Педагогикалық еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесінің отырысы

Наурыз мейрамы қарсаңында 2017 жылдың 17 наурыз күні Қ.Мырза-Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының базасында педагогикалық еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Кеңес жұмысына педагогикалық еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесінің мүшелері, аудандық және қалалық деңгейдегі ардагерлер кеңесінің өкілдері, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Барлығы – 35  қатысушы.

Педагогикалық еңбек ардагерлері облыстық «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге»  байқауына қатысып, Қ.Мырза-Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының мұражайымен танысты.

Кеңесті құттықтау сөзімен облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә.Мыңбаева ашты.

Кеңес барысында облыстық ардагерлер кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Қ.Құспановтың, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы С.К.Мусинаның баяндамалары тыңдалды.  Шараға қатысушылар өзара пікір алмасты.

Білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы бірлесе отырып, педагогикалық еңбек ардагерлеріне мерекелік дастархан ұйымдастырып, сыйлықтар таратты.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж ұжымымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

1 2

3 4

5 6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі