Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша 1-сынып мұғалімдері арасындағы «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері Республикалық сырттай байқауының қорытындысы

2017 жылғы 28 наурыз күні Астана қаласында «Алматыкітап» және «Express Publishing» баспаларының ұйымдастыруымен «Қазақстан-2050» стратегиясын орындау тұрғысынан мектептегі көптілділікті дамыту» тақырыбында Республикалық конференция оздырылды. Конференцияға облыстық әдістемелік кабинеттің оқулықтар бойынша әдіскерлері, кітапханашылар, бастауыш сыныптар бойынша әдіскерлер және  тіл мамандары қатысты.

Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша секциялар  жұмысын жалғастырды. №1 секция – «Қазақ тілі оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны: бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту ерекшеліктері», №2 секция – «Алматыкітап» баспасының оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептің 1-сыныбына арналған «Русский язык» базалық оқулығы. Тәжірибелі ұстаздың көзқарасы», №3 секция – «Бастауыш мектептегі ағылшын тілі сабақтарында Smiles for Kazakhstan ОӘК-ін шебер үйлестіру және практикалық қолдану», №4 секция - «Алматыкітап» баспасының базалық оқулықтары және заманауи сабақтардың оқулық мазмұнымен байланысы» тақырыптары бойынша мамандар жұмыстанды.

Конференция соңында қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша 1-сынып мұғалімдері арасындағы «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері Республикалық сырттай байқауының қорытындысымен «Алматыкітап» баспасының маркетинг басқармасының басшысы Б.Шакиева таныстырып, жүлдегерлерді марапаттады.

Батыс Қазақстан облысынан Орал қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-ші орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінің  мұғалімі М.Аюпова III орын, Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ сыныбындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Утеғалиева «Бірінші сынып оқушыларына орыс тілін қалай оқыту керек» номинациясы бойынша марапатталды.

Конференцияға қатысушылар жүргізілген секция жұмысы тақырыптарының өзектілігін атап өтті.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі