Республикалық Робототехника олимпиадасының қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен Астана қаласында 8-9 қазан күндері робототехника олимпиадасы өтті.

Еліміздің әр түкпірінен жиналған 200-ден аса оқушы халықаралық робот олимпиадасының ережесі бойынша бес бағытта сынға түсті.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бұл олимпиадада олжалы болды. Атап айтқанда, 11-сынып оқушылары Әділет Бекетов пен Ербол Абай негізгі категорияның ересектер тобында 1-орын, орта жастағылар арасында 8-сынып оқушылары Жәңгір Баянов пен Данияр Серік 1-орын және студенттер арасында 11-сынып оқушысы Шынболат Тналиев бірінші орын иеленді.

Сонымен қатар студенттер сайысында Орал қаласындағы Жоғары техникалық мектеп студенттері Нұрғиса Апбас (1-орын), Дарын Ибраимов мен Бекзада Сәлім (2-орын) жеңіс тұғырынан көріне білді. Жеңімпаздар қараша айында Делиде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды. Сондай-ақ, шығармашылық категориясында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Динара Алманова, Айдана Асанғалиева және Дильназ Қуановадан құралған команда екінші орын иеленді. Олар суда қоқыс қалдықтарын жинайтын робот құрастырған болатын.

Сондай-ақ облыс командасы құрамасында болған Тасқала ауданындағы мектептен тыс жұмыс орталағының оқушылары Нұртілек Ерлан мен Қайсар Қазыбаев та осы категорияда «TUKS»жобасымен үшінші орын иеленді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі