Kundelik.kz сайтының жұмыс жасау жүйесі туралы семинардың қорытындысы

Оқу барысын автоматтандыру технологияларына, он-лайн білім беру құралдарына және ата-аналармен хабар алмасудың заманауи әдістеріне қол жеткізу мақсатында 2016-2017 оқу жылында облысымыздың 92 мектебіне «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы енгізілуде.

Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйек күндері Орал қаласының №47 ЖОББМ базасында облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығы «Kүнделік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірігіп, «Kundelik.kz сайтының жұмыс жасау жүйесі» тақырыбында оқу-практикалық семинар өткізді.

Семинарда сайттың жұмыс жасау жүйесі, атап айтқанда, мектеп парақшасы, кесте және сабақтар, электрондық журнал, үй тапсырмасын басқару, есептер туралы ақпарат беріліп, практикалық жұмыс жасалды. Қатысушылар Kundelik.kz сайтымен жұмыс жасау бойынша www.youtube.com сайтында орналастырылған бейнефильмдермен таныстырылды.

Аталған семинарға облыстың 92 мектебі директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен информатика пәні мұғалімдері қатысты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі