Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 21 қарашадағы №4056-1 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан жаңа жылдық шырша 26 желтоқсанда облыстық қазақ драма театрында ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық немесе қоғамдық өмірде табысқа жеткен дарынды оқушылар қатарынан 180 бала қатысты.

Шараны ұйымдастыруға қаражаттың жалпы соммасы 15,7 млн. теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына құны 80 мың теңгеге сыйлық берілді (қысқы сырт киім, қысқы аяқ киім, бас киім, шарф, қолғап, спорттық костюм, спорттық аяқ киім, жемпір, джинсы, жеңіл жиде және тәтті сыйлық).

Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша салтанатты шарасына қатысушыларға «Funky Town» орталығына аттракциондарға бару және би кеші өтті.

Балалардың жол жүру және шараны өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы және ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кезекшілік жүргізілді.

Мерекелік шараның сценариі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен дайындалды.

Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың тұруы, тамақтануы, ойын-сауық бағдарламасы және сыйлық алу білім басқармасымен ұйымдастырылды.

1 2

3 4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі