«Жаңартылған білім беру негізіндегі оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары

2017 жылғы 28 наурыз күні Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебі және Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі базаларында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында бірінші сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру негізіндегі оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары» тақырыбында бірыңғай облыстық оқыту семинары оздырылды.

Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде пән мұғалімдерінің жетекшілігімен теориялық мағлұматтар беру арқылы коучинг жүргізіліп, «Шеңбер» әдісімен шеберлік сыныбы оздырылды. Шеберлік сынып барысында пән иелері ортақ тақырыптардың қалай жүзеге асатынын, пәндерді оқытуда оқушы  шығармашылығын  қалай дамытуға болатындығын  іс жүзінде көрсете білді.

Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Саяхат» бөлімі бойынша музыка пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдер, қазақ тілі пәнінен  «Демалыс туралы ойларын білдіру», орыс тілі  пәнінен  «Саяхатшыларға арналған ақыл-кеңестер», ағылшын тілі пәнінен «Көлік түрлері», көркем еңбек пәніндегі «Су асты әлеміне саяхат жасау жолдары», дене шынықтырудан «Топтық және жұптық жұмыс»  тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің пән мұғалімдері «Жаңартылған білім беру негізінде оқушы шығармашылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқып, «Көңілді нота» тренингі, «Кіріктірілген шеберлік сыныптары» практикалық жұмысы, тәжірибе алаңында «Мен зерттеушімін» тақырыбында зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Жұмыс соңында аталған мектептер ұжымында «Бірлескен оқу: шығармашылық және ізденіс» тақырыбында рефлексия жүргізіліп, семинарға қатысушылар оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын практика жүзінде көре отырып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1 2

3 4

5 6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі