Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ауыл колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты облыстық байқауы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 25 қараша күні Ауылшаруашылық колледжі базасында өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру, өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері»  атты облыстық байқауы оздырылды.

Облыстық байқау төрт кезеңнен тұрды:
Бірінші кезең - «Кәсіптік білім беруді дамытуға қосар үлесім» атты жобаcын қорғады.
Екінші кезең - «Өндірістік оқыту шеберінің шығармашылық және инновациялық қызметінің презентациясы» (Бұл кезеңде өндірістік оқыту шебері инновациялық технологияларды пайдалана отырып шеберлік – сыныптарын  слайд, бейне ролик арқылы көрсетті).
Үшінші кезең - «Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік» (Бұл кезең бойынша байқауға қатысушылар өздерінің кәсіби шығармашылық жұмысын қорғады).
Төртінші кезең – «Кәсіби құзіреттілікті тексеру» (арнайы пән бойынша тест тапсырмаларын орындады).

Бұл шараға облыстағы ауыл колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері белсене қатыса отырып, өздерінің жеке әдістемелік идеясының өзектілігі мен жаңашылдығы туралы,  білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологияларының әдістерін енгізу және жетілдіру жұмыстары туралы, білімді өндіріспен байланыстыру және оны іске асыру мәселелері бойынша айтылды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен:
I орын - Д.І.Орманова, Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері;
II орын - Л.П.Гришина, Рубежка колледжінің өндірістік оқыту шебері;
III орын - А.С.Мирманова,  Шыңғырлау колледжінің өндірістік оқыту шебері;
III орын - А.М.Хайруллин, Жалпақтал аграралық және салалық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері;

Шығармашыл тұлға» - А.Ж.Нұрмашев, Сырым колледжінің өндірістік оқыту шебері;
«Жаңашыл педагог» - Ф.М.Танатов, Бөкей ордасы колледжінің өндірістік оқыту шебері;
«Кәсіби біліктілігі жоғары педагог» - А.К.Сатаева, Ақсай техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;
«Озық педагогикалық бастама» - Б.И.Адаева, Зеленов колледжінің өндірістік оқыту шебері марапатталды.

1 2

3 4

Мектепке дейінгі, жалпы орта,   
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі