Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары cтуденттері арасындағы «Жастардың ғылыми ізденісі –Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми – техникалық оқуы туралы
Ағымдағы  жылдың  4 сәуір күні Орал ақпараттық  технологиялар колледжі базасында  Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының  cтуденттері  арасында «Жастардың ғылыми ізденісі –Қазақстанның болашағы» атты облыстық ғылыми - техникалық оқуы оздырылды.

Ғылыми – техникалық оқуының мақсаты: ғылыми білімдерін насихаттау, cтуденттердің ойлау қабілеттерін дамыту, дарынды cтуденттерді  анықтау, олардың өнертапқыштығы мен шығармашылық  бастамаларын  білім беру саласындағы ғылыми – зерттеулерінің  тиімділігін  арттыру болып табылады. Ғылыми – техникалық оқуының жұмысы  9 бағыт  бойынша жүргізілді: «Адамның денсаулығы – елдің басты байлығы» (медицина саласы); «Робототехника- білім берудегі инновациялық сала» (ақпараттық технологиялар бағыты); «Энергияның балама көзі» (мұнай -газ, радиотехника және телекоммуникациялар бағыты); «ЭКСПО-ға барар жол» (ауылшаруашылық, құрылыс,  көлік, қызмет көрсету бағыты); «Ғылым және білім ғасыры» (физика, математика, информатика бағыты);  «Үш тұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші саты»(қазақ, орыс және ағылшын тілдер бағыты); «Жер және космос» (туризм, экология,  жаратылыстану бағыты); «Мәңгілік ел-мақсаты мен  мұратым» (тарих, қоғамдық, экономика бағыты); «Өнердің қашан да өрісі кең» (музыка, сурет, қолданбалы өнер бағыты). Жұмыстарды көрме, презентация ретінде ұсынылды. Ғылыми оқудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  студенттері марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі