Республикалық «Мектепке жол»-2016 акциясы

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында республика бойынша 9-шы жыл қатарынан 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Биылғы жылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен бастау алған акция да өз мәресіне жетті.

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету.

Акцияның қорытындысы бойынша әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 21 046 балаларына 120 905,4 мың теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 13 952 балаға 59 077,3 мың теңгеге қаржылай және материалдық көмек көрсетілді.

Акция барысында ең қомақты үлесті қосқан демеушілер аз болған жоқ, олар Ақжайық ауданының - 15 кәсіпкері демеуші болып 62 балаға 300 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

Бөкей ордасы ауданы бойынша жеке кәсіпкер Б.Джумагулова Б.Жанекешев атындағы орта мектебінің 4 оқушысына 80 мың теңгеге демеушілік көрсетті.

Бөрлі ауданы бойынша - ауданның 6 мектебіне КПО б.в. кампаниясы 1 млн 9 мың теңге көлемінде  мектеп сөмкесін оқу құралдарымен оқушылардың ата-аналарына  сыйға берді,  ЖК «Елеусинова» 24 оқушыға 100 мың теңгеге, «М.Ж. Жандосов» 4 оқушыға 131 мың теңгеге мектеп құралдарын және мектеп формасын, спорттық костюм, аяқ киім алып берді.

Жәнібек ауданы бойынша - «Отарғали» ШҚ 15 оқушыға 150 мың теңгеге мектеп киімі және құралдарымен көмектесті.

Казталов ауданы бойынша - Казталов ауылының тұрғыны Ж.Сәлімгереев 3 отбасына 300 мың теңгеге демеушілік көрсетті..

Қаратөбе ауданы бойынша - «KAZKON» кондитерлік фабрикасының директоры М.Қаженов 4 отбасы балаларына 80 мың теңге көлемінде, «Сұлтан-Бейбарыс» ШҚ 2 оқушыға 100 мың теңгеге, «Досжан» ШҚ 2 оқушыға 50 мың теңгеге, жеке кооператив жетекшісі С.Нұраділов 9 балаға 100 мың теңгеге  демеушілік танытты.

Теректі ауданы бойынша – «Бисен», «Ақшал», «Мамбетов», «Абдрахманова» ЖҚ Приречный мектебінің 10 оқушысына 150 мың теңгеге, «B.N.GASOIL PROCESSING» ЖШС Магистральный мектебінің 31 оқушысына 372 мың теңгеге мектеп киімі мен оқу құралдарын алып берді.

Орал қаласы бойынша – қалалық маслихатының депутаттары А.Г.Бисенов 7 оқушыға 96 000 теңгеге, Л.Рысбекова 25 балаға 100 мың теңгеге, Т.Тлемисов 12 оқушыға 100 мың теңгеге, «Веселая идея» дүкенінің директоры А.Г.Ищенко 40 балаға 120 мың теңгеге, ЖК «Тлеугалиева А.Ж» 30 оқушыға 170 мың теңгеге, «Халық банкі»- 10 оқушыға 108 мың теңгеге,  Т.Тлемисов 12 оқушыға 100 мың теңгеге, күзет басқармасы (Ергужиева А.Қ.) 2 оқушыға 100 мың теңгеге, білім басқармасымен 3 оқушыға 51 мың теңгеге демеушілік көрсетілді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі