Әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не біліу керек?

Әлемдік тәжірибеде міндетті медициналық сақтандыру жақсы нәтиже бергені белгілі. Мәселен Германияда  бұл жұйе  ғасырдан астам қызмет істейді, канцлер Бисмарк ел басқарғанан бері. Бүгінгі таңда  еуропалық елдердің 16-ы, сонымен қатар Түркия елі (1945 жылдан бастап) және Жәпония (1961 жылдан бастап) бюджеттік жоспарлауының орнына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруын қолданады (МӘМС). Бұл елдерде медицина жоғары деңгейде тұр, тұрғындардың  өмір сүру ұзақтығы-80-85 жас.

Сарапшылардың айтуы бойынша МӘМС–тің нәтижелілігі - бұл мемлекеттін, азаматтар мен жұмыс берушілердің денсаулыққа деген ортақ ынтымақтастық жауапкершілігі.

Алайда, мемлекетке жүктелетін міндеттер:

а) Елдің  барлық азаматтарына  ең аз мөлшерде ақысыз медициналық қызметтін базалық пакетін ұсынады. Казақстанда бұл 17 млн. адамға қатысты болады.

Аталмыш пакетте аурушандылықтың алдын алуына сонымен қатар шұғыл көмек көрсетуін талап ететін қызметтер кіреді.

б) экономикалық тұрғыдан белсендісіз тұрғындар үшін МӘМС жарна аударылады,жұмыссыздар, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы әйелдер, зейнеткерлер, жалпы 15 категорияға кірген жағдайлары төмен адамдарға Үкімет өз тарапынан соларға өзінің төлемдерін төлеп тұрады. Күрделі, жедел көмек көрсету және санавиация, вакцинация жасау ол проблемалардың бәрін үкімет өз тарапына алады. Қазақстанда бұл категорияға  қатысты азаматтардың саны, жалпы тұрғындардың санынан алғанда  50% құрайды, әлде 10 млн.адам. Жұмыс берушілер өз жұмысшыларының  денсаулықтарына  жауапкершілік арттырып, қамқорлық білдіреді. Қазіргі уақытта бұл жауапкершілік тек мемлекетке жүктелген. Әрбір адам өз денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы, ал жұмыс беруші әрбір жетекші өз қызметкерінің денсаулығын сақтауға мүдделі болуы керек. Өйткені, қызметкер - кез келген кәсіпорын үшін табыс көзі екені белгілі. Осындай ортақ жауапкершілік тетіктері сақтандыру медицинасы кезінде барынша нақты жұмыс істейтін болады.Сонымен қатар, барлық МӘМС қызмет істейтін елдерде, медициналық  сақтандыру жүйесіне,еңбекақы төлеу  қорынан жұмыс берушілер жарна аударылады, мөлшері 3%- дан - 15%-ға дейін.Бүгінгі таңда Қазақстанның кәсіпорындарында 5,6 млн.астам адам қызмет істейді, жұмыс берушілер бұлардың  МӘМС –на  жарналарын аударуға тиісті.

Қолы бос емес, өз жұмысын істеп жатқан азаматтар, нақтылы бір кәсіпорындарында  қызмет істесе және өз істері болса, өз табыстарынан аударады. Дүниежүзілік тәжірибиеде, азаматтар жалғанып жұмыс істеген жағдайда, аударылымдары еңбекақы мөлшерінен 1%- дан – 8,2-ға дейін % құрайды, алайда, жеке кәсіпкер болса, көрсетілген табыс көзінен аударылады(минималдық еңбекақысынан төмен болмау керек)- 7% -дан-15,5% -ға дейін. 2017 жылдан бастап Қазақстанда ж міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жынысына,жасына, әлеуметтік мәртебесіне, мекенжайына және табысына қарамастан барлық азаматтарға  медициналық және дәрілік көмек алуына бірдей қолжетімдік болады.

1) Қолжетімдік ем:
Сіз өз қалауыңыз бойынша мемлекеттік иә болмаса жеке клиникалардан медициналық көмек алуына құқықты боласыз. Сізге барлық қызметтердің түрі көрсетіледі, дәрігердің қабылдауынан бастап терең тексерулерге дейін және МӘМС пакеті көлемінде қымбат тұратын операцияларға дейін жүргізіледі.Барлық шығындар қор арқылы төленеді.

2) Сапалы медициналық көмек:
Әр клиника Сізге жоғары  білікті көмек көрсетуге мүдделі, себебі ауруханалармен емханаларға  сапалы көрсеткен қызметтері үшін қордан қаражат аударылады МӘМС пакеті бойынша, тәжірибелік медициналық қызметкерлер көрсететін  бұл нақты диагностикасы, дұрыс ем, дер кезіндегі реабилитацияулауы,  медбикелік күтімі.

3) Тегін және қолжетімдік дәрі-дәрмектер:
Аурушандығының түрі бойынша , мемлекет тағайындаған  тегін дәрілік заттар алуына құқылысыз.Сіз бұл дәрілерді  елдің  барлық дәріханаларынан аласыз,  Сізге сапа мен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.Дәріханалардың қызметіне төлем қор арқылы жүргізіледі.

4) Сіздің құқығыңыз және мүддеңіз қорғалады:
Егерде Сіз емдеуден қабыл алсаңыз иә болмаса нашар сапасыз қызмет көрсетілсе, Сіз Қорға шағымдануыңызға болады,Сіздің мүддеңіз қорғалады.  Қор клиникаларды қатан бақылауына алады, көрсетілген қызметтердің сапасын анықтайды және Сіздің өтінішіңіз бойынша тексерулер жүргізіп шара қабылдайды.

5) Өз денсаулығыңыз жөнінде толық ақпарат аласыз:
Жаңадан электрондық денсаулық жүйесі ұйымдастырылады,бұл жұйе  шеңберінде жеке өз кабинетіңіз болады, онда сіз жүгінген емханалар туралы, ауруханада емделгеніз туралы және тексерулер, анализдердің қорытындысы, дәрігерлердің қорытындысы және олардың ұсыныстары туралы  барлық ақпараттар болады.

Медициналық қызметтердің екі пакеті ұсынылады:
Бірінші – елдің барлық азаматтарына ұсынылатын ең аз базалық пакет, оған кіреді:
- Жедел жардем және санитариялық авиация;
- Әлеуметтік – маңызды аурушандылықтағы және шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек;
- Алдын алу егулері:
- Ауруханалық- дәрілік қамтамасыз етілуімен ауруханалық – емханалық көмек (2020 жылға дейін).

МӘМС шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтердің екінші пакеті сақтандырылған азаматтарға арналады, оған кіреді:
- Ауруханалық-емханалық көмек: емханаларда емделу, дәрігерлердің қабылдауы, зертханалық қызметтер, диагностикасы және манипуляциясы;
- Ауруханалық көмек - жоспарлы түрде ауруханаларда емделу;
- Ауруханалық  алмастыру көмегі – күндізгі  стационарларда емделу;
- Жоғары технологиялық медициналық қызметтері – күрделі және бірегей медициналық технологияларды пайдалануымен орындалатын медициналық көмек;
- Дәрілік қамтамасыз ету – ауруханалық – емханалық көмек көрсеткен жағдайда

Сіз иә болмаса Сіздің жұмыс берушіңіз үнемі әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына аударылымдар жасалса, Сіз осы бағдарламаның қатысушысы болып табыласыз. Сонымен қатар, себептерге байланысты жұмыс істемейтін азаматтар да МӘМС –ның қатысушысы  бола алады. Бұларға жарналарын мемлекет аударады.

Сіз жұмысшы болсаңыз:
Сізге ай сайын жұмыс беруші төлейді 2017 ж. 2% - дан-2020 ж. 5% дейін.

Ал, Сіз жұмысшы ретінде 2019 жылдан бастап  айлық еңбекақыларыңыздан 1% төлейсіз, 2020 ж. - 2%. Мысалға, келісімшартқа сәйкес тағайындалған және есептелген еңбекақыңыз 50 000 құраса, жұмыс беруші 2017 жылы айына 900 мың.теңгені аударуға тиіс, ал Сіз 2019 жылдан бастап 450 мың. теңге аударуыңыз қажет.Жұмысшының  аударылымы жеке табыс салығынан  алынады.

Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз
2017 жылдан бастап,әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз табысыңыздан  ай сайын,2%, 2018ж.-3%, 2019 ж.-5%, ал 2020 жылдан бастап 7% аударылуы қажет. Мысалға, жеке кәсіпкер ретінде Сіздің айлық табысыңыз 100 000 теңгені құраса, қорға 2000 мың.теңге аударылады.

Егер Сіз мына категориялардың бір бөлігіне кіретін болсаңыз , мемлекет Сіз үшін алдыңғы екі жылдың орташа еңбекақысының өнім мөлшерінің үнемдеуі бойынша 2017 жылы – 4%, 2018 жылы- 5%, 2023 жылы- 6%, 2024 жылы -7% төлейді.

Медициналық-әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес міндетті жарна төлеуден азаматтардың кей бөлігі 15 категория бойынша босатылады. Олар: «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған және «Батыр Ана» мәртебесі бар, 1,2-дәрежелі «Ана даңқы» орденіне ие көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыздар, интернат тәрбиеленушілері, күндізгі оқу түрінде оқитындар, бала күтіміне байланысты, бала асырап алуына байланысты демалыста отырғандар, үш жасқа дейінгі бала күтіміндегі тұлғалар, зейнеткерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері, минималды қауіпсіздік деңгейінен басқа түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер, уақытша ұстау және тергеу изоляторында ұсталушылар.

Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, жергілікті жұмыспен қамту орталығына жолығыңыз.Сізге жұмыстардың әртүрлі варианттары ұсынылады, алайда, ыңғайлы жұмыс болмаса, Сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Ондай жағдайда Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді.

МӘМС қатысушысы бола алмайсыз және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмеке қолжетімділік құқығы болмайды.Алайда,  Сіз кепілді көлеміндегі мемлекеттік медициналық көмек аласыз, оған кіреді:
- Жедел жәрдем және санитариялық авиация;
- Әлеуметтік – маңызды аурушандылықтағы және шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек;
- Алдын алу егулері:
- Ауруханалық- дәрілік қамтамасыз етілуімен ауруханалық – емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Аталмыш категориясына кіретін азаматтарға басқа да көрсетілетін медициналық қызметтері ақылы түрде көрсетіледі.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі