы технология бойынша облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ –түрік мектеп-лицей-интернаты базасында 35педагог біліктілік курстарынан өтті.

Облыстық бюджет есебінен  облыстағы 125 мектепке робот техникасы кабинеттерін сатып алуға қаржы  қарастырылды.

2016-2017 оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасы енгізіледі (ҚР БжҒМ-нің 14 қаңтардағы №26 бұйрығы). Мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің жауапкершілігін арттыру. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді.

Білім басқармасы  мамыр айында«Мектеп формасы-2016» атты облыстық көрме ұйымдастырып, көрмеге мектеп директорлары, ата-аналар комитеті мүшесі,өз өнімдерін шығаратын отандық өндірушілер қатысты. Көрменің мақсаты- өнімдерін таныстырылымға қойған өнім шығарушылардың мектеп формасын жарнамалау, облыстық және қалалық мектептермен әріптестік орнату.

Білім беру ұйымының басшылары міндетті мектеп формасын енгізу кезіндегі талаптарды орындауы керек, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын сауатты түсіндіруі қажет.

2015 жылдың 2 –ші жартыжылдығында облыстың 27 мектептің 10-ы  немесе 37% мемлекеттік аттестатталмады. Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 21 мектептің 11-і немесе 52% аттестатталмады. Аттестаттаудан өтпеген мектептер анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде қайта аттестатталды.

Аттестатталмаған мектептер санының басым бөлігі Орал қаласы мен Зеленов ауданына тиесілі.

Білім беру мекемелерінің басшылары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарын орындау бойынша қажетті шаралар алу қажет.

Құрметті әріптестер! Оқушылардың үлгерімі – білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші.

Облыс бойынша үлгерім 99,6% (өткен жыл деңгейінде). Білім сапасы 64,57 % (өткен оқу жылында-57,92%) құрады.

Мектептегібілім деңгейі көрсеткішінің бірі 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу жетістіктерін сырттай бағалау(ОЖСБ)  мен 11 сынып түлектерімен өткізілетін  ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ)қорытындылары болып табылады.

Оқу жетістіктерін  сырттай бағалау (ОЖСБ)  білім беру ұйымына тәуелсіз, оқыту сапасына жүргізілетін мониторинг түрлерінің бірі болып табылады.ОЖСБ негізгі мақсаттары білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады.

ОЖСБ рәсіміне 1623 оқушы қатысты.

ОЖСБ 4 сыныпта математика және әдебиеттік пәндерінен өтті. ОЖСБ рәсіміне барлығы 4 – сыныптардағы 379 оқушы (қазақ тілінде – 278, орыс тілінде – 101) қатысты, қатысу пайызы – 96,93.Облыстың жалпы орташа жинақ балы 4 сынып бойынша 17,37 балды құрады (қазақ сыныптарында-16,86, орыс сыныптарында – 18,65 балл). Қаратөбе (19,44 б.), Бөрлі (18,36 б.) аудандарында орташа балл облыс көрсеткішінен жоғары. Ақжайық (13,78 б.), Бөкей ордасы (17,08 б.), Жаңақала (15,66 б.), Казталов (17,12 б.) аудандарында орташа балл облыс көрсеткішінен төмен болды.

Математика пәнінен орташа балл-8,14, төмен көрсеткіш Ақжайық (5,61), Жаңақала (6,34), Бөкей ордасы (7,75), Казталов (7,88) аудандарында болса, Қаратөбе (9,09), Бөрлі (9,03), Зеленов (8,98) аудандарының көрсеткіштері жоғары болды.

Облыс бойынша әдебиеттік оқу пәнінен орташа балл-9,02, төмен көрсеткіш Ақжайық (8,17), Зеленов (8,39), Жаңақала (8,51), аудандарында болса, Қаратөбе – 10,35 б., Бөрлі – 9,33 б., Казталов – 9,24 б. және Бөкей ордасы – 9,33 б. аудандарының көрсеткіштері жоғары болды.

Бастауышта білімнің негізі қаланады десек, 4 сыныпта өткізілген пәндер бойынша көрсеткіштің төмен болуы ойландыратын мәселе болып отыр. Сондықтан,осы сатыда біріншіден оқытудыңсапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет.

9 – сыныптардағы  ОЖСБ рәсіміне барлығы 1244 оқушықатысып,  2 пәннен өтті: қазақ тілі (міндетті пән) және екінші пән математика, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, химия, физика, биология, география, ағылшын тіліпәндерінің бірі.

9 сынып бойынша жалпы орташа жинақ бал 27,57 –ні құрады (2015 ж. – 33,95), бұл көрсеткіш қазақ сыныптарында-27,04 (2015ж.-34,75 балл) , орыс сыныптарында – 29,00 (2015ж. -32,19) балл болып отыр.

Орал қаласының 8 мектебінде ОЖСБ рәсімі компьютерлік тестілеу арқылы өткізілді: №12 ЖОББМ, №17 ЖОББМ, №19 ЖОББМ, №26, №36 ЖОББМ, №37ЖОББМ, №41 МЛ, ЭБМГ.Компьютер арқылы тестілеуге 598 оқушы қатысып, мектептердің орташа балы – 30,43 – ті құрады (2015 ж. – 35,11), қазақ сыныптарында – 31,64, орыс сыныптарында –28,51балл.Пәндер  бойынша орташа балл: қазақ тілі – 10,93 (2015 ж. – 10,51), математика – 16,3 (2015 - 7,87б. ), физика- 14,68 (2015 – 6,14), биология – 22,82 (2015 – 8,75 ), география – 22,73 (2015 г. – 8,53), химия- 21,29 балла (2015 г. – 7,72), Қазақстан тарихы – 17,3 б., дүние жүзі тарихы – 18,7 б., ағылшын тілі – 20,05 б.

Аудандар бойынша облыстың жалпы орташа балынан ең жоғары көрсеткіш – Жаңақала (30,99), Зеленов (29,20), Теректі (28,48) және Бөрлі (28,22)аудандарында.

Облыстың жалпы орташа балынан ең төменкөрсеткіш Жәнібек (25,33), Ақжайық (25,44), Казталов(26,08),Сырым (26,48)және Қаратөбе (27,27) аудандарында.

Ең төмен көрсеткіштеркелесі білім беру ұйымдарында анықталды:

Қазақ тілі пәні бойынша (орташа балл – 10,56)Зеленов ауданы, Переметный ЖОББМ (8,3 б), Бөрлі ауданы, Пугачев ЖОББМ (9,42 б.), Жаңақала ауданы, Мирманов ат.ЖОББМ (9,79) және №3 ЖОББМ (9,94), Орал қаласы, №17 ЖОББМ (9,55) және №12 ЖОББМ (9,69б).

Математика пәні бойынша (орташа балл – 15,44)Ақжайық ауданы, Бітік ЖОББМ – 8,3 б., Бөрлі ауданы, Пугачев ЖОББМ – 9,4 б., Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ– 10,3 б., Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ЖОББМ – 10 б., Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедова ат. ЖОББМ –13 б., Теркекті ауданы, Федоров қазақ ЖОББМ – 13 б.Зеленов ауданы, Переметный ЖОББМ – 13,6 б.

Физикапәні бойынша (орташа балл – 12,46) Ақжайық ауданы, Бітік ЖОББМ – 8,5 б., Зеленов ауданы, Переметный ЖОББМ - 7,5 б., Трекин қазақ ЖОББМ – 9,25 б, Казталов ауданы, Казталов ЖОББМ – 9,0 б., Қаратөбе ауданы, Қаратаев ат. ЖОББМ - 6,0 б., Қалдығайты ЖОББМ – 9,5 б.

Қазақстан тарихыпәні бойынша (орташа балл – 17,52) Ақжайық ауданы, Бітік ЖОББМ – 8,3 б., Зеленов ауданы, Трекин қазақ ЖОББМ – 10,75 б., Теркекті ауданы, Федоров қазақ ЖОББМ – 11,0 б.

Ағылшын тілі пәні бойынша (орташа балл–17,64) Қаратөбе ауданы, Қаратаев ат. ЖОББМ – 3,5 б., Қалдығайты ЖОББМ – 11,0 б. Казталов ауданы, Ақпәтер ЖОББМ – 10,0б., Жаңақала ауданы, Орақбаев ат.ЖОББМ – 10,6 б., Ақжайық ауданы, Талап ЖОББМ – 11,0 б.

География пәні бойынша (орташа балл– 17,83) Ақжайық ауданы, Талап ЖОББМ – 11,6 б., Жаңақала ауданы, Мирманов ат.ЖОББМ – 11,5 б., Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББМ– 12,5 б.

Екі жылғы ОЖСБ қорытындысын салыстырғанда көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Бұл дегеніміз оқу жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуы, негізгі пәндердің сапасыз берілуінен болса, бұл өз кезегінде оқушылардың болақшақтағы траекториясы ғана емес, кәсіби бағдар жұмысына да өз септігін тигізді. Мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшілері, пән мұғалімдеріталдау жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбейді, байқау сынақ тесттеріне дұрыс талдау жасалмайды, оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысына әсер етіп отырған факторлар анықталмайды.

Аудандық/қалалық білім беру бөлімдері мен мектеп директорлары оқу жетістіктерін сырттай бағалау қорытындыларына әсер ететін әр пәнге талдау жасау арқылы, төмен көрсеткіш көрсеткен білім беру ұйымдарына білім сапасын көтеруге бағытталған нақты көмек ұйымдастыруы, білім сапасын көтеруде басқарушылық тиісті шешімдерді қабылдауы  қажет.

Құрметті әріптестер! Ұлттық бірыңғай тестілеу— оқушының мектепте алған білім деңгейін бағалау мақсатында  өткізіледі.2004 жылдан бастап білім беру жүйесінде бұл тестілеуді енгізуарқылы Қазақстан ТМД елдері арасында тестілеу технологиясын енгізудекөш бастап тұрған елдердің бірі болып саналады.

2016 жылы ҰБТ-ға3322мектеп бітіруші қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 73,59 % құрады (2015 жылы- 68,02%), республикалық көрсеткіш -69,4%. Мектеп бітірушілердің 1192-і (26,41%) дәстүрлі емтихан тапсырды.22 түлек халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары ретінде ҰБТ-дан босатылды.

Үш жыл бойы Бөрлі (басшысы А.М.Тржанова) және Жәнібек (басшысы М.Ғ.Ғазезов) аудандарының ҰБТ-ға қатысу пайызы жоғары болып келеді.  Бөрлі ауданы:  2014 ж. – 82,96%;  2015 ж. – 77,7%;  2016 ж. – 84,39% . Жәнібек ауданы: 2014 ж. – 71,6%; 2015 ж. – 85,45%;   2016 ж. – 88,34% .

Сонымен қатар Сырым (81,05%)  және Тасқала (77,7%) аудандарының да  қатысу пайызы облыстық көрсеткіштен жоғары.

Төмен көрсеткіш – Казталов (66,59%), Жаңақала (66,51%), Зеленов (64,07%) және Шыңғырлау (63,92%) аудандарында.

Әрине, ҰБТ мектеп жұмысын 100 пайыз көрсетіп, бағалайтын көрсеткіш емес. Бірақ, 100 балл немесе одан жоғары балл жинаған, шекті деңгей жинамаған және  «қанағаттанарлықсыз» баға алған, «Алтын белгі» белгісіне үміткерлерден қорғамағанмектеп бітірушілер санынан  бұл аудандар жоғары көрсеткіш көрсетпейді.

Мектепте бұл балалардың оқуы, ҰБТ-ға дайындығы қаншалықты сапалы болды, дайындық барысындааудандық білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары, әдістемелік кабинет әдіскелері, мектеп директорлары және олардың орынбасарлары, пән мұғалімдері, педагог-психологтар жұмыстарын қаншалықты сапалы атқарды деген сұрақ туындайды.ҰБТ-ға  қатысудың аз пайызыоқушылармен сапалы дайындық жүргізуге мүмкіндік береді, яғни жоспарлы, жүйелі жұмыстар жүргізілсе, оқушылар сапалы көрсеткішке қол жеткізеді. Дегенмен көрсеткіштің төмен болуы оқушыларды тестілеуге дайындауда жүйелі жұмыстың болмағандығын көрсетеді.

ҰБТ қорытындысында орташа жинақ балл- 82,11-і құрап, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,51 балға төмен болса, республикалық көрсеткіш-81,1 балл.

«Алтын белгіге» 192 үміткер болса, олардың 90-ы  немесе 46,87 % өз білімдерін қорғады(2015 жыл -51 %), республикалық көрсеткіш-51,6%.«Үздік аттестатқа» 77 үміткерден 24-і немесе 31,16 % өз бағаларын қорғады. Облыс бойынша ең жоғары 125 балды  Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп гимназиясының  түлегі Беркінова Ақнұр жинады (мектеп директорыБ.Гарапшиев).

100-ден жоғары балл жинаған түлектер саны  - 586  немесе жалпы ҰБТ-ғақатысушылардың 17,64 %-ы құрайды.

Биыл физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 170 түлек (2015 - 133) бітірді. Соның ішінде «Алтын белгі» белгісін -4 (2015 - 7), үздік аттестатты16 (2015 - 5) оқушы алды.

ҰБТ қорытындысында Теректі– 88,15 б. (2015 г. - 91,03б.), Бөрлі – 87,43 (2015 г.- 89,23 б.), Тасқала – 86,78 б.  (2015 - 87,83б.), Шыңғарлау– 84,94 б. (2015 - 84,88б.)  аудандарының  орташа жинақ балы облыстық көрсеткіштен жоғары. Атап  өту керек, қала мектептерінің материалдық базасы (ауыл мектептеріне қарағанда жақсы болса да, Орал қаласының көрсеткіші облыс көрсеткішінен төмен – 81,66 б. ( 2015 г. - 84,75б.).

ҰБТ қорытындысында қазақ сыныптарының орташа жинақ балы – 82,23 (2015 ж. – 83,47 б.), орыс сыныптарының орташа жинақ балы-81,76 ( 2015 ж.- 83,99 б).

Қаратөбе, Казталов және Шыңғырлау аудандарында және облыстық мектептерден басқасында өткен жылмен салыстарғанда ҰБТ-ның орташа балы  төмендеп отыр.

Бөкей ордасы ауданында 9 мектептің 8 –інде (87,8%)  мектебінде ҰБТ орташа балы облыстық көрсеткіштен төмен. Сонымен қатар,Жаңақала ауданы мектептерінің 81,8%-да , Қаратөбе мен Жәнібек аудандары мектептерінің 75%-да, Сырым ауданы мектептерінің 69%-да, Казталов ауданы және Орал қаласы мектептерінің 65%-да орташа балл облыстық көрсеткіштен төмен.

Облыста 2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша 20 төмен нәтиже көрсеткен мектептер қатарында  9 ауданның білім беру ұйымдарыбар:  Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан ат. ЖББОМ  бұл тізімде екінші рет (директоры О.С.Түсіпқалиев, басшылық өтілі -1 жыл), Жаңақала ауданы, Д.Нұрпейісова ат. ЖББОМ (директорыА.М.Рахметуллина, 4 жыл) және Жаңақала ЖОББМ (директорыР.Р.Дияр,1жыл, 4ай), Жәнібек ауданы Сахипов ат. ЖББОМ (директорыГ.И.Исентаева, 27 жыл ),бұл  мектептер 2014 жылғы тізімде болды. Сонымен қатар, Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев ат. ЖОББМ (директорыМ.Х.Ақбасов, 4 жыл) өткен жылы облыстың үздік 20 мектеп қатарында болса, биыл 20 төмен көрсеткіш көрсеткен мектеп тізімінде.  Бұл тізімге үш жыл ішінде бірінші рет Орал қаласының №13 ЖББОМ  (директорыН.С.Раисов, 7 жыл), №26 ЖББОМ  (директорыГ.М.Орынғалиева, 4 жыл), №21 ЖББОМ-тері(директорыЛ.С.Шаркубенова, 3 жыл ) енді.

Бүгінгі таңда ҰБТ-ға дайындық барысын тексергенде, төмендегідей мәселелер анықталды:

- жоғарыда атап өтілгендей облыста мектептердің 59,8%-ы шағын жинақты мектептер.Оларда жаңа модификациялы кабинеттер жоқ (осыған орай, химия, биология, физика пәндерінен практикалық және зертханалық жұмыстар өткізуге жағдай жасалмаған);

- облыс мектептерінде 11 мыңнан астам педагогтар болса, олардың 23,5%-ның санаты жоқ;

- аудандық білім беру бөлімдерінде әдістемелік көмек ұйымдастырылмайды.  Барлық әдіскерлердің14%-ның еңбек өтілі 1 жылға жетпейді және санатсыз;

- кең жолақты интернетке қосылу мүмкіндігі бар (44,2%)мектептер үлесі төмен, осыған орай он-лайн режимде сабақтарға қатысу мүмкіндігі аз.

Сонымен қатар облыстағы  білім сапасының төмендеуіне әсерін тигізген кемшіліктерді атап өту маңызды. Бұл кемшіліктер Жаңақала мен Зеленов аудандарында жүргізілген кешенді тексерумен облыстық оқу –әдістемелік кабинет тарапынан көрсетілген  әдістемелік десанттар  барысында анықталып отыр. Жергілікті жерлерде (аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінде мен әдістемелік кабинеттерде)басқару  бойынша бірқатар мәселелер бар. Атап айтқанда, кадрларды, оқу процесін, қарым-қатынасты, педагогикалық инновацияларды басқаруда.

Бағаны көтермелеп қою мен бағалау әділетсіздігінің жылма-жылғы тәжірибесі оқушының дайындығына кері әсерін тигізеді, оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен өзіне сенімділігін жоғалтуға әсер етеді. Осыдан оқушылардың «Алтын белгі» белгісін, үздік аттестатты қорғай алмауы, ең алдымен бұл балаға психологиялық соққы болып табылады.

Аудандық (қалалық) білім беру ұйымдары барлық сатыдағы  оқыту сапасына,  пән бойынша аралық және қорытынды аттестаттауға талдау жасау арқылы, педагогикалық ұжымдардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтауы қажет.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті үш жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша пәндердің, оқушылардың білім сапасының төмендеуін анықтап және 9,11 сынып оқушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындау барысына қадамдық жоспар құруы керек.

Барлық педагогтар алдағы оқу жылында оқушылардың білім-білік деңгейіндегі кемшіліктерді жою бойынша  жұмыстануы тиіс. Осы мақсатта үлгерімі төмен оқушымен қосымша сабақтар ұйымдастыру қажет, жұмыс барысында көрнекіліктер мен демонстрациялық материалдар, жаңа оқыту формасы мен әдістерін қолдану қажет. Оқу барысында дифференциялды амалдар арқылы оқушылардың  психикалық функциясын (есте сақтау, көңіл бөлу, ойлау қабілет және т.б.) дамытуы керек .

Мектеп бітіру емтиханы соның ішінде ҰБТ-ға дайындық-бұл әрқашанда жауапты үдеріс.Сондықтан біздің жұмыс нәтижеміз осы үдерістің жоғары жауапкершілікпен құрылуына байланысты.

Осыған орай облыстық оқу-әдістемелік кабинет бірқатар іс-шаралар өткізді. ҰБТ-ға дайындықты жетілдіру, әдістемелік көмек ұйымдастырумақсатында  наурыз айында «ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындалу- білім сапасының артуының негізі» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға аудан, қала білім беру ұйымдарының ҰБТ бойынша жауапты маманы мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында жекелеген мектептердің ҰБТ-ға дайындық барысында тиімді жұмыстары көрсетілді,  оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмектердің  ұйымдастырылуы, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар тарапынан ҰБТ-ға дайындық барысында көрсететін жұмыстар барысы талқыланды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар тәжірибесін тарату, әдістемелік көмектер көрсету, ҰБТ-ға дайындық барысын күшейту мақсатында 23 «On-line»- кеңес өтті, оның ішінде 11-і мұғалімдерге, 12-і оқушыларға. Бұл шараларға Сырым, Бөкей ордасы аудандары педагогтарының  қатысы төмен болды.

Іс-тәжірибемен алмасу мақсатында шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын мұғалімдер ҰБТ-ға дайындықты жақсарту бағытында 16 «On-line»-сабақтар өткізді: жаратылыстану-математикалық бағытта 7 сабақ, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 9 сабақ.

Сабақтарды өткізуге және әдістемелік кеңес беруге облыстың жоғары санатты, елеулі жетістіктері бар мұғалімдерОрал қаласы, эстетикалық бағыттағы гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміО.М.Казанцева, қазақ-түрік лицейінің тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Нұртазина, Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміГ.К.Ташаева,  облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатының физика пәні мұғаліміД.Баенова, Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің химия пәні мұғаліміЗ.А.Сухина, қазақ-түрік лицейінің география пәнінің  мұғалімі А.М.Сидарова, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің биологияЛ.Г.Чернецовалар тартылды.

Жыл бойы облыстық оқу-әдістемелік кабинет аудан мектептеріне шығып, 10-11 сыныптың сабақтарына, қосымша сабақтарына қатысып, мектеп директоры орынбасарларының, әдістемелік бірлестіктің, пән мұғалімдерінің құжаттарын қарады және әдістемелік көмектер көрсетті.  Мәселелер анықталғаннан кейін әрбір мектеп бойынша ҰБТ мен ОЖСБ-ға дайындық бағытында ұсыныс жоспар құрылып, ҰБТ-ға дайындық бойынша мектеп директорларына әдістемелік нұсқаулықтар берді.

Директор – мектеп қай бағытта жұмыс жасап жатыр, мұғалімдерді іріктеу, мұғалімдермен және қызметкерлермен жұмыс, ұжымның қарым-қатынасы, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысқа бақылау жүргізеді. Балалар мектепте оқып қана қоймайды, олардың өз өмірінің көп бөлігін өткізетін үйі сияқты мектептің ішкі ахуалы да тәрбиелейді. Бұл ахуалды мектеп директоры қалыптастырады.

Директор мектепішілік басқару мен бақылаудағы басты тұлға, ол мектептегі моральды- психологиялық, материалдық- техникалық жағдайлар жасауда тиісті шешімді қабылдайды. Сонымен қатар,білім жүйесіндегі  инновациялық өзгерістерді енгізуде директордың көшбасшылық ұстанымының маңызы зор. Директор өзінің еңбегі мен жоғары кәсіби біліктілігі арқылы әріптестері мен балалар арасында беделге ие болған  жоғары педагог болуы тиіс. Бақылау мен терең талдаудың болмауы, тиісті шаралардың алынбауы, біртекті, үстірт, тиімсіз шешімдер қабылдау, мұғалімдердің кәсіби өсуінің тоқырауы, істің байыбына бармау сияқты кемшіліктер кейбір мектеп басшыларында кездеседі.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдары қызметінің маңызды сұрақтарына байланысты басшылық кадрмен жұмысты жалғастыруы қажет.

Мектеп директорлары өздерінің қызметтік міндеттерін қатаң түрде орындап, мұғалімдердің жұмыстарына әкімшілік бақылауды күшейтіп, өзінің,  орынбасарларының жұмысын жасақтап, ғылыми-әдістемелік және материалды-техникалық базаны жаңарту бағытындағы шараларды қолға алуы қажет.

Құрметті әріптестер! Наурыз айында Елбасы Парламенттің алтыншы шақырылымының бірінші сессиясында «Білім және ғылым саласында жаңа бағдарлама қабылданды. Ол өмір бойы білім алуға қайта бағдарланып, нарық сұранысына, білікті кадр даярлауға бағыт бұрды. Бұндай тәсілдеме жұмысы күшінің ұтқырлығы мен өнімді жұмыс ортасын қалыптастырады» дегендей, бүгінгі күнгі жоғары сынып оқушыларын  кәсіби бағдарлаудың өзекті екенін айтуымыз керек.

«Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарымен өндірістік құрылымдарда кәсіби бағдар беру үрдісін шоғырландырудың аса қажеттілігі туындап отыр.  Кәсіби бағдар беру- ең алдымен кәсіби қызығушылықты, қабілеттерді, еңбек нарығына бейімделу мен кез-келген мамандықты игеруде шынайы мүмкіндіктерді анықтауға қажетті жағдай туғызу».

Қазіргі кезде 2016-2017 жылдарға арналған бірқатар міндеттерді жүктейтін кәсіптік бағдар беру жол картасы жасақталды. Ата-аналармен жұмыс маңызды, себебі көп жағдайда балаларының мамандық таңдауына ықпал етеді, алайда заманауи мамандықтырға бағыттамайды. Ата-ананың баласын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға бергісі келмейтін тенденциядан кетуі қажет. Бала болашақта өз мамандығымен жұмыс жасай ма, жоқ па, ол ешкімді алаңдатпайды, маңыздысы ЖОО-ның дипломының болуы. Ал, жұмысшы мамандығы тасада қала береді. Әр мектепте мамандықтар туралы баламалық ақпараттар беруден бастап кәсіби диагностика мен қажетті дағдыны дамытуға дейінгі кешенді кәсіби бағдар жұмысын жүргізетін жауапты маман болуы керек. Кәсіби бағдар бойынша диагностика қажет, өйткені, ерте жастан баланың неге икемді екені, жеке қасиеттерін байқаукерек.. Егер ата-анаға уақытында баланың қызығушылығы мен икемділігін ескертпесе, кейін  тек мамандықтан ғана емес, өмірден де көңілі қалуы мүмкін.

Кәсіби бағдар беру жұмысы бала-бақшадан басталуы қажет. Бұл белгілі бір қарым-қатынастар жинақталған жүйелі жұмыс. Қарым –қатынас орнап, оқушының қызығушылығын оятқан өндіріс орны оны мамандыққа жетелейді, мектепті аяқтаған соң оқушы өзіне түсінікті және жанына жақын өндіріске барады, ал өндіріс орны өз кезегінде оқушыны дуальдық серіктестік жүйесінде жұмыс жасайтын колледжге бағыттайды. Колледж мен мектеп тығыз байланыста болу керек. Кәсіби бағдар беру мәселесі тек өзекті ғана емес, нақты шешімді қабылдау мен тиісті көңіл аударуды талап етеді.

Аудандық (қала) білім беру ұйымдары бейінді бағыттағы кәсіби бағдар беру жұмысын жоғары сыныптарда жандандыруды, факультативті сабақтардың берілуін, мамандық таңдауда толыққанды көмек ұйымдастырылуын қадағалауы қажет. Жастар ресурстық орталықтарымен, әлеуметтік желілер, БАҚ қолдану арқылы жұмысты жүйелі жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.

Құрметті әріптестер! Мұғалім – жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуді дамытатын басты тұлға. Тек мұғалім ғана оқушылардың белсенді оқу-танымдық, тәрбиелік және қоғамдық қызметін ұйымдастыра алады. Сондықтан мұғалімдердің кәсіби шеберлігін диагностикалау мен бағалау білім сапасын арттыру құралы болып есептеледі.

Наурыз айында 177 мұғалімнің қатысуымен пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өткізілді.  Олимпиаданың теориялық бөлімінде мұғалімдердің өз пәні бойынша теориялық мақсатын анықтау мақсатында тест өткізілді. Практикалық бөлімінде мұғалімдер әр түрлі деңгейде тапсырмалар орындап,талдаулар жасады, эссе жазды, логикалық есептер шығарды.

Жеңімпаздар болып Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі С.М.Оразғалиева, облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М.Исмагулова, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласынын №1 ЖОББМ-нің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Б.Нұрышева,облыстық  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатыныңорыс сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.П.Наугольнова, Орал қаласы, №44 ЖОББМ-нің қазақ сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С.Мырзашева, Орал қаласы, №7 ЖОББМ-нің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Г. А.Шандырова,Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің тарих пәні мұғаліміА. Б. Уртаева,  Бөкей ордасы ауданы, Бабажанов ат. ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Р. К.Жахатов, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова ат. мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Ш. Т.Қаратаева, Орал қаласы, №35 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғаліміО. В.Галкина, Ақжайық ауданы, Г.Махамбетов ат. ЖОББМ-нің химия пәнінің мұғалімі О. Н Қалыбаевтар танылды.

Мұғалімдеріміздің белгілі бір деңгейде жеткізген жетістіктері де баршылық. Қыркүйек айында Алматы қаласында Қазақстанның математика мұғалімдерінің АссоциациясыІІІ Республикалық математика және физика пәндері мұғалімдерінің арасында шығармашылық байқау өткізді. Математика мұғалімдері арасында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің мұғалімі Б.Б. Кабасов ІІІ орын иеленді.

Наурыз айында облыстық математика мен физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқау өтті. Байқаудың мақсаты - пән бойынша олимпиадаға дайындайтын, өзін-өзі жетілдірумен айналысатын, кәсіби тұрғыда өз мамандығын игерген мұғалімдерді айқындау.  Байқауға облыстың 31 мұғалімі қатысты, 17 мұғалім математика пәні, 14 мұғалім физика пәні. Математика пәні мұғалімдері арасында облыстық байқаудың жеңімпаздары болып  Ақжайық ауданы, Абай ат. мектеп гимназиясының мұғалімі  А.Б Баймуханова, физика пәні мұғалімдері арасынан Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп гимназиясы Г.Ш.Упағалиевалар танылды.

Сәуір айында Атырау қаласында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстары арасында, математика пәні мұғалімдерінің ІІІ аймақтық «Математикалық регата» турнирі өтті. Турнирге әр облыстан 2 команда қатысып, соның ішінде Батыс Қазақстан облысынының «Квант» және «Батыс» командалары қатысты. Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп лицейінің мұғалімдерінен құралған «Квант» командасы мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин ат. №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты және Орал қаласы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы №41 мектеп лицей мұғалімдерінен құралған «Батыс» командасы ІІ орындарға ие болды.

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 3-4 мамыр күндері Қостанай қаласында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты XI Республикалық педагогикалық олимпиада өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша физика пәні мұғалімдері арасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин ат. №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің мұғалімі А.А. Абдыгалиев ІІІ орынға ие болды.      14-15 мамыр күндері Алматы қаласында Қазақстанның математика мұғалімдерінің Ассоциациясы ағылшын тілінде математика және физика пәндерін беретін  мұғалімдері арасында олимпиада өткізді. Батыс Қазақстан облысынан 2 математика және 1 физика пәні мұғалімдері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Б.Б. Кабасов ІІІ орын, облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Е.С. Серікбаев ІІІ орынды иеленіп, облысымыздың мұғалімдері командалық есепте І орын алды.

Бұл мұғалімдер өз пәндері бойынша нақты білімдерін көрсетіп, кәсіби шеберліктерін дәлелдеді және олар жаңа идеяларды, педагогикалық шешімдерді іздестіруде екендігімен ерекшеленді.

Аталған мұғалімдерді құттықтай отырып, денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Сіздердің әрқайсысыңыз облысымыздың білім жүйесінің дамуына өз үлестеріңізді қостыңыздар.

Мұғалім жұмысының нәтижесі оқушыларының жүз пайыз үлгерімімен және пәнге деген қызығушылығымен байқалады. Өз пәні бойынша төмен нәтиже көрсететін мұғалім бұған қалай жетеді? Аудан деңгейінде мұндай «таңдап алған»  мұғалімдер аз емес: бастауыш сынып бойынша - Сырым және Жаңақала аудандарында, қазақ тілі бойынша – Казталов ауданы, №8 ОДБАММ, орыс тілі бойынша – Тасқала ауданы, биология пәні бойынша – Казталов және Жәнібек аудандары, география пәні бойынша – Жәнібек, Шыңғырлау және Теректі аудандары, химия пәні бойынша – Тасқала, Бөкей ордасы және Бөрлі аудандары, Қазақстан тарихы бойынша – Ақжайық ауданы, дүние жүзі тарихы пәні бойынша – Жаңақала ауданы мұғалімдері. Бұның себебі,байқаулардың аудандық деңгей өткізілмейтіндігі немесе төмен деңгейде өтеді. Осыдан -ақ,  оқыту сапасының өзекті мәселеекендігі айқын көрінеді.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер жұмысының ең тиімді компоненттерін анықтап,  осы бағытта жұмыстануда табысқа жетіп жүрген мұғалімдердің тәжірибесін зерделеп, оқушылардың білім сапасын көтеруде бірқатар жұмыстар жүргізуі қажет.

Аудандық білім беру бөлімі сынып, пән мұғалімдері, әр пән бойынша  білім сапасының көрсеткішіне жүйелі мониторинг өткізуі керек.

ҚР Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды  орындай отырып, «өмір бойы білім алу»  әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы керек».  Облыста 3-ші жыл «Зерде»озат тәжірибе мектебі жұмыс жасайды. «Зерде» мектебінің жұмыс мазмұны - мұғалімдерді инновациялық ресурспен қамту, дарынды балаларды жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың барлық кезеңдеріне дайындау әдістерін жетілдіру, инновациялық орта құру. Мектеп тыңдаушылары – облыстық, қалалық, аудандық білім беру ұйымдарының мұғалімдері.

Сабақты М.Өтемісов атындағы БҚМУ-тің мұғалімдері мен облыстың алдыңғы қатардағы мұғалімдері өткізді.

«Зерде» мектебі жұмысының биылғы жылғы ерекшелігінің бірі - география пәнінің қосылуы.

Ағымдағы жылдың наурыз айында гуманитарлық пәндер бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу бағытында «Лингвист» мектебі жұмысын бастады.

Мектепке жоғары, бірінші санатты 84 мұғалім қатысты, олардың ішінен 49 қатысушы облыстық, аудандық, қалалық мектептердің мұғалімдері. Талдау  қорытындысы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н.В.Замниборщ (№35 МЛ), О.А.Быкова (№20 ЖОББМ), Э.А. Траисова (№34 МГ), Е.В. Васильева (ЭБГ), А.Ж Ибрагимова (№11 ОДБАММИК); ағылшын тілі пәні мұғалімдері Г.В.Тимофеева (№35 МЛ), А.Н.Бисенғалиева (№11 ОДБАММИК), А.В. Графкина (ШГВО), Е.И. Коломицкая (№9 ЖОББМ), Е.М.Қадыргалиева (№28 МЛ); қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.С.Атош (№11 ОДБАММИК), Г.К.Ташаева (№35 МЛ), Р.К. Мұхамбетқалиева (БҚМУ), У.Р. Ержанова (БҚМУ), Г.У. Таскариналардың  (№38 МЛ) жұмыстары ерекше аталды.

Қазақстанда интеллектуалды ұрпақ қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасыдарынды балалардың білімі мен тәрбиесін жетілдіруді, олардың қабілеті мен дарынын дамыту үшін қажетті жағдай жасауды мақсат етеді.  Бұл жағдайда білім және ғылым бірінші кезекте тұруы керек.

Біздің облысымызда дарынды балаларды қолдау бағытында жоспарлы  жұмыстар атқарылуда.

«Дарын» қосымша білім орталығы (Г.Г. Орынғалиев) интеллектуалды  дарынды жастарды білім әлеміне жетелеуші болып табылады.

Биылғы оқу жылы мектептегі білімнің түрлі бағытын қамтитын интеллектуалдық жобаларға толы болды. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары бойынша түрлі сайыстарға қатысты.

Ағымдағы жылдың  14-19 наурызында Көкшетау қаласында жаратылыстану-математика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өтті. Батыс Қазақстан облысының олимпиадалық құрама командасы 2 алтын,   5 күміс, 8 қолы медальды олжалап, жалпы командалық есеп бойынша ІІ орыннан көрінді.

25-30 наурызда Петропавл қаласында оқушылар арасында қоғамдық-гуманитарлық пәндер: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиада өткізілді.  Батыс Қазақстан облысының құрама командасы 1 алтын, 7 күміс, 3 қолы медальмен марапатталып, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.

Биылғы жылы халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысқан жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушыларының 28-і жеңімпаз атанды.

Тұңғыш рет физика пәнінен халықаралық олимпиадада облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сәрсен Әділхан қола жүлдегері атанды.

Республикалық және халықаралық деңгейдегі интеллектуалдық жобалар өте жоғары білімділікті қажет етеді, оған жету үшін мектепшілік, аудандық (қалалық), облыстық кезеңдердің жеңімпаздары атанулары қажет. Осы мақсатта «Дарын» қосымша білім орталығы мектеп жоспарына сай барлық пәндер бойынша жұмыстанып, жұмыс бағыттарын жыл сайын түрлі шаралармен толықтырып, жаңартып отырады.

Құрметті әріптестер! Орта білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ететін келесі маңызды бөліктің бірі мектеп жанындағы интернат желісін дамыту және оқушылардың күнделікті тасымалын ұйымдастыру болып табылады. Облыс бойынша 2089 оқушыны қамтыған 57 мектеп жанындағы интернат  жұмыс жасайды. Сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін  тиісті мектептері жоқ 99 елді-мекендерден 59 жалпы білім беретін мектептерге 3597 (100%) оқушы күнделікті тасымалданады.

Өткен оқу жылында оқушыларды тасымалдауға арналған барлық автокөлік санынан (66 бірлік) 55-і немесе 83,3% -ы мектептерге тиесілі. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектеп болмаған жағдайда оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдар құзыретіне жатсады. Қазіргі таңда Зеленов, Казталов, Тасқала аудандарында және Орал қаласында күнделікті оқушыларды тасымалдауды мектептер ұйымдастыруда.

Зеленов ауданы және Орал қаласында оқушылардың тасымалын ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу барысында балалардың тасымалын ұйымдастыруда талаптардың сақтау бойынша елеулі кемшіліктер бар екенін анықталды.

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері бастауыш немесе негізгі мектептері бар елді мекендерде мектеп бітірушілерінің әрі қарай білім алуларына жағдай жасауы қажет. Оқушылардыңтасымалын қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес ұйымдастыру қажет.

Құрметті әріптестер! Мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп танып, балалардың қоғамда толық қанды өмір сүру құқығының басымдық қағидаттарын негізге  алады. Білім алу құқығы – тұлғаның және қоғамның толық дамуына жағдай жасайтын, адамның басты конституциялық құқығының бірі.

Жалпыға міндетті оқумен қамтамасыз ету бойынша жыл сайын оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару мақсатында рейдтік, аула (пәтер) аралау шаралары, «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Түнгі қаладағы балалар» акциялары өткізіледі.

2015 жылғы «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 19 512 балаларына 101,4 млн. теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 11 157 балаға 51,9 млн. теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Жыл сайын әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек қолын созып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған демеушілер қатары көбейіп келе жатқанын атап өтуге болады. Бірнеше жылдан бері ішкі істер департаментінің қызметкерлері қомақты көмеккөрсетуде.Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қаратөбе,Теректі аудандарда және Орал қаласында материалдық көмек сомасы айтарлықтай өсті. Алайда, Зеленов ауданы мектептерінде аз қамтылған отбасы балаларына көрсетілген көмек, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды.

2015-2016 оқу жылының аяғында себепсіз сабаққа қатыспаған 39  оқушы анықталды, олардың 13-і мектепке қайтарылды, 26 оқушы мектепке бармауын жалғастыруда (2015 жылы - 16). Себепсіз сабаққа қатыспаған оқушылардың ең көп саны: Орал қаласында (18), Ақжайық (2), Зеленов (2), Сырым (2)  мектептерінде.

2015-2016 оқу жылында Жаңақала, Зеленов, Ақжайық және Теректі аудандарының білім беру бөлімдері және мектептерін балаларды міндетті жалпы орта біліммен толық қамтамасыз ету барысын зерделеу барысында білім беру бөлімдері және мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыруда және мектеп оқушыларының қүнделікті сабаққа қатысуын жүйелі бақылауға тиісті деңгейде көңіл аударылмайтыны, мектепішілік құжаттамалардың жүргізілуіне бақылау төмендегені анықталды. Мысалы, Зеленов ауданының Камен орта мектебінде 2015-2016 оқу жылының басында 6 сынып оқушысы 1 және 11 қыркүйек  аралығында, Теректі ауданының  Подстепный №1 мектебінің 4 сынып оқушысы 9 қаңтардан бастап 6 ақпанға дейін себепсіз мектепке келмесе де, аталған мектептердің әкімшілігімен аталған деректер ай сайынғы есепте көрсетілмеген және дер кезінде алдын алу жұмыстары жүргізілмеген.

Сондықтан  білім беру бөлімдері, мектеп басшылары мектеп жасындағы балаларды есепке алуда бақылауды күшейту және оқушылардың сабаққа қатысуына күнделікті бақылау жүргізу бойынша тиісті іс-шаралар алуы қажет.

Құрметті әріптестер! Қазіргі таңдағы мектептің басты міндеті – балаларға денсаулықтың құндылығын және салауатты өмір салтының мағынасын ұғынуға көмектесу, өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

Облыс бойынша мектептік тамақтандыруды ұйымдастыруда мақсатты және жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде. Мектептік тамақтанудың қауіпсіздігі бойынша шараларды күшейту мақсатында білім басқармасы,  тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және кәсіпкерлер Палатасы арасында өзара ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Білім басқармасымен бірыңғай перспективалық ас мәзірі жасақталып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен келісілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 153 қаулысымен «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілді. Бұл қызмет, ішінара автоматтандырылған және электрондық үкіметтің порталы арқылы электрондык форматта алуға қол жетімді.

Облыстың 361 немесе 92,8% мектебінде 70764 оқушыға немесе  77,5%-на  ( 2015ж. - 79,6%) ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың 99,5% немесе  жекелеген санаттағы білім алушылар қолданыстағы заңңамаға  сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Бұдан басқа, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Теректі аудандарының ыстық тамақ ұйымдастыруға жағдай жоқ бастауыш мектептерінде,  301 оқушыны қамтыған тегін буфеттік тамақтану ұйымдастырылды.

Ақылы ыстық тамақпен барлығы 13 857 оқушы немесе 19,6% -ы қамтылған. Ақылы ыстық тамақ Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандарында ұйымдастырылмаған.

Сонымен бiрге, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бөлігінде проблемалық мәселелерде бар болса, соның ішінде мектеп асханаларын жаңа технологиялық құралдармен жабдықтау болып табылады.Облыс бойынша мектеп асханаларының 17,6%-ығана жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған. Бөрлі ауданында ғана барлық мектептер асханасы жаңа технологиялық құралдармен қамтамасыз етілген.

2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдарының оқушыларға  сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстарын зерделеу барысында заңнама нормаларының бұзылғаны анықталды, атап айтқанда білім алушылардың жекелеген санаттарына арналған мектептік бір мәрте тамақтандыру нормаларын сақтамау және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бөлігінде.

Мектептердің медицина қызметкерлерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы және оны бақылау өз дәрежесінде емес, сонымен қатар мектептік тамақтандыру ұйымдастыруда мектеп әкімшілігі, комиссия тараптарынан бақылау жүргізілмейді.

Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне оқушыларға сапалы және қауiпсiз тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-эпидемиологиялық  талаптар мен тамақтандыру нормалардың сақталуына бақылауды күшейту, тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын жандандыру қажет. Оқушылар арасында дұрыс тамақтану дағдыларын насихаттау мақсатындағы жұмысты мектептің тәрбие жұмысы жүйесі және ата-аналармен жұмыс арқылы күшейту керек.

Балалардың денсаулығын қорғау және балалар денсаулығын дамыту мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындалды. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде 273 медициналық кабинет (жалпы білім беретін мектептің 70,2%), 30 стоматологиялық кабинет жұмыс жасайды.

Балалардың денсаулығын нығайту үшін жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық қарау өткізіледі, салауатты өмір салтының, дұрыс тамақтану, дене шынықтыруды белсендіру принциптері  насихатталады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, профилактикалық медициналық тексеруден өтуге тиіс балалардың 97%-ы қамтылды. Олардың ішінен балаларда 25,5% -да ауытқушылық анықталса, оның 54%-ы сауығып, 12%ы диспансерлік есепке алынды.

Балалар денсаулығын сақтау саласында да проблемалар бар - балалардың сырқаттануы әсіресе, оқу үрдісі кезінде жоғары.

Осыған байланысты оқушыларды сапалы, дәрумен қосылған тағамдармен қамтамасыз ету және баланың мінез-құлқы стилінің басымдылығы ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары шешілуі керек.

Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру

Құрметті әріптестер! «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам ұлттық  жоспарында» патриоттық тәрбиені белсендендіру идеясы нақты айқындалған. Патриот болу - өз тарихына сүйіспеншілікпен және құрметпен қарау ғана емес, өте маңызды, дегенмен, ең алдымен елге және қоғамға қызмет ету. «Мәңгілік Ел» идеясы жастар үшін ортақ мақсат және біріктіруші ұран болуы тиіс. Жастарға патриоттық тәрбие беру - бұл еліміздің мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі.

Өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, әскери қызметтің беделін арттыру мен  әскери-патриоттық клубтарды дамытуда  2170 оқушыны қамтыған 145 әскери-патриоттық клубы жұмыстанады. Жыл сайын республикалық "Алау", "Жас Ұлан" сайыстарының облыстық кезеңдерінің өткізілуіне қызығушылық артуда.

Өткен оқу жылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында алғаш рет республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Қорытындысы бойынша біздің облысымыздан қатынасқан «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы бірнеше номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, төтенше жағдайлар туындаған кезде өзінің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне саналы және жауапкершілік қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында көптеген шаралар өткізілді. Соның ішінде 13-16 жас аралығындағы "Жас құтқарушылар" тобының облыстық слетінің жұмысын айрықша атап өтуге болады.

Балалардың  жолда, көліктерде және көшедегі қауіпсіздік туралы қажетті білім, білік, дағдыларын ала алатын және алуға тиіс негізгі орны жалпы білім беру мектептері болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жолда жүру ережелері, өмір қауіпсіздігі негіздері оқытуды ұйымдастыруды көздейді. БҚО ІІД-нің деректері бойынша ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 28 жол-көлік оқиғалары болған, соның салдарынан 30 бала мен жасөспірім жарақат алған (2015 жылы – 33  ЖКО, 38 бала жарақат алды).

Аудандық білім беру бөлімдеріне, мектеп әкімшілігіне жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын-алу жұмыстарын насихаттау жұмыстарын жандандыру, жолда жүру ережелерін оқыту сабақтарының сапасын бақылау, қорғаныс нысандары, жол қозғалысы ережелері органдарымен бірлесіп әскери-патриоттық клубтардың жұмыс формалары мен әдістерін жетілдіру, төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуді жандандыруы қажет.

Құрметті әріптестер! Оқушылардың денсаулық жағдайы, олардың әлеуметтік әл-ауқатының жағдайы - мемлекет пен қоғамның бүгінгі әл-ауқатының көрсеткіші ғана емес, болашаққа болжауы да болып табылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған мектеп жұмысы кәсіби және бірыңғай жүйеде денсаулық сақтау және денсаулықты қалыптастыру  технологиялары жүзеге асырылғанда ғана толыққанды және тиімді болып саналады, ал оны тек қана білікті арнайы дайындалған педагог-тәрбиешілер ғана өткізуі керек.

Өкінішке орай, облыстық наркологиялық диспансердің ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметі бойынша кәмелетке толмағандардың 29-ы есепте тұр, оның ішінде есірткі заттарын қолданғаны үшін 4, (Бөрлі ауданынан-1, Орал қаласынан-3), токсикологиялық-14 (Зеленов ауданынан-2, Бөкей ордасы ауданынан-1, Жәнібек ауданынан-1, Орал қаласынан-9), «алкоголизм» диагнозымен 13 (Бөрлі ауданы-2, Теректі ауданы-1, Тасқала ауданы -1, Зеленов ауданы-1, Орал қаласы-8).

ІІД мәліметтері бойынша облыс бойынша ағымдағы жылдың 5 айында кәмелетке толмағандармен жасалған  77 қылмыстық факті (2015 жылы осы кезеңде - 72 факті) тіркеліп, 1,4% - ға өскен, оларға қатысқан кәмелетке толмағандардың саны- 49, оның ішінде 28-і мектеп оқушылары (2015 жылы-34), колледждерден - 21 (2015 жылы - 15).  Құрамында 311 бала  бар (2015 жылы - 430) 182 тұрмысы қолайсыз отбасы (2015 жылы - 254)  есепке тіркелген, балалар мен жасөспірімдердің профилактикалық есебінде тұрғандар саны -162 (2015 жылға -311).

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту үшін ІІД-мен бірігіп облыстық жас полиция көмекшілерінің байқауы өткізіліп, жылдан жылға бағдарламасы жетілдіріліп келеді. VIII облыстық «Жас сұңқар – 2015» жас полиция топтарының облыстық байқауының бағдарламасына жаңа «Полиция қызметкері өмірінен бір күн» видеожобалар байқауы енгізілді.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Сырым ауданының «Сұңқар» тобы, ІІ орынға Орал қаласы мен Ақжайық ауданының жас полиция топтары  лайық деп танылса, ІІІ орынды Бөрлі, Бөкей ордасы және Казталов аудандарының оқушылары бөлісті.

Аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, білім беру ұйымдарының басшылары аудандық және қалалық құрылымдармен жүзеге асыратын жұмыстарды жандандыру, өмірдің қиын жағдайындағы балалар мен жасөспірімдерге көмек және қолдау көрсету; құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша білім алушыларға жүйелі, жоспарлы түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуі қажет.

Құрметті әріптестер! Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметі оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың өзінің дене және психикалық денсаулығына саналы қарым-қатынасын, маңызды әлеуметтік дағдыларын бейімдеуге табысты ықпал ететін, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын-алуға, мектеп оқушыларын сауықтыру іс-шараларымен барынша қамтылуын қалыптастыруға бағытталуды мақсат етеді. Оқу жылының қорытындысы бойынша облыс мектептерінде спорттың түрлері мен әр түрлі бағыттары бойынша 1659 секциялар жұмыс істеп (өткен жылмен салыстырғанда 401 секцияға артық), оларда   33050 (36,1%) оқушы қамтылды. Спорттық жарыстар - оқушының дене шынықтыру дайындығын арттырудағы ең ықпалды шаралар болып табылады. Әсіресе моральдық-ерік және мінез-құлқын қалыптастыру үшін спорттық жарыстардың мәні зор.

2015 жылдың 1-10 қазан күндері оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына және спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында кіші футболдан облыстық мектеп лигасы турнирі өтті.

Шағын футбол турнирі бірінші минутынан соңына дейін қызу өтті, өйткені аталмыш турнир тек қана ойын емес, балалар үшін әсіресе, команда жаттықтырушылары (дене шынықтыру мұғалімдері) үшін мектептің ең үздік командасын құру, өздерінің нәтижелерін көрсету мен жүлделі орынға ие болу мүмкіндігін берді. Турнир қорытындысы бойынша 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында I-орынды Бөкей ордасы ауданының М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нің құрама командасы; қыздар арасында Теректі ауданының Подстепный қазақ ЖОББМ-нің құрама командасы; 1999-2000 ж. т. жасөспірімдер арасында I орынды  Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖББОМ-нің құрама командасы; қыздар арасында Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-нің құрама командасы иеленді.

Ағымдағы жылдың 1 наурыз – 15 мамыр аралығында Ақжайық, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында мектеп және колледж оқушыларының арасында 17 спорт түрі бойынша дәстүрлі жазғы Спартакиада өткізілді. Спартакиадаға облыстық мектептердің, колледждің және 12 аудан мен Орал қаласынан барлығы 2200-ден астам оқушылар қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Теректі ауданы, ІІ орынды – Бөрлі ауданы, ІІІ орынды – Орал қаласы иеленді.

Сәуір айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  «Мен – чемпионмын» атты спорттық ойын өткізілді. Ойынға 8 команда (96 оқушы) қатысты. Ойын қорытындысы бойынша І орынды Тасқала ауданының Шежін орта мектеп-балабақшасы ойыншылары иеленді.

Оқу жылы Орал қаласының «Ақжайық» футбол клубы стадионында балалар мен жасөспірімдердің футболдан «Былғары доп» облыстық кезеңін өткізуімен аяқталды.

Турнирге үш жас ерекшеліктері бойынша барлығы 24 команда, 384 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандары командаларыныңжоғары дайындығын атап өтті.

Денешынықтыру және оқушыларды спорттың әр түріне тарту жұмыстарында елеулі мәселелерде кездеседі. 239 мектепте типтік, ал 60-да бейімделген спорт залдары бар. Білім беру ұйымдарының толықтай спорттық залдармен қамтылуы – 72 %, спорттық құрал-жабдықтармен қамтылуы  – 68%-ды қарап отыр.

Аудандық білім беру бөлімдері мектептің материалдық-спорттық базасын нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, стадиондар, мектеп жанындағы алаңдарды жаңарту және жаңадан құрылысын жүргізу бағытында жұмыстануы керек. Мектепте эмоциялық жағымды және психологиялық орта құру қажет, сондай-ақ педагогтардың, ата-аналардың және оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты ықпал ету, дене шынықтыру сабақтарының өткізілу сапасын арттыру қажет.

Құрметті әріптестер! ҚР "Білім туралы"  Заңында оқушылардың білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатын орындау, тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі ретінде қосымша білім беруді қарастырады.

Қосымша білім беру оқушының тұлғалылық өсуі үшінжағдай жасайды, баланың бейімділігі мен өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмектеседі, әр түрлі білім беру қызметініңнысандары мен оқушылардың бос уақытының үйлесімін қамтамасыз етеді.

Облыста 57 қосымша білім беру ұйымдарында 55 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қамтылған. Облыс бойынша оқушылардың жалпы санынан қосымша біліммен қамтылғаны - 60,5%-ды құрайды.

Қосымша білім беру жүйесінде мектептің  тәрбие жұмысының негізгі мақсаты- «оқушылардың қабілеттерін ашу, дамыту және жүзеге асыруға» қол жеткізу үшін оңтайлы жағдай жасауға болады.Оқушылартуристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық қызметімен, көркем және техникалық шығармашылықпен, зерттеу жұмыстары және спортпен айналысады.

Облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмысы (директоры Фомин В.П.) мемлекет басшысы ұсынған «Ұлт жоспары -100 нақты қадам» бағдарламасы  мен  бес институционалдық реформасының бағдарламаларын, атап айтқанда, стратегиялық инвесторларды тартуға,  табысты тәжірибесі бар туристік кластерлер құруға, "Мәңгілік ел" патриоттық акт жобасын әзірлеуге және  «Үлкен ел – үлкен отбасы» Қазақстан халқы Ассамблеясының ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған.

Жас туристердің туристік-өлкетану жұмысының түрлері әр алуан.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, спорттық туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында «Ең үздік туристік маршрут» байқауы, «Менің Отаным-Қазақстан» облыстық слеті, «Хрустальды шоқыр» жүлдесінің V облыстық байқауы, экскурсиялық бағдарлау жарысы, «Орал қаласы – Түркістан қаласы – Отырар қаласы - Түркістан қаласы- Орал қаласы» бағыттары бойынша «Қазақстанның Жеті кереметі» аймақтық туристік - экологиялық экспедициясы, М.Шолохов мемориалдық музейіне экскурсиялық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Біздің облысымызда балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту республикалық деңгейде жұмысты жандандыруға және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

«Ұлы Дала Елі» («Менің Отаным Қазақстан») экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану экспедициясының республикалық слетінде облыс командасы  (жет.Неталиева Қ. Е., Кайрлиева К. Ж., Абилпейсов Ж.) жалпы командалық 1 орынға ие болды, облысымыздың «Батыс-West 4» командасы ҚР кубогіне жасанды рельефте тау туризмі техникасы бойынша жарыста абсолютті чемпион атанды, «Юниоры» санаты бойынша команда (жет. Досқалиев М., Тасқала ауданы) жаяу туризм бойынша ҚР чемпионатында нормативтерді орындап, спорт шеберінің кандидаттары мәртебесін растады. Республикалық спорттық бағдарлау бойынша чемпионатқа қатысып І орында алған  Н.Иргусаева (Зеленов ауданы Қ. Аманжолов ЖББОМ) 2015 жылдың 22-27 желтоқсан күндері Гонкгонгте өткен І Азия чемпионатына жолдама алып,нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша екі жүлделі орындарды еншіледі.

Туристік-өлкетану саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға басым мән беріледі, ең алдымен көршілес жатқан Ресей Федерациясының облыстарының білім беру ұйымдарымен. Туризмнің түрлі бағыттары бойынша жүйелі түрде бірлескен жарыстар, ғылыми конференциялар,  іскерлік кездесулер және тәжірибе алмасу семинарлары өткізілді. Мысалы, ынтымақтастық әлеуеті мен жаңа мүмкіндіктерді іздеуге арналған V Еуразиялық экономикалық "Оренбуржье-2015" форумы  және  Башқұртстанның балалар сауықтыру, туризм, өлкетану және экскурсия орталығында көшпелі семинарға қатысты.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудағы жетістіктері үшін  республикалық үйлестіру кеңесінде қабылданған ұсынымдары бойынша облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының аталған бағыттағы жұмыстары республика көлемінде таратылуға ұсынылды.

Құрметті әріптестер! Облыста балалар қозғалысын дамытуға, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.Бұл жұмыстардың негізгі үйлестірушісі және идеялардың демеушісі болып «Өркен» қосымша білім беру орталығы (директоры А.Т.Қожанғалиев) табылады. Осы бағытты дамыту үшін жыл сайын бірқатар тақырыптық іс-шаралар, конкурстар, слеттер балалар қоғамдық бірлестіктерінің, акциялар мен форумдар ұйымдастырылады. «Өркен» қосымша білім беру орталығы жұмысының ерекшелігі қазіргі заманғы стиль, креативті ойлау және қойылған міндеттерді ерекше тәсілмен орындау болып табылады. Өткен оқу жылында орталық педагогтармен 80-нен астам әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оның қорытындысы болып  «Ұланымыз ұлы елдің» атты  жас көшбасшылар аймақаралық форумы табылады. Біздің облысымыздың жас көшбасшылары Ақтөбе және Атырау қалаларының оқушылармен бірлесіп, тәжірибе алмасып, тренингтерге қатысты.

«Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы оқушыларының форумы аясында көшбасшылық қасиеттерін айқындайтын оқыту-тренингтерін ұйымдастырылып, өздерінің негізгі жұмыс бағыттарымен бөлісті.

Облыстық  экологиялық – биологиялық орталығы мектепоқушыларымен экологиялық, натуралистік жұмысты  ұйымдастыруда әдістемелік үйлестіруші  (директоры Ф.Г.Кержикова) болып табылады. Балаларды табиғатты аялауға үйрету, зерттеу жұмыстарына қызықтыру мақсатында орталықтың базасында балабақша тәрбиеленушілерінен бастап 522 оқушыны қамтыған 39 үйірме жұмыс жасайды.

Оқу жылындаүйірме мүшелері шығармашылық жұмыстарда бірнеше жетістіктерге жетті. «Следопыт» үйірме мүшелері Фонякова Елизавета мен Медведева Алика (жет. Н.С.Антипова) халықаралық «Пони» байқауына қатысты. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан республикалық байқауларға  Батыс Қазақстан облысы оқушыларының отыз жұмыстары жіберілді. Соның ішінде екі тәрбиеленушілердің жұмыстары Иванова Владислава (жет.Н.С.Антипова) және Үмбетова Айша (жет.А.М.Құлмажитова) жүлделі орындарға ие болды.

Оқу жылы бойы «Саябақтар шеруі» акциясы, «Гүлдер әлемі»    фестивалі, «Күзгі өнімдер», «Мектеп бригадасының тұрғылықты жерлерді абаттандыруы және жасылдандыруы», «Мектеп жанындағы  үздік оқу – тәжірибе үлескесі» байқаулары, «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» күніне арналған, «Балалар бастауы - 2016» балалардың әлеуметтік жобаларының «Болашақ энергиясы» атты облыстық байқауы, экологиялық білімнің тұрақты даму үшін «Үздік балалар бизнес-жобасы», облыстық жас натуралистер мен экологтар форумы. Орал қаласы, Тасқала және Бөрлі аудандарының оқушыларыэкологиялық қызмет бойынша ең белсенді болып табылады.

Техникалық шығармашылықты дамыту және насихаттау, оқушылардың техникалық үйірмелерге жаппай тарту, балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану мақсатында әр түрлі іс-шаралар облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығымен (директоры Р.Ш.Шоңыраев) ұйымдастырылады: отбасы күнін мерекелеу шеңберінде республикалық апталық аясында «Отбасы – бақыт мекені» атты фотосурет байқауы, «Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы, «Алғашқы ұстазыма сыйлық» атты қол өнер байқауы, «Мектеп табалдырығынан ғылымға» көрме-байқауы, кеме үлгілері және робототехника бойынша жарыс, техникалық шығармашылық мен рационализатор жарыстары, т.б.

Облысымыздың жас техниктері дәстүрлі түрде республикалық және халықаралық іс-шаралардың жеңімпаздары атанды. Облыс командасы республикалық астрономиялық турнирден жалпы командалық бірінші орынды иеленді.

Республикалық «Болашаққа қадам – баламалы энергия көздері» балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы байқауының қорытындысы бойынша Насипов Әділ (Орал қаласының №19 ЖОББМ) және Маратұлы Жанатбек (Ақжайық ауданының Ж.Молдағалиев ат.ЖОББМ)         І орынға ие болды.

2016 жылдың  6-10 сәуір  күндері Байқоңыр қаласында  «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХІІ Халықаралық  ғарыштық зеттеулер бойынша ғылыми жарыс өтті. Жарысқа Қазақтан Республикасы мен Ресей Федерациясынан 600-ге тарта оқушы қатысса, олардың ішінде Орал қаласынан 6, Тасқала ауданынан 1 оқушы, Казталовка ауданынан 1 оқушы болды. Байқау қорытындысындаоблыстың 6 оқушысы жеңімпаз атанды.

Ресей Федерациясы Королев қаласында 2016 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» ғылыми-зерттеу жобалар Халықаралық олимпиадасында Орал қаласының №36 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Сағидолла Сердолла (жетекшісі – Х.М.Сармалаев) 3 орын иеленді.

Заманауи адамның ғылыми және практикалық дайындығының талаптарын арттыруда жас ұрпақты дайындайтын оқытушылардың рөлі мен олардың жауапкершілігі артады. Қазіргі өндіріс қызметінің жағдайында білікті жұмысшыдан, инженер және техниктен қолдану техникасының ең кең адами спектр қабілеттерін,өзгеше жеке физикалық және интеллектуалдық қасиеттерін дамытуды талап етеді.

Сондықтан, ғылым, техника және технологияның заманауи деңгейін дамытуға бейімделген балалар мен жасөспірімдердің ғылыми техникалық шығармашылығын жүйесіндамыту – заманауи мектептердің негізгі міндеттерінің бірі.

Техникалық шығармашылықпен барлық оқушы санының – 1,9%-ы қамтылса, ал қосымша білім беру ұйымдарының жалпы санынан 3,5% -ы техникалық шығармашылық ұйымдары.

Білім беру бөлімдері мен облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығы балаларды және жастарды ғылыми-техникалық шығармашылығы мен бағдарламалауға тарту бағытындағы шараларды жасақтап, робототехника және ақпараттық технологиялар аясында практиканы іске асыру үшін олардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетіне дамытуға қолайлы жағдайлар жасауы қажет.

Қосымша білімнің негізгі міндеттерінің бірі жазғы уақытта оқушылардың өзін-өзі жетілдіруге және шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Тәжірибеде көрсеткендей оқушылар өздерінің демалуына және сауықтырылуына тұлғалық өзін-өзі танытуға жағдайы бар жерлергеқызығушылық танытады. Жылдан-жылға стационарлық лагерьлердің бейімдік ауысымдарының санының артуы жазғы каникул кезеңінде оқушылардың сауықтырылуы мен даму әлеуетін ұштастыратын мүмкіндіктерді туғызады. «Дарын» қосымша білім беру орталығының  (Ғ.Ғ.Орынғалиев) бірнеше жыл бойы жаз мезгілінде оқуда жетістіктерге жеткен оқушыларға бейімдік ауысымдарды ұйымдастыру тәжірибесі басқа да  стационарлық лагерьлерде жалғасын тапты. Мысалы, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының (В.П.Фомин) «Самал» туристік-сауықтыру кешенінде колледж студенттеріне «Жігер» әскери-патриоттық лагері, «Жас құтқарушы» және техникалық шығармашылық ауысымдары ұйымдастырылды.

Осындай жұмыстар ауылдық жерлерде де жүргізілуде. Казталов ауданының Қошанкөл ауылындағы туристік бағыты бар «Алау» сауықтыру лагерінде оқушылар көкөніс өсіруге дағдыланып, жылқыға отыруды үйренді. Осы ауданның «Қайыңды» жазғы лагерінде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін  түзету ауысымы ұйымдастырылды. «Ақкөл» лагерінің ауысымдары шығармашылық, «Ақпәтер» лагерінде тілдікке бағытталған. Зеленов ауданы балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының (Г.А.Терехова) «Достық» жазғы сауықтыру лагерініңбарлық 6 ауысымы да бейімдік бағытында жұмыстанды.

Оқушылардың (әсіресе бастауышта оқыту) көп бөлігі мектеп жанындағы лагерлерде демалатынын ескеретін болсақ, жыл сайын олардың жұмысының әдістері жетілдірілуде. Біріншіден, мектеп жанындағы лагерлердің бейіндік ауысымдарының саны артып келеді. Ағымдағы жылдың жаз айларында мектеп жанындағы лагерлерде 256 бейінді ауысым, оның ішінде 79-ы лингвистикалық бағытта, 56-ы жаратылыстану-математикалық циклінде, 28-і спорттық-қорғаныс, 52 -і туристік-сауықтыру бағытында және 41-і оқушыларды әр түрлі шығармашылыққа баулу бойынша ауысымдар ұйымдастырылды. Екіншіден, мектеп жанындағы жазғы лагерлеріне оқушылардың өзін-өзі жетілдіруге психологтар, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар және т.б. мамандары тартылып, олармен шаралар ұйымдастырылады.

Инклюзивті білімнің дамуымен ерекше білімді қажет ететін оқушылардың жазғы демалыспен қамтылуы, арнайы сауықтыру ауысымдарын ұйымдастыратын лагерь саны артып келеді. Ақжайық, Бөкей ордасы, Казталов, Қаратөбе, Тасқала аудандарының стационарлық лагерлерінің және «Дарын» қосымша білім беру орталығының тәжірибесі қолдап  ағымдағы жылы қалалық білім беру бөлімімен арнайы ауысымдары ұйымдастырылды. «Атамекен» сауықтыру лагері базасында тек қана Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің түзету сыныптарының оқушыларына ғана бейімдік ауысымдар ұйымдастырылып қоймай, «Бәйтерек» үкіметтік емес ұйымында сауықтырылып жатырған балалары да демалыспен қамтылды.

Жазғы  демалыс және сауықтыруымен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 78 мың оқушы немесе 91,4%-ы қамтылған.

Көптеген іс-шаралар демалыс уақытында балалардың жұмыспен қамтылуын  ұйымдастыруға арналған.

Жұмыспен  қамтылу еңбек және демалыс лагерлері (3), мектеп орманшылықтары (4), көгалдандыру бойынша бригадасы (664), қызығушылықтарына қарай үйірмелер арқылы, шығармашылық жұмыспен қамту қызығушылықтар бойынша үйірме (353) және аула клубтары (17) арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар мектеп оқушыларының спорттық-туристік (жорықтар, экспедициялар, спорттық жиындар) және зияткерлік (көшбасшылар мектебі, пікір-сайыс алаңдары) бағытында қамту бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Барлығы жазғы каникул кезеңінде әр түрлі жұмыспен 67 мың оқушы немесе оқушылардың жалпы санынан 78,8% қамтылған.

Білім бөлімдерінің басшылары жазғы демалыста оқушылардың қамтылуын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін ең алдымен, жазғы лагерлердің көрсетілетін қызметтерінің қазіргі заман сапасы арқылы  қарастырылуы қажет екенін түсінулері қажет.

Оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруда білім бөлімдері мен жазғы демалыс және сауықтыру лагерлерінің басшылары алдында оқушылардың жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастырудың сапасын жақсарту, жазғы сауықтыру лагерлері бағдарламаларының әртүрлілігін қарастыру, жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері қойылады.

Балаларға қосымша білім беру айтарлықтай педагогикалық әлеуетке ие:әр түрлі (демалыс, ойын-сауық, мереке, өздігінен білім алу, шығармашылық) білім беру қызметі ретінде жекетұлғаның даму түрткісін қалыптастырудың қуатты тәсілі;қосымша білім беру бағдарламалары бала дамуының жақын арадағы аймағы ретінде, оның «мәдени дарындылығын» тәрбиелеуге жәрдемдеседі;қосымша білім беруде бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселесін шешу арқылы девиантты мінез-құлықтан арылтады.

«Әр білім беру ұйымында – музей» акциясы аясында облыс бойынша 126 мектеп музейі тіркелген, оның ішінде 71-і паспортталған.

Музей ісінің жас өлкетанушы белсенділері жыл бойы «Менің туған Оралым» виртуалды энциклопедиясына құжаттар жинайды, «Майданнан хат» жинағы шығарылды, «БҚО музейлерінің катологы» мен «Өлкетану маршруты» әдістемелік және ақпараттық жинақтарын шығаруға дайындалуда.

Білім беру бөлімдері, мектеп басшылары рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені күшейту үшін ауылдың, мектептің, ауданның өлкетану әлеуетін белсенді пайдалануы; музей мамандарының қатысуымен жаңа жәдігерлерді жинауға көңіл бөлуі, жәдігерлердің сақталуы мен есебін жөнге келтіруі, сондай –ақ мектеп музей жетекшілеріне тағылымдама және оқуды ұйымдастыруы қажет.

Құрметті әріптестер! Отбасы тұлғаны әлеуметтендірудің алғашқы институты, әлеуметтік қызметтердің қалыптасуы мен өзгеруіне, сондай-ақ мінез-құлық стратегияларын таңдауға әсер ететін тәрбие бастауы болып табылады. Балалар мен ата-аналарының қарым-қатынасының астарында  жеке тұлғаның социумда әсер етуі жағдайында пайда болған мәселелері арқылы отбасында өмірлік сценарий қалыптасады.

Қазіргі кезде отбасының әлеуметтік институты адамгершілік және рухани жағынан дағдарыс күйін кешуде. Ата –ана мен бала арасындағы түсініспеушілік орасан зор болып тұр. Ата-аналардың да, балалардың да адами қарым-қатынастарын теледидар, әлеуметтік желілер мен ұялы телефон  алмастырып отыр. Ата-аналардың бала тәрбиесіне қажетті педагогикалық білімі мен мәдениеті жетіспейді.

Сондықтан, педагогикалық ұжымның басты күші отбасындағы ахуалды жақсартуға, жағымды қарым-қатынастарды қалыптастыруға, ағарту жұмыстарын жүргізу арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге бағытталуы керек.

Жасөспірімдер арасында суицидтік, аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру жұмыстары әрқашан басты назарда болып, күн тәртібінен түскен емес. 2015 жылы 7 жасөспірім өмірлерін қиып, 15 оқушы суицидке ұмтылған.

ІІД-нің ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша берілген мәліметі бойынша балалар мен жасөспірімдерге қатысты 18 зорлық-зомбылық фактісі тіркелген, оның ішінде 3 факті сексуалдық тұрғыда (2015 жылы-49).

Осыған байланысты жасөспірім жастағы балалардың дағдарыстан өтудегі ерекшеліктері, көп жағдайда аутодиструктивтік мінез-құлық тудыратын отбасындағы қарым-қатынас мәселелері туралы ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізуді күшейту; балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық пен қатал қараудың алдын алу бойынша бағдарлама дайындау; педагог-психологтарға суицидтік тәуекел тобын анықтау және қолдау көрсету, балалардың психологиялық денсаулығының бұзылуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесінің маңыздылығын насихаттау мақсатында отбасы құндылығын танытатын облыстық «Мөлдір бұлақтан» сырттай фестивалі, «Түймедақтар алаңы» акциясы т.б. шаралар ұйымдастырылды.

Әке тұлғасы балаларға үлкен әсер етеді, әке шапағатын, оның қамқорлығы мен көңіл бөлуін білмеген балаға оның кейде орны толмастай болады. «Әке – бала үшін өмірге келгеніне, әр қадамы мен іс-әрекеті үшін жауапты ең жақын, ең қымбат ер адам, ол арқылы өмірге келгені үшін, әр қадам және жасаған әрекет үшін адамгершілік тұрғыдан жауапкершілікті тануға болады. Әкелікте адамгершіліктің жаңа жетілдірілген, әке мен ананың құрған тұлғасы, ұрпақ сабақтастығының ұлы жалғасы бар» -деген танымал педагог В.А.Сухомлинский. Қандай терең, салмақты ой жатқанын аңғаруға болады.

Желтоқсан айында алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында «Өскелең ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігі мен азаматтығын қалыптастырудағы әкелер рөлінің маңыздылығы» тақырыбында облыстық әкелер форумы өткізілді. Форумның мақсаты -отбасы институтын, үлгілі отбасыларын насихаттау, бала тәрбиесіндегі әкелер рөлін көтеру. Бұл шара мектеп, отбасы, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен қызметтерін белсендендіруге, облыстың білім беру ұйымдарында жергілікті «Әкелер кеңесін» құруға ықпалын тигізді.

Бұл тәжірибелер отбасы тәрбиесі бойынша кеңесші сертификаты бар педагог-психологтардың әлеуеті мен тәжірибесін пайдалана отырып, отбасы тәрбиесі кабинеттерін ашуға назар аудару қажет . Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдарын табу, ата-аналар жиналыстарын диалог түрінде өткізу әдістеріне көшу, ата-аналар комитетінің жұмыстарын түбегейлі қайта қарастыратын уақыт жетті.

Мемлекеттің ерекеше қамқорлығына мұқтаж балалар үшін тең мүмкіндіктер туғызу

Мемлекеттің ішкі саясаты маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, оның ішінде ерекше қамқорлыққа мұқтаж ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда алынған.

Облыс бойынша жасалған талдаулар соңғы жылдары аталған бағыттағы жұмыстар оң нәтижесін көрсетіп отыр, сонымен қатар бірқатар шешілмей отырған мәcелелерде бар екенін анықтап отыр. Республиканың барлық өңірлеріндегідей облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санының тұрақты түрде төмендеуде. Білім беру бөлімдерінің әлеуметтік жетімдік профилактикасы бойынша мақсатты жұмысының нәтижесінде аталған санаттағы балалардың санының біраз азаюына мүмкіндік берді. Өткен жылмен салыстырғанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 39 %-ғаазайып, 998 адамды құрады. Алайда  облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернаттық мекемелермен қамту үлесі өсіп отыр. Егерде 2014 жылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде осы санаттағы жалпы баланың 19,3 % тәрбиеленсе, 2015 жылдың соңында балаларды  интернаттық мекемелермен қамту үлесі 22,8 % өсті.

Аталаған мәселенің себебі неде болып отыр? Өкінішке орай ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды орналастыру барысында қорғаншылық және қамқоршылық органы балалар үйіне орналастыруды жұмысының соңғы шешімі ретінде қарайды. Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық функциясын атқаратын білім беру бөлімдері ата-ана мен баланың айырылу жағдайынан кейін баламен ата-ананың қатынасын қалыптастыру бағытындағы шараларын жүргізбейді. Мысалы,  2015 жылы  отбасынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелеріне 48 бала жолданған, оның -27 (56%) туған ата-аналарына қайтарылды. Білім беру бөлімдері қолайсыз отбасын алғашқы сатысында анықтап, уақтылы және дұрыс профилактикалық жұмыстарын жүргізген жағдайда осы балаларды балалар үйіне орналастырмауғаболар еді.

Сонымен қатар білім беру бөлімдерінің ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды отбасына орналастыру түрі, яғни туысқандарының немесе жергілікті тұрғындар арасынан  балаға отбасын алмастыру бағытындағы адамдарды табу  жұмыстары қанағаттанарлықсыз деңгейде.

Мысалы,Теректі ауданынан 2015 жылы жалпы анықталған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 53 %-ы  жалпы типтегі балалар үйіне жолданған. Аталған балалардың үлесі Орал қаласында 40,9 %-ды, Казталов ауданында  33%-ды құрайды.

Мемлекет жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған отбасына қаржылай қолдауға кепілдік болғанымен, бүгінгі күнге дейін Бөкей Ордасы, Жаңақала  аудандарында патронаттық отбасы тәрбиесін енгізу мәселесі шешілмей отыр. Жәнібек, Сырым және Теректі аудандарында осы форма түрі дамымай қалды. Отбасылық тәрбие бұл жас адамның жеке азамат болып одан әрі қалыптасуының іргетасы.

Балалар мекемесінде – нақты күн режимі, дайын ас, берілген киім. Тәрбиеленушілер өздері қажеттілікті жоспарлауға және күндерін үнемді қолдануға дайын емес. Мұндай балаларды өздерінің жеке алаңын ұйымдастыруға үйрету қажет.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаевның 2015 жылғы 23 қазандағы бала құқығын қорғау мәселесі бойынша кеңес отырысының қорытынды хаттамасымен елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер қызметінің жаңа бағыты анықталды. Соның ішінде тезірек бейімделу және интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерін қоғам ортасына кіріктіруіне жағдай жасау үшін балалар үйі мен бөбектер үйлерінің қызметін ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және уақытша өмірдің қиын жағдайына тап болғанотбасымен балаларға қолдау көрсету орталығы етіп қайта құру, ішкі құрылымы мен балаларды орналастыру және тәрбиелеу әдісін өзгертуге тапсырма берілді.

Бұл стартегиялық бағыт Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139-ө  өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жалғасы болып табылады. Осыған сәйкес елімізде патронаттық отбасы тәрбиесін және отбасы үлгісіндегі балалар үйін салу арқылы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелері қысқартылуда.

Интернаттық мекемелердегі тәрбиеленушілер контингентінің төмендеуінің салдарынан облыста өткен жылы жаңа өзгеріспен басталды.2015 жылы жоба сыйымдылыған толымдылығы 83 %-ды құрайтын облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының (директоры С.Ж.Утебалиева) базасындағы бос тұрған коттедждерде жасөспірімдер үйі ашылды,бұл осы мекеменің түлектерінің әлеуметтік бейімделу мезгілінде тұруына жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда жоба сыйымдылығы толымдылығы 70% болатын облыстық балалар үйін отбасыларына қолдау қызмет көрсету орталығы етіп өзгерту жұмыстары басталды.

Демеушілердің қаржылай қолдауымен мекемеде отбасылық тәрбие беретін топ құрылды, топ туыстық байланысы бар тәрбиеленушілерден тұрады.

Бұл біріншіден ағайынды бауырларды  байланысын айырмауға мүмкіндік берді, екіншіден баланың дербестілік, жауапкершілік, төзімділік дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты белсендіруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы мекеме әкімшіліктерінің алдына топтық тәрбиеден отбасылық тәрбие беруге көшу туралы жұмысты жалғастыру, облыстық балалар үйінде жасөспірімдер үйін ашу мүмкіндіктерін қарастыру мақсаты қойылады.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталығыныңконтингентінің және тәрбиеленушілерді қамтамасыз етуге жұмсалған қаражат туралы 2015 жылғы сараптамасы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың бейімдеу орталығының тәбиеленушілерін қамтамасыз ету шығыны облыстық балалар үйінің шығынынан 40 % есе артық. Облыстық балалар үйінің және облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына түскен жалпы баланың  82 % кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында болған.

Балалар үйі мен кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін біріктіретін мекеме ашылса орташа бір балаға жұмсалатын қаражаттың мөлшерін қысқартып ғана қоймай, сонымен қатар тәрбиеленушінің психологиялық оңалуы және бейімделу кезеңін  азайтар еді. Яғни балалар басынан бастап тәрбиленетін мекемесіне орналастырылатын болады.

Жалпы патронат отбасындағы баланың 41,3 %-ы мекемелерінен. Балалар үйінен патронаттық тәрбиеге бала алған отбасына әлеуметтік-психологиялық қолдауды бұрын бала тәрбиелеген, оның бейімделуі мен дамуының ерекшелігімен таныс мекеменің мамандарымен көрсетілсе жұмыс нәтижелі болар еді. Бұл екінші рет патронаттық отбасындағы тәрбиеленушілердің мекемелерге қайтарылу үлесін қысқартар еді. 2015 жылдың олардың үлесі 7 %-ды құрады.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларды қолдау орталығының басты мақсаты осы санаттағы балаларды отбасы тәрбие түрімен қамту және мүмкіндігінше балаларды туған отбасыларына қайтару болып табылады.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасы мен балаларға қолдау көрсету орталығы етіп балалар үйін қайта құру  - бұл уақыттың талабы және оны шұғыл арада жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр.

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық функциясын атқаратын органдар балалардан бас тарту және әлеуметтік-оңалту жұмыстарын жүргізбей отбасынан балаларын тартып алу фактілерін болдырмау бойынша профилактикалық жұмысты, патронаттық отбасы тәрбие желісін кеңейту және оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жұмысын белсендіру қажет.

Білім алуына ерекше қажеттіліктері бар және ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балалардың жағдайын жақсарту мақсатында облыста жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларға қолдау көрсету жөніндегі 2015 - 2018 жылдарға арналған кешенді жоспар жүзеге асырылуда.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында интернаттық мекемелерінің түлектері және тәрбиеленушілерімен өзара ынтымақтастық туралы 95 әлеуметтік шарт жасалды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыстар белсендірілді. «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2015 жылы балалар үйінің 14 түлегі жұмысқа орналастырылып, 8-і тәжірибелік-машықтанудан өтті.

Интернаттық мекемелердегі балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында қосымша үйірмелер ұйымдастырылды. Өткен оқу жылы тәрбиеленушілерді үйірмелермен 100 % қамтуға мүмкіндік болды. Ағымдағы жылы педагог ұжымдардың алдында осы көрсеткішті ұстап қалу мақсаты қойылады.

Әр азаматтың алдында қоғамның жауапкершілік деңгейінің көрсеткіші және баланың білім алу құқығының тиімді механизмі болып білім беру саласында даму мүмкіндігі шектулі балаларды қарапайым өзі қатарлас балалардың ортасына қосу – инклюзив үрдісі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыста жалпы даму мүмкіндігі шектеулі балалар санының 58% - ы инклюзивті біліммен қамтылған.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру арқылы оқытатын жалпы білім беретін мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда  12 бірлікке өсті және ол 230 немесе жалпы мектеп санынан 59,1 % құрады.

Жалпы білім беретін мектептердегі 108 түзете - дамыта оқыту  сыныбында 590 адам оқиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5 % есеге артық. Түзете-дамыта оқыту сынып саны 12 (12,5%) бірлікке артты.

Арнайы класс немесе логопедиялық бөлімше ашуға мүмкіндігі жоқ, алайда 10 немесе оданда көп даму мүмкіндігі шектеулі балалар білім алатын мектептерде 129 арнайы педагог бірлігі енгізілді, өткен жылмен салыстырғанда 33 бірлікке артық.

«Кедергісіз аймақ элементтері» 246 мектепте жасалып, бұл жалпы мектептердің 63,2%-н құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29бірлікке артық.

Инклюзивті  мектепте оқу  балалардың тәжірибе арқылы  адам құқығы туралы білім алуға,  кемсітілушілікті азайтуға әкеледі, сонымен қатар  балаларды бір - бірімен араласуға, тануға  және ерекшеліктерді айыруға үйретеді.

Өкінішке орай  бізде білім мекемелерінде  инклюзивті білімді енгізу үрдісі өте баяу жүргізілуде.  Бұл көбінесе  білім беру мекемелерінің  басшыларының ықыластарының жоқтығы болып табылады.

Осыған қарамастан облысымызда  жағымды тәжірибелер де бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша инклюзивті білім беруді дамытуда Орал қалалық  және Бөрлі, Шынғырлау, Теректі аудандық  білім беру  бөлімдері жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ерте анықтау және уақытылы кешенді түзеу жүргізу балалардың әлеуметтік деңгейінің жетіспеушілігін азайтуға, олардың дамуын жоғары дәрежеге жеткізуге және  қоғамға тез бейімделуге әкелетіні белгілі.

Бұл міндеттер психологиялық – дәрігерлік - педагогикалық кеңестері және психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттерінің жұмыстарын жандандыру  арқылы табысты шешілуде.

Тек өткен жылдың өзінде ғана психологиялық - дәрігерлік - педагогикалық кеңестері мектеп жасына дейінгі 344 баланы оңалтып есептен шығарды.

Ерте жастағы балаларға уақытылы кешенді түзету - дамыту көмегін көрсетуде мектеп жасына дейінгі инклюзивті кабинеттердің  алар орны зор.

Бұған  Орал қаласының  «Солнышко» (С.Ю.Шартынова),  «Балауса» (А.А.Зұлқашева), «Салтанат» (А.Л.Мукатова) «Нұрсәт» (Ш.А.Сағынғалиева)  Бөрлі ауданының  №4 (Г.К.Адилова),  Зеленов ауданының №1 (Т.А.Савченко),  Қаратөбе ауданының «Балдырған» (Г.М.Ашығалиева) мектепке дейінгі мекемелер жанындағы инклюзивті кабинеттердің жұмыстарының нәтижелері дәлел. Соңғы тексеру  қорытындысы бойынша бұл инклюзивті кабинеттерге оқыған балалардың   9 - 16%-ы  оңалып есептен шығарылған.

Шет елдерде  және еліміздегі тәжірибе ерекше білімді қажет ететін балаларды  жалпы білім беретін мектептерде оқыту тиімділігі мен нәтижелігі мүгедек балалардың сапалы білім алуына қаншалықты қолайлы жағдай жасалуына байланысты екенін көрсетеді.

Осыған байланысты инклюзивті білімді енгізуде Ақжайық ауданының Байсықов ЖББОМ (Б.С.Ізбасарова), Жанақала ауданының М.Жүнісов атындағы  ЖББОМ, (А.Ш.Губашева), Казталов ауданының Ақпәтер ЖББОМ (К.Г.Жұмағалиев),   Орал қаласының №3 ЖББОМ (Л.Ю.Юшина), инклюзивтік білім беруді  сүйемелдеу бойынша психологиялық - педагогикалық консилиумы Бөрлі ауданының  Пугачев ЖББОМ (К.К.Абдрахманова), Зеленов ауданының Мичурин ЖББОМ (А.А.Кенжебаева), Сырым ауданының Бұлдырты ЖББОМ (А.Т.Бисалиева), Орал қаласының №24 ЖББОМ (А.С.Погодаев) және Круглоозерный ЖББОМ (Л.А.Қайыпқанова),  түзете - дамыта оқыту сыныптарының жұмысы Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы ЖББОМ (оқытушы Ж.К.Орзақаев),Теректі ауданының Шаған ЖББОМ (оқытушы А.М.Белхайырова), Орал қаласының  №22 ЖББОМ (мұғалімдері Д.О.Дынгалиева, Ж.А. Кажгереева, Н.И.Имашева) сонымен қатар Зеленов ауданының Новенкий ЖББОМ дефектологі Д.Г.Берсекенова, Зеленов ауданының  Чеботарев ЖББОМ психологы Н.Ж.Хангужина,  Казталов ауданының  Казталов ЖББОМ  дефектологы  А.Ж.Кенжеғалиева, Теректі ауданының Подстепный ЖББОМ логопеды А.С.Макутова, Орал қаласының №16 ЖББОМ психологы М.Е.Козырева және осы мектептің логопеды Б.Р.Төлеуғалиевалардың   тәжірибиелері көңіл бөлуге лайық.

Инклюзивті білім беруді табысты дамыту үшін бөлім және білім беру ұйымдары басшыларыжалпы  білім беретін мектептерде мүгедек балалардың қолжетімдігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқыту, білім беру мекемелерінің штаттық кестесіне тьюторларды, педагог - дефектологтарды, логопедтерді енгізу,  бар мүмкіндіктерді ескере  отырып инклюзивтік білім  беру үрдісіне үйден оқитын балаларды тарту бағытындағы шараларды алуы қажет.

Жыл сайын арнайы мектеп - интернаттарының жұмыстары жетілдіріліп, олардың басқа да білім беру мекемелерімен байланысы нығайып, сонымен қатар көптеген мұғалімдердің жұмыстарының оң тәжірбиелері кең таралуда.

Арнайы  білім беру ұйымдарында , яғни балаларды оңалту және әлеуметтік бейімделуге, мұғалімдер құрамының біліктілік деңгейін арттыруға, әр бала үшін жеке оңалту бағдарламаларын шығармашылық дамуын жетілдіру үшін компьютерлік техникалар және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар табысты қолданылуда. Сондай - ақ,  облыстық зерде бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатында (Б.Б.Абдрахманов)  кең жолақты интернетке қосылған компьютер сыныбы жабдықталып, электрондық логопедиялық  тренажер орнатылған. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернаты (А.Н.Ғұбаш) жаңа электрондық  тифлоқұралдарымен жабдықталған. Сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернатында (Ж.Д.Құмарғалиева)  кең көлемді интернетке косылып, компьютер сыныптарымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.  Мектеп  қажетті сурдо құралдарымен  толықтай жабдықталған.

Мектептерде тәрбие жұмысының саясаты сынып жетекшілері және тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігімен айқындалып, олармен  оқушылар бірлесе отырып жұмыстанатын оқушылардың  өзін - өзі басқарушы органымен да қызмет етеді.

Тәрбие беру үрдісінде табысқа жалпы дәстүрлі істерімен біргеүйірме жұмыстары, секциялармен, қызығушылығы бойынша клубтармен жұмыстану арқылы  қол жеткізуге болады.

Барлық мектептерде балаларды үйретуге оң мотивация, олардың еңбекке оңалту, шығармашылық даму мен әлеуметтік бейімделуін қалыптастыруда оңтайлы жағдай жасалған.  Арнайы білім беру бағдарламалары қазіргі заманғы тұрмыс жағдайларына бейімделген, тәрбиеленушілердің өзін-өзі анықтауына, қамтамасыз етуіне, олардың өзін-өзі іске асыру үшін жағдай жасауына, білім беру сапасын және жеке тұлғаның білімін  жетілдіруге бағытталған міндеттерді іске асыруын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ  2015-2016 оқу жылында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттардың оқушылары алғашқы рет дені сау құрдастарымен тең дәрежеде  республикалық «Білім жолы» атты зияткерлік марафонына қатысты. Барлық оқу жылы бойы есту және сөйлеу  қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернатының оқушылары  түрлі пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен номинанттары болды.  Бұл оларды  дайындаған мұғалімдері: Н.С. Мендібаева, Ж.Г.Ихсанова, Г.Б.Неталиева, А.А.Габдолова, Е.В.Тимофеева, И.М.Разваровалардың еңбегінің нәтижелері мен  оқушылардың білімге деген талпынысы болып табылады.

Көру қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған  мектеп - интернатының  10 сынып оқушысы  Нурхаев Ерлан (жетекшісі В.В.Каширин) жастар арасындағы республикалық шахмат турнирінің чемпионы болса, осы мектептің 11 сынып оқушысы Алуа Ерғалиева (жетекшісі М.М.Абуев)  шашка бойынша республика чемпионы атанды.

Көру қабілетінің бұзылысы бар балаларға арналған метеп-интернатының  «Аягөз» би тобы(жетекшісі Н.К.Мажитова), есту және сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының                     «Сымбат» (жетекшісі Н.Б.Сарсенова) шығармашылық ұжымының тәрбиеленушілері, осы мекеменің  «Арман» би тобы (жетекшісі Ш.З.Сакетова)және зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының «Айару» би тобы (жетекшісі А.С.Амандықова)фестивальдер мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  атанды.

Есту және сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы Дана Нұрболат (жетекшісі Ж.Г.Ихсанова) «іс - қимылмен ән айту» номинациясы бойынша республикалық конкурстың жеңімпазы атанса,  зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының  тәрбиенушілерінің (жетекшілеріА.М.Тлемберлиева, С.О.Қазиев) шығармашылық жұмыстары арнайы дипломдарды иеленді.

Зерде бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері (жетекшісі Ш.А.Тулеушов)Лос-Анджелес қаласында өткен  балаларға  арналған параолимпиялық ойындарда  айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Әртүрлі жас санаты бойынша мектептің  жас дзюдошылары Д.Мурадов  (алтын алқа), И.Абишева  (күміс алқа) және Н.Мұхамбетқалиев (қола алқа) жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Мектеп оқушыларының спорттағы жетістіктері тек бұл ғана емес. Мысалы, мектеп командасы Атырау қаласында өткен  «Спешиал Олимпикс» бойынша шағын-футболдың  Республикалық турнирының  жеңімпазы болып табылады (жетекшісі Е.К.Әлмұханов және Ш.А.Тулеушов).

Алайда, нақты және елеулі нәтижелерге қарамастан, арнайы оқу орындарының инклюзивті білім беру және жұмыс жүйесін іске асыру үшін тәжірибесі жаңа, неғұрлым жоғары деңгейге одан әрі жаңғыртуды талап етеді.

Білім беру бөлімдерінің басшыларына және білім беру ұйымдарының  директорларына алдағы оқу жылында диагностикалық жағдайды қоса алғанда, балалардың құқықтарын қалпына келтірумен қатар оңалту көмегін ұсынумен бірге, архитектуралық және психологиялық кедергілерді жою және сапалы психологиялық-педагогикалық түзеу көмегін қамтамасыз ету жұмыстарына бар күштерін жұмсау қажет.

Білім беру саласын ақпараттандыру

Бiлiм берудi ақпараттан­ды­ру­дың негiзгi мақсаты - Қазақстан Республикасында бiртұтас бi­лiм­дiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Ол үшін білім беру ұйымдарын ақпараттандыру, атап айтқанда мектептерді жаңа бағдарламалық қамсыздандыруларды көтере алатын компьютерлік техникамен, мультимедиалық кабинеттер, интерактивті тақталармен жабдықтауды жалғастыру, барлығын кеңжолақты Интернет желісіне қосу қажет етіледі.

Қазіргі таңда облыс мектептері2453 компьютерлік техникамен қамтылған. Соңғы 5 жылда жабдықталған компьютерлер саны - 4995 бірлік. 1 компьютерге келетін оқушылар саны орта есеппен облыс бойынша 7 оқушыны құрайды, соның ішінде қала бойынша - 11, ауыл бойынша - 5 оқушы.

Интернет желісіне облыстың барлық 389 жалпы білім беретін мектебі қосылған, оның 172-сі кеңжолақты интернетке қатынайды.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу үшін республикалық бюджет есебінен облыстың 109 мектебін жылдамдығы 4-10 Мбит/сек болатын кеңжолақты интернетке және талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу жоспарлануда.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу үшін аудандық (қалалық) білім беру бөлімдеріне бастауыш сыныптарды талшықты-оптикалық немесе спутниктік байланыспен мектептерді Интернет желісіне Интернет-провайдерлер арқылы кеңжолақты интернет желісімен толық қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыру қажет.

Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта және мультимедиялық кабинеттер. Мультимедиялық кабинеттер мен интерактивті тақталарды қолдану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыра түседі, оқу үрдісін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта облыстың 212 мектебі 219 заманауи мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен жарақтандырылған, 245 мектеп 940 интерактивті тақтамен жабдықталған.

Қазіргі заман талабына сай педагогтан өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыдан сауатты, компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген, ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы талап етілуде.

Облыс мектептерінде 473 информатика пәні мұғалімі жұмыс жасайды, соның ішінде 392-сі жоғары білімді (82,9%). Алайда 30 %-дан төмені бірінші және жоғары санатты. Информатика пәні мұғалімінің әрбір төртінші бөлігі жұмыс өтілі 3 жылдан кем жас мамандар.

Информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін көтеру және оқушыларды жаңа ақпараттық технологияларға үйретуде әдістемелік көмектер беру мақсатында 35 сағаттық «Бағдарламашылар мектебі» ұйымдастырылды. Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының базасында «Зерде» озат тәжірибе мектебінің жұмысы жалғастырылуда.Мұғалімдер мектеп жұмысында алған тәжірибелерін аудандық семинарларда әріптестерімен бөлісіп отырады, сондай-ақ оқушыларды облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға дайындайды. Курсты ұйымдастырушылар курсты тәмамдаған барлық информатика пәні мұғалімдерімен қашықтық байланыста болады. Облыстың жас информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету үшін қашықтық режимде «Жас мұғалімдер мектебі» жұмыс жасайды.

Информатика пәні мұғалімдерінің озат тәжірибелері анықталып отырады. Оқытудағы жаңа әдістер мен түрлерді қолданудағы тиімділікті анықтау, информатика пәні мұғалімдері арасындағы кәсіби байналысы нығайту мақсатында оқу жылы ішінде 4 аймақтық семинарлар өткізілді.

2016 жылдың ақпан айында мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «Паскаль бағдарламалау тілі» атты  облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша Орал қаласының №21 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Н.Г.Роберг, Ақжайық ауданының Тайпақ ЖОББМ информатика пәні мұғалімі А.Ә.Мулдашева және Жаңақала ауданының Жаңақала МГ информатика пәні мұғалімі А.С.Шетеева жүлделі орындарға ие болды.

Жыл бойы шығармашылықпен жұмыстанатын жас информатика пәні мұғалімдерін анықтау және қолдау көрсету үшін  «Мұғалім жетістігі шеберлігінде», «Үздік оқу-әдістемелік кешен», «Үздік информатика кабинеті» байқаулары өткізілді.

Мұғалімдердің республикалық деңгейде де жетістері бар. V Республикалық «Алтын Диск-2015» байқауында Зеленов ауданының Достық ЖОББМ информатика пәні мұғалімі О.Б.Адиева жүлделі ІІ орынды иеленсе, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Р.С.Сұлтанғалиев жүлделі ІІІ орын иеленді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Қазіргі уақытта облысымызда дарынды оқушыларды аудандық (қалалық) және облыстық байқауларға, олимпиадаларға қатыстыру, сондай-ақ ғаламтор арқылы он-лайн режимінде сабақтарға қосылу жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда.  Бұрынғы оқушы – тек тыңдаушы, орындаушы болса,  қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға, ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін қолдану іскерлігін дамыту және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас ортасын қалыптастыру мақсатында облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған облыстық қашықтық байқау, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Эрудит» он-лайн байқауы, «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді. Аталған шараларға Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Казталов аудандары мен Орал қаласының мектептері белсене қатысты.

Қазіргі таңда білім саласы бойынша Интернет желісіндегі бейнесабақтардың көпшілігі орыс немесе ағылшын тілдерінде кездеседі. Облыстың информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмекші құрал ретінде «Паскаль бағдарламалау тілі», «Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс», «Blender бағдарламасы» тақырыбында бейнесабақтар жасалып, таратылды. Осы сабақтарды пән мұғалімдері оқу үрдісінде табысты қолданып, осындай сабақтарды жасауға деген қызығушылықтары пайда болды.

www.umci.kz оқу телеарнасының жұмысы жалғасуда, ай сайын облыстың білім беру саласының жаңалықтары мен оқу-әдістемелік фильмдері таратылып отырады. «Педагогикалық ринг» рубрикасы 2015 жылы Үздік педагог атанған З.А.Сухинаның іс-тәжірибесінен жаңа бейнематериалмен толықтырылды. «Ауданның білім беру ұйымының тынысы» рубрикасына Ақжайық ауданының білім беру саласы бойынша бейнефильм жасалды.

Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру үрдісінде тиімді қолданылуын қамтамасыз ету үшін информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби деңгейін көтеру, білім беру үрдісінде электрондық оқыту жүйесін, соның ішінде сандық білім беру ресурстарын қолдану тиімділігін арттыру, сондай-ақ информатика саласында дарынды балалармен жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастыру маңызды. Оқушыларды он-лайн байқауларға,  қашықтық курстарға, бағдарламашылар мектебінің жұмысына қатысуға ынталандыру қажет.

Техникалық және кәсіптік білім беру

 

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім.Реформалар. Даму» атты Жолдауында кәсіптік – техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңарту  міндетін қойды. Жолдауда адам капиталын дамыту, азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту қарастырылған. Негізгі бағыт сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың негізі болатын Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құру– жұмысшы адамдардың беделі мен мәртебесін көтерудың негізгі құралы. Елбасы өз Жолдауында кәсіптік білімге айрықша мән беріп, 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаған болатын. Бұл қадам осындай экономикалық күрделі кезеңде ұлттық экономиканың нығаюына, жұмысшы мамандығын алуға ниет еткен жастарға жағдай жасап, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтереді.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында білім басқармасымен жұмысшы мамандықтарын бірінші рет алып жатырған тұлғалар үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайту шаралары қабылдануда. 2016 – 2017 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысыэкономиканың индустриалдық-инновациялық дамуының, кадрларға салалық қажеттілігінің басымдықтарына сәйкес сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер тізімі негізінде 3508 адамға жасақталды.

Қоғамның барлық салаларын жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарының бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» бөліміндегі 77-қадам экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды әзірлеуді, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына таратуды қарастырады. Таңдау критерийлеріне сәйкес келетін 2015 жылы қалыптасқан 10 әріптес колледждердің тізіміне Батыс Қазақстан облысы индустриалды колледжі енді. «Кәсіпқор» Холдингі» КАҚ мен Батыс Қазақстан облысы индустриалды колледжі арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды, колледжді дамыту шаралар жоспары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру шаралары атқарылуда. Колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері Теміртау қаласының Ресурстық  орталығында «Заманауи металл өңдеу технологиясының сандық бағдарламалық басқару білдегінде  оқыту әдістемесі» атты тақырыбында оқудан өтті. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруымен 42 педагог ағылшын тілі курсына қатысып, сертификат иеленді.

Батыс Қазақстан облысында 38 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орны жұмыс жасайды (27 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес). Оның ішінде 16 оқу орны (42%) ауылдық жерлерде орналасқан.  Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 20 523 мың адам білім алуда (2014 жыл – 22 131 адам), соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 9 912 адам (2014 жыл – 10 265 адам). Жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау 77 мамандық және 143 біліктілік бойынша жүргізіледі. Соның ішінде 4678 білім алушы 25 мамандық бойынша жұмысшы кәсіптерін алады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы шеңберінде халықымыздың басым бөлігі шоғырланған оңтүстік өңірлерінен жастарды батыс, орталық, солтүстік пен шығыс өңірлерінде білім алып кейін еңбекке араласуларын қамту бағытында әлеуметтік жобаға сәйкес 273 білім алушыдан, Республикалық жоғары техникалық колледжінің8 түлегіне диплом табысталды. Осы жоба аясында ағымдағы жылы тағы да 185 адам қабылдау жоспарлануда.

Кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасы арасында қол қойылған Келісімшарт аясында кадрларды даярлауда және қайта даярлауда қажетті жағдай жасау, әлеуметтік серіктестіктің негіздерін дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында бірлескен жұмыстар атқарылуда. ҚР Ғылым және білім министрлігі мен ҚР ҰКП «Атамекен» бірлескен  «Дуальды оқытуды енгізу» Жол картасына сәйкес еңбек нарығындағы мамандарға ұсыныс пен сұранысты теңгеру мақсатында дуальды оқыту мен инновациялық оқыту тәсілдері 18 оқу орындарында қолданылады. Өңірдің дуальды оқыту жүйесінің Жол картасы 8 саланың 19 мамандығын қамтиды: құрылыс, транспорт (салалар бойынша), мұнай және химия өнеркәсібі,  қызмет көрсету, энергетика, байланыс-коммуникация, ауыл шаруашылық. 1115  маманның даярлығымен айналысатын 59 мекеме, шаруашылық субъектілері Картаның қатысушылары болып танылды. Кәсіпорын базаларында дуальды оқытудың өндірістік машығын ұйымдастыру туралы 66 келісімдер жасалды. Келісімдер аясында колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағытындағы бірлескен іс-шаралар атқарылуда.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тапсырмаларына сәйкес кәсіби  білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіру жолында қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді қолдана отырып, инженер-педагог кадрларды даярлау тиімділігін арттыру бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстары жүзеге асырылады. 2015-16 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 554 инженер – педагог қызметкері біліктілік арттыру курстарымен қамтылды. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 157 (16-Астана, 141-Орал) басшылары мен инженер-педагогикалық қызметкерлері біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Кәсіби дайындық сапасын көтеру және озық тәжірибені тарату мақсатында оқу жылы бойы оқушылар мен педагогтар арасында кәсіби шеберлік байқаулары ұйымдастырылды.

Өткен оқу жылында педагогикалық қызметкерлер мен оқушылардың арасында 2 республикалық және 14 облыстық кәсіби шеберлік байқаулары, 6 облыстық семинар, 3 ғылыми-практикалық конференция, педагогикалық оқулар  және 2 дөңгелек үстел оздырылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен алғашқы әскери дайындық пән мұғалімдерінің республикалық байқау қорытындысы бойынша Орал ақпараттық технологиялар колледжінің АӘД пәнінің оқытушысы М.И. Аққалиев жүлделі ІІ орын алып, «Үздік АӘД пәні мұғалімі» төсбелгі табысталды.

Жұмысшы мамандықтарды насихаттау, беделін көтеру, даярлау және біліктілік кәсіби стандарттарын жетілдіру мақсатында Батыс Қазақстан облысында «Тас қалау», «Дәнекерлеу ісі» «Шаштараз ісі», «Аспаздық ісі», «Кондитерлік ісі» және «Мектепке дейінгі ұйымында тәрбиелеу» құзыреттіліктер бойынша «WorldSkills Kazakstan» аймақтық чемпионаты өткізілді. Екі күнге оздырылған «WorldSkills Kazakstan» аймақтық чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің медальдары, дипломдарымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бекітілген жоспарға және «Техникалық, кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасының Институционалдық даму жоспарына сәйкес Ақжайық аграрлық техникалық колледжінде серіктес колледждер арасында «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторист - машинист» біліктілігі бойынша «Тракторшы мамандығының үздігі» атты байқау өткізілді. Байқау мамандар дайындау ісінің сапасын көтеруде педагогикалық ұжым іс-әрекетінің белсенділігін арттыру, жұмысшы мамандығы бойынша оқушылардың дайындық деңгейі мен сапасын анықтау, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға бейімділігін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері жас мамандарға арнап «Шөпті буып, тиеу әдістері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Ақжайық аграрлық техникалық колледжі мен Атырау облысының әкімдігі білім басқармасының  Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі арасында  ынтымақтастықпен бірігіп қызмет етуі туралы келісімге қол қойылды.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясы шеңберінде іс-шаралар жоспарына сәйкес  білім басқармасымен бірлесіп ТжКБ беру ұйымдарында «Еңбек жолы» атты облыстық фестивалі өткізілді. Фестивальға еңбек ардагерлері мен қалалық колледж студенттері қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – аға буын өкілдері мен жастар арасында байланыс орнату, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру,  жастарды еңбекке баулу.

Кәсіби білікті мамандар даярлаудың сапасын арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және көршілес Ресей Федерациясы Волгоград, Самара, Саратов, Орынбор облысы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің арасындағы халықаралық  байланыстаржолға қойылып, олардың өзара тәжірибе алмасуларына, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысуға, өздерін кәсіби, шығармашылық тұрғыдан жетілдірулеріне оң әсерін тигізуде.

Алматы қаласында өткен Қазақстан және Қырғызстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XX Халықаралық конференцияда Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқушысы А.Богдашкин (жетекшісі Ж.Е.Бисалиева) жүлделі 2 орынға ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жаңғырту бойынша алынған шаралар даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілеттілігі мен кәсіби даярлықтың тартымдылығын арттырады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Ұлттық тізілімге енгізілген Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі базасында өз қаражаты есебінен Батыс Қазақстан облысының жеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары аккредиттеуден өтті. Оның ішінде, 2015 жылы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі және Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі институциалдық аккредиттеуден өтсе, 2016 жылы Батыс Қазақстан медициналық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі, Орал гуманитарлық колледжі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Кадрларды жаңғырту бағытындағы жұмыстардың қолға алынуына байланысты әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, инженерлік – педагогикалық құрамның кәсіби деңгейін көтеру, жастарды кәсіби даярлауға экономиканың жетекші сала мамандарын қатыстыруды қамтамасыз ету қажет.

Оқыту процесінде ең бастысы сапа болып келсе, сондықтан да бұл өмір бойына алған білімдерін тәжірибеде қолданып, жетілдіріп отыратын еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды  даярлап шығаруды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық кадрлар

Білім ұйымдағы ең басты тұлға -мұғалім.  Оның өмірі мен шығармашылық еңбегі, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру үшін лайықты жағдайлар жасау басты міндет болып табылады.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 11840 педагог жұмыс жасайды, оның 10134-і (85%) жоғары білімді.

Облыс мектептеріндегі жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагогтар саны 47,9 %-ды құрап, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,6%-ға жоғары.  Жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагогтардың ең үлесі  облыстық мектептер мен Ақжайық, Тасқала аудандарында, ең төмені -  Казталов және Теректі аудандарында.

Педагогикалық жұмыс өтілі 11-ден 14 жылға дейінгі педагогтар үлесі  9%-ды (1 102), 20 жылдан жоғары  37%-ды  (4461) құрайды.

Облыс педагогтарының орташа жасына жасалған талдау олардың жартысы 35 жастан жоғары екенін көрсетеді  (35-тен 44 жасқа дейін –24%,  45-тен 54 жасқа дейін – 24%). Сондықтан педагогтардың басым бөлігі креативті ойшыл,жаңа ақпараттық –коммуникавтивті технологияларды меңгерген  жаңа үлгідегі жас мамандар құрайды.

Ағымдағы жылы педагогикалық қызметкерлер қатары 486 жас маманмен толықса, оның 323-і ауылдық жерлерге. 2015 жылы 189 жас маманға тұрғын үй алуға жеңілдікпен несиелер бөлініп, 285 педагог көтерме жәрдемақылар алды.

Оқу жылының соңына педагог кадрларға қажеттілік 199 педагогты құрады, атап айтқанда математика,ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, физика, бастауыш сынып мұғалімдері және т.б. Ауылдық жерлерге жұмысқа келгендерге толық оқу жүктемесінің, тұрғын үй мен жағдайлардың  болмауынаноблыстың шағынжинақты мектептерін педагог кадрлармен қамту мәселесі жойылмай отыр.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде жүргізілген бөліп таратудан кейін кадрларға қажеттілік ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныпмұғалімдері мамандықтары бойынша жабылмай қалды.

Аудандық білім беру бөлімдері (Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарынан басқа) Алматы,  Астана, Ақтөбе қалаларының жоғары оқу орындарының бітірушілерін тарту мүмкіндігін қарастырған жоқ.

2015 жылы 3 деңгейлі бағдарлама бойынша жаңа форматтағы курстардан облыстың 518 педагогы өтті. Облыс бойынша жаңа форматтағы курстардан барлық педагогтар саны 2212 педагогты құрайды.

Ағымдағы кезеңде  қысқа мерзімді курстармен 1825 педагог қамтылса, үстіміздегі  жылдың   5 айында қысқа мерзімді курстардан 137 педагог өтті.

2016 жылдың 30 мамырынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ мен «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ-да  орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде біліктілік арттырукурстары басталды.Педагогтардың біліктілік арттыру курстарын НЗМ ААҚ Педагогикалық шеберлік орталығымен даярланған сертификатты тренерлержүргізеді. Оқытудан бастауыш сынып, қазақ және орыс тілі, ағылшын тілі, бейнелеу өнері мен технология, ән, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері өтеді. Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының базасында 670 бастауыш сынып мұғалімі оқытудан өтеді. «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ базасындаоқытудан 1693 бастауыш сынып мұғалімі өтеді.

Үш тілділікпен енгізу мен оны сүйемелдеу мақсатында  3 семинар-практикумжәне 1 дөңгелек үстел өткізілді.

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат кешені базасында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты мұғалімдерімен облыстың информатика пәні мұғалімдері үшін 60 адамды қамтыған 10 күндік ағылшын тілі курстары өткізілді (30-ы қазақ тілінде оқытатын, 30-ы орыс тілінде).

Облыстың 35 мұғалімі М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында ағылшын тілі курстарымен қамтылды. Аталғанбағыттағыжұмыстар жалғасуда.

Сонымен бірге, аудандық білім беру бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес кадрлардың жұмыстан босап кетуінің өсуі байқалады, атап айтқанда білім беру ұйымдарынан 1497 педагог жұмыстан шықса, олардың басым көпшілігі Орал қаласы  (577), Бөрлі (139), Зеленов (133), Ақжайық (126), Бөкей ордасы (63) аудандарынан.  Педагогтың өсуі үшін мұғалім кадрлардың кадрлар резервін қалыптастырып,  жұмыс орындарына бекітілуін қарастырып, жұмыс үшін жағдайлар жасау қажет.  Аудандық білім беру бөлімдеріне өз түлектерінің арасынан жас педагогтарды тәрбиелеу бойынша кәсіби бағдар жұмыстарын  жандандыру қажет.

Аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларына Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес педагог мамандығының мәртебесін көтеру және олардың сапалық құрамын арттыру бөлігінде  жұмыстар жүргізу қажет. «Педагогтардың жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар педагогтар үлесі» индикаторына қол жеткізуге назар аудару қажет.

Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің жұмыстарының негізгі бағыттары – бұл кадрларды оқыту және дамыту, ең құнды іc-тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату, мұғалімдерді шығармашылық ізденіске ынталандыру болып табылады.

Алайда аудандық әдістемелік кабинеттердің сапалық құрамы соңғы үш жылда Орал қаласы, Бөрлі және Теректі аудандарынқоспағанда тұрақсыз және төменгі деңгейде қалып отыр.

Зеленов  ауданының АӘК-де (бөлім басшысы С.Н.Сафиуллин) 12 әдіскердің 1-нің жоғары және 1-нің бірінші санаты бар (16%). Бөкейордасы ауданының АӘК-де (бөлім басшысы Е.М.Иманбаев) тарих пәні бойынша әдіскері С.К.Қуанышалиев АӘК-те 15 жыл жұмыс жасапғана 1-ші санат алған.

Сырым  ауданының АӘК-де (бөлім басшысы З.М.Ерғазиева) 11 әдіскердің 3-нің бірінші санаты бар (27,2%).

2014-2015 оқу жылында әдістемелік кабинет әдіскерлерінің сапалық құрамы  50,3% болса, 2015-2016 оқу жылында бұл көрсеткіш 9,5%-ға өсіп 59,8 %-ды құрады.

Аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары әдістемелік кабинеттердің сапалық құрамын жақсарту, әдіскердің біліктілігін арттыруды және оған кезекті біліктілік санатын беруді жоспарлау бойынша жұмыстану қажет.

Әр білім беру мекемесінің табысыбасшыға байланысты. Облыстың жалпы білім беретін мектептеріндегі директорлардың орта жасы- 45 –ті құрайды. Бұл салиқалы жас екенін атап өтуге болады.

«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде 2015 жылдың қыркүйегінен бастап облыстық білім басқармасында облыс мектептерінің директоры лауазымдарына тағайындауға келісім алу үшін 58үміткер әңгімелесуден өтті. Өкінішке орай, әңгімелесуді өткізу кезінде білім беру саласындағы нормативтік құжаттары білмеуіне байланысты 14 үміткерге келісім берілмеді. Келісім берілмеген үміткерлердің басым бөлігі Теректі және Сырым аудандарынан болды.  23  үміткерге білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу ескертпесімен конкурсқа қатысуға келісім берілді, атап айтқанда Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Зеленов, Қаратөбе, Теректі аудандары мен Орал қаласынан.

Аудандық, қалалық білім беру бөлімдеріне педагогикалық ұжым арасында қолданыстағы заңнамалық құжаттармен және оларға енгізілген өзерістермен таныстыру мақсатында құқықтық оқыту ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіп отыру қажет.

Сонымен қатар білім саласындағы педагогтардың жетістіктерін де атап өтуге болады. Педагогикалық шеберлік орталығы базасында өткен жаңа форматтағы курстарда облыстың 62 білім беру мекемесі басшысы білім алып, оның 60-ы емтихандарын ойдағыдай тапсырып, сертификаттарға ие болды.

2012 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының 13 педагогы Республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды. Ағымдағы жылы облыстық білім басқармасына конкурсқа қатысу облыс педагогтарынан 36 жұмыс ұсынылды. Алайда Жәнібек, Бөкейордасы, Теректі, Тасқала аудандары педагогтардың жұмыстары ұсынылған жоқ

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

2016 жылдың 5 айы ішінде білім басқармасына 52 өтініш келіп түсті, атап айтқанда, жеке тұлғалардан – 44, заңды тұлғалардан - 8. Өткен жылмен салыстырғандаөтініштер саны 10 бірлікке артқан (2015 жылдың 5 айында: жеке тұлғалардан – 38, заңды тұлғалардан – 4).

Өтініштер көбінесе білім ұйымдары  басшыларының заңсыз іс-әрекеттеріне, қызмет этикасының бұзылуына және білім саласындағы қолданыстағы заңнамаларды түсіндіруге қатысты болды.

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде  облыс мектептерінде орын алып жатқан оқиғалар жариялануда. Білім басқармасы басшысының, ҚР Білім және ғылым министрінің және Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының  сайттарына мектеп қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты ата-аналардан арыздар түсіп отырады.  Әсіресе бұндай арыздар Ақжайық, Зеленов, Казталов аудандарынан көп болып отыр.  Көп жағдайда арыз беруші білім беру ұйымы басшысынан уақытылы және сауатты жауап алған кезде жоғары орындарға шағымдануы орын алмайтындығы да анықталып отырады. Мысалы,  Зеленов ауданының Махамбет ЖОББМ бойынша шағымды алатын болсақ, мектеп директорымен ата-аналармен шағым бойынша уақытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп және толық жауап берілмеген.  Аталған арыз облыстық білім басқармасымен орынға барып қаралуы нәтижесінде ғана аталған мектептің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жазалау шаралары қолданылған.

Білім беру бөлімдерінің басшылары ұқсас фактілерге қысқа мерзім ішінде әрекет етіп, кінәлі тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолдану, балалардың құқықтаының бұзылғандығы немесе қызмет этикасын сақтамау фактілерінің расталған жағдайда атқарып отырған лауазымынан босатуға дейін шара қолданулары қажет.

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының  басшыларымен  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің және ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасы өкілдерінің қатысуымен білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының іске асырылуын түсіндіру бойынша 4 кеңес өткізілді.

Осыған қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашықтан ашық кедергі келтіргені, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың белгіленген тәртібін және олардың құзырына кіретін басқа да шешімдерді бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған білім беру қызметкерлерінің саны азаймай отыр.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасының мәліметі бойынша 2015 жылы  1 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке,  12 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

2015 жылы12 тұлғаға қатысты 18 қылмыстық іс қозғалған, атап айтқанда, Теректі ауданы (10 адам), Орал қаласы (4 адам),  Бөрлі ауданы (1 адам), Казталов ауданы (2 адам),  Жәнібек ауданы (1 адам).

2016 жылдың 5 айы ішінде Орал қаласы бойынша 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қозғалған (№45ЖОББМ, №20 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымы,  «Ертегі» бөбекжай-балабақшасы басшылары).

Білім беру бөлімдерінің басшыларына білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

Құрметті әріптестер! Білім - қоғам игілігі. Оның нәтижесі мемлекет үшін маңызды. Әлем жаһандық сын - қатерлерлер кезеңіне тап болып отыр. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновациялық жаңалықтарды енгізу, ІТ-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырқырлығы. Сондықтан білім өзгерістердің алдыңғы қатарында болуы тиіс.

Біздің әрқайсысымыздың Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қосар үлесіміз зор және Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың білім саласы алдына қойған жоғары мақсаттарына табысты қол жеткізетінімізге сенімдіміз.

Жаңа оқу жылы біздерге жаңа үміттер артып, білім беру мазмұнын жаңартуда зор міндеттер қойып отыр.

Жаңа оқу жылы қарсаңыңда баршаңызға зор денсаулық,шығармашылық табыс мен шабыт тілейміз.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі