«Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау» атты облыстық семинар-практикум

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу – әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10-11 сәуірінде білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың  психологиялық денсаулығын сақтау,  қолайлы әлеуметтік–психологиялық жағдай жасау және оқу-тәрбие үдерісіне психологиялық қолдау көрсету мақсатында жас педагог-психологтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық қолдау» атты облыстық семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудандық (қалалық) білім беру ұйымдарының 42 жас педагог–психологтері қатысты.

Семинар-практикумның теориялық және практикалық бөлімдерінде Орал қаласы №45 ЖОББМ психологтері Ж.Тулеуова, А.Хабиева, №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының психологтері Л.Бисенғалиева, Н.Наурызова, Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері М.Сариева өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында білім беру ұйымдарында әлеуметтік-психологиялық қызметтің қағидалары, білім беру мазмұнын жаңартуда 1, 5 сынып оқушыларының бейімделуін психологиялық қолдау, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық анықталған жағдайдағы жұмыс жүргізу алгоритмі және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша практикалық жұмыстар көрсетіліп, жас педагог-психологтерге психологиялық кеңестер берілді.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі