«Цветаевский костер» аймақтық фестивалі туралы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Ресей Федерациясы Самара облысының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген ынтымақтастық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 16 қыркүйегінде облысымыздың оқушылары мен педагогтері Самара облысында өткен V аймақтық «Цветаевский костер» фестиваліне қатысты.

Фестиваль Самара облысы Кинель-Черкас ауданы Тимашево селосындағы МББМ «Білім беру орталығы» ЖББМ базасында оқушылар, педагогтер мен кітапханашылар арасында ұйымдастырылды.

Мақсаты – әдеби мұраны сақтау, М.Цветаеваның, «Күміс дәуірінің» ақындарының шығармашылығын, жалпы орыс әдебиетін насихаттау, қолдау және дамыту. Іс-шара мектептің «Оқырман уақыты» эксперименттік-технологиялық зертханасы аясында ұйымдастырылды.

Фестивальге Мәскеу журналисті, цветаевтанушы, М.Цветаева ат. Болшев мұражайының қызметкері Ю.М.Рощупкин, Самара облысының «Оқырман» қоғамдық  ұйымының төрайымы Т.С.Ручкина, Самара облысының Отрадный білім басқармасының басшысы В.И.Гусаровтар қатысты.

Байқаудың әр номинациясы бойынша әдістемелік жұмыстар мен сабақ жоспарлары жолданды. Жоғары сынып оқушылары әдеби-шығармашылық жұмыс (эссе), авторлық ән байқауы мен мәнерлеп оқу сайысына қатысты.

Байқаудың қорытындысында:
- «Авторлық ән» номинациясы бойынша Орал қаласы №7 ЖОББМ-ң 9«В» оқушысы Кужасейтова Алина II орын иеленді, жетекшісі Н.Н.Заварзина;
- «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша №16 ЖОББМ-ң 10«Б» оқушысы Королькова Юлия III орын алды, жетекшісі А.И.Донскова;
- «Әдеби-шығармашылық жұмыс.Проза» номинациясында №23 ЖОББМ-ң 11«А» оқушылары Вдовина Ирина мен Гапчина Арина III орын иеленді, жетекшісі Е.Г.Сусорова.
- «Әдістемелік жұмыстар» номинациясы бойынша облыстық әдістемелік кабинет әдіскері А.К.Айтжанованың жұмысы II орын, Орал қаласы №7 ЖОББМ-ң орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Н.Заварзинаның сабақ жоспары III орын иеленді.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі