Облыстық семинар-практикумның тақырыбы: «Математика сабақтарында құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану»

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті және НЗМ бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 10 ақпанында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы филиалдың базасында математика пәні мұғалімдеріне «Математика сабақтарында құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану» тақырыбындағы семинар-практикум оздырылды.

Семинардың мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін құзыреттілікке-бағытталған тапсырмаларды пайдалану қажеттілігін көрсету; жобалау тапсырмаларын меңгерту; мұғалімнің шеберлігі арқылы ынтымақтастыққа, өзара түсіністікте жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасау.

Семинар жұмысына аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарынан 36 математика пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар екі бөлімнен тұрды: практикалық және әдістемелік. Семинардың практикалық бөлімінде "Назарбаев Зияткерлік мектебі" дербес білім беру ұйымының математика пәні мұғалімдері ашық сабақтарда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдануын көрсетті.

Семинардың әдістемелік бөлімінде «Математика сабақтарындағы құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар оқушылардың пәндік сауаттылығын дамыту факторы ретінде», «ҰБТ-да математикалық сауаттылық» тақырыптарындағы шеберлік-сыныптары өткізіліп, PISA халықаралық зерттеуінің есептерін шешу бойынша кеңес алаңдары ұйымдастырылды.

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларына, өзіндік ізденіске, ақпаратты терең талдай білуіне, алған білімдерін өмірлік жағдайларда меңгере алуына көп көңіл бөлінді.

Семинардың қатысушылары жүргізілген семинар өзектілігін атап өтіп, ұсыныстар әзірледі.

1 2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі