«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбы бойынша облыстық семинар

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15 қараша күні Теректі ауданы, Ақжайық ауылы, Ақжайық ЖОББМ-де ресурстық орталықта «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім беру бөлімдерінің тірек мектептерге жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері және ресурстық орталықтардың директорлары мен шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері, барлығы 48 адам қатысты.

Семинар бірнеше бөлімнен тұрды. Практика бөлімінде «Өз жұбынды тап» тренинг, 8-9 сыныптарда «Термодинамика негіздері. Термодинамиканың І заңы», «Химиялық элементтердің жіктелуі», «Күкірт және оның қосылыстары», «Мұнай, газ өнеркәсібі», «Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік», «Дене импульсі. Денелер жүйесі», «Ежелгі дәуір әдебиеті. Түркітектес халықтарға ортақ мұра» тақырыптары бойынша үлгі сабақтар көрсетілді.

«Ұстаз шеберханасы» тәжірибе алмасулар бөлімінде «Сөз зергері» шарасында оқушылар өз туындыларын, өлеңдерін үш тілде оқыды. «Зерттеу – ізденіс негізі» атты ғылыми жобалар қорғауда тірек және магниттік мектеп оқушылары өз жобаларын таныстырды. «Ырғақ», «Қара жамбас», «Мен жасаған бұйым» атты үйірмелердің жұмысы қөрсетіліп, «Ресурстық орталық: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында мазмұнды мәліметтер берілді.

Семинар соңында қатысушылар ресурстық орталықтар қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылай отырып, өз ойларымен бөлісті, пікір алмасты.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі