«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру» басшы кадрлар секциясы

«Білімді ел-мәңгі ел» облыстық білім беру жүйесі қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында   «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беруді басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбындағы секция жұмысы Орал қаласы №37 ЖОББМ-нің базасында 2016 жылдың 20 тамызы күні өтілді.

Кеңес жұмысына  Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық мектеп директорлары  мен мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Секция отырыстарына барлығы 230 адам  қамтылды.

Секцияда Қазақстан Республикасында білім беруді  және ғылымды дамытудың   2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру жүйесі мазмұнын жаңарту, білім беру ұйымдары мен басшыларын бағалау, НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жаңартылған білім мазмұнының шарты ретінде мұғалімдер мен мектеп басшыларын кәсіби дамыту бойынша кешенді бағдарламасын жүзеге асыру, үздіксіз біліктілікті арттыру және педагогтің кәсіби өсуінің  «өмір бойы білім алу» парадигмасын жүзеге асыру факторы, білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы жаңа амалдар, бастауыш білім беру мазмұнын жаңартуда  оқытудың жаңа стратегиялары, бағалаудың жаңа жүйесі туралы айтылды.

Соңында облыстық «Үздік педагог», «Орта білім беретін үздік ұйым»,  «Жазғы сауықтыру демалысының үздік  ұйымы - 2016», «Білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы үздік аудандық (қалалық) баяндама» облыстық байқауларының жүлдегерлері  бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Секция отырысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі