Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұстаздар күні

Ұстаздар күніне арналған «Мәңгілік елдің ұстазы» тақырыбындағы мерекелік шара 2016 жылдың 30 қыркүйегінде облыстың 310 педагогын қамти отырып, облыстық қазақ драма театрында өткізілді.

Шараға облыс әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжанов, аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, «Үздік педагог» Республикалық байқауының жеңімпаздары, жас мамандар, педагогикалық династиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында облыс педагогтары облыс әкімі А.С.Көлгіновтің алғыс хаттарымен марапатталып, педагогтарға  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған түрлі номинациялар бойынша құрмет көрсетілді.

2012 жылдан бері облыстың 16 педагогы «Үздік педагог» Республикалық байқауының жеңімпазы атанды. 2016 жылдың жеңімпаздары облыс педагогтарын құттықтады.

Қазақстан Республикасына белгілі Батыс Қазақстан облысының мектеп түлектерінің бейнеқұттықтаулары дайындалды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Айтимов, Рио-де-Жанейродағы олимпиада чемпионы Д.Елеусінов, «Әзіл әлемі» жобасының басшысы мен жетекшісі Т.Қабатов.

«Іскерлік жаршысы» номинациясымен басшылық лауазымында үздіксіз 25 жыл еңбек өтілі бар және облыстың білім беру саласына үлес қосқан 5 облыс басшылары марапатталды. Олар Орал қаласының №17 ЖОББМ директоры Т.К.Рудич, Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығының директоры У.Е.Шадеева, Теректі ауданының Айтиев бастауыш мектебінің меңгерушісі Ш.К.Таңатарова, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры А.Г.Гладков, Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ  директоры А.О.Алиева.

Мерекелік шара барысында  «Ұстаздар отбасы» номинациясымен 1991 жылы отбасын құрған 4 педагогикалық отбасы марапатталды. Олар К.К.Ислам және Б.Т.Махимова Тасқала ауданынан, Ж.С.Бекеев және Т.К.Арынова Бөкей ордасы ауданынан, Д.В.Полосин және Е.А.Полосина Теректі ауданынан, М.Ж.Бижанов және Г.Е.Орынова Орал қаласынан. Бұл отбасылардың балалары да білім саласында жұмыс жасайды, педагогикалық ЖОО студеттері болып табылады, яғни педагогикалық династияны жалғастырып келеді.

«Мерей» номинациясымен білім беру жүйесінде 25 жыл еңбек өтілі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісінде жетістігі, облыстық және республикалық деңгейдегі жетістіктері бар облыстың 25 педагогы марапатталды.

«Біз тәуелсіздік құрдасымыз» номинацииясымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігімен құрдас облыстың 16 педагогы марапатталды.

Барлық номинанттарға естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Бағалы естелік сыйлықтары білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің қаражаты есебінен сатып алынды.

Ұстаздар күніне арналған мерекелік шаралар барлық аудандар мен Орал қаласында, сондай-ақ ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарында да өткізілді.

Халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Ақжайық ауданынан әкелі балалы Гильмановтар «Қазақстан бақыты» әнімен зор қошеметке ие болды. Облыс педагогтарын Астана қаласынан халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, жерлестеріміз – ағайынды Жүгінісовтер құттықтады.

1 2

3 4

1 2

3 4

3 4

1 2

3 4

1 2

3 4

3 4

1 2

3 4

1 2

3 4

3 4

1 2

3 4

1 2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі