Тәрбие және профилактикалық жұмыс бөлімі

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі».
Әль-Фараби

Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы зор борышымыз.

Тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.

Қосымша білім беру

Облыста қосымша білім беру ұйымдарының желісі бүгінгі күнде 50 құрайды, балаларды қамту 53,5% (57109 оқушы).

Қосымша білім беру орталықтарының түрлері бойынша желі келесідей: 1 оқушылар сарайы, 14 – саз мектебі, 1-қөркемсурет мектебі, 3-балалар өнер мектебі, 13 мектептен тыс жұмыс орталығы және балалар шығармашылық үйлері, 14-туризм және экология орталығы, 1-облыстық экологиялық-биологиялық орталығы, 2 техникалық балалар шығармашылық орталығы, 1 «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Қазіргі таңда облыс бойынша 379 мектептің 280-і (74%) спорттық залдармен қамтылған.

Оқушылардың денсаулығын арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында облыс мектептерінде әр түрлі бағыттағы 1665 спорттық секциялар жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы спорт секцияларына 46966 оқушы (44%) қамтылған. Жыл сайын оқушылардың бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру  мақсатында  оқушылар арасында спартакиада, мектеп және колледж лигалары, турнирлер, спорттық жарыстар жоспарлы өткізіледі.

Балалар қозғалысын дамыту, белсенділіктерін арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыруда мектептерде балалар бірлестіктері, оның ішінде «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымы қызмет етеді.  Барлығы 73583 (69%) оқушы қамтылған.

Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы

Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылу - бағдарламаның басты шарттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар білім беру саласында «Туған жер» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат: ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекелік қабілетті, прагматикалық жастарды тәрбиелеу. Осы бағытта «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным-тағдырым» базалық жобалары арқылы қоғамның ұстазға деген құрметін арттыру, балалар ұйымдарының жұмысын жетілдіру, жастардың жан-жақты қабілеттерін дамыту, туған елге, туған тілге, туған жердің табиғатына  сүйіспеншілікті арттыру, тарихи мұралар мен өлкетану жұмыстарын жүргізу, заманауи мамандықтар  мен бизнесті түсіну,  кітап оқуға құштарлықты ояту бағытында түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

19 ақпанда "Қазақстан - менің елім" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық  форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша үздік жұмыстар балалар ғылыми – практикалық жұмыстар жинағына енгізілді.

1

21 ақпан күні Орал қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі  және №3 балалар саз мектебі базасында балалар музыка мектептері және өнер мектептерінде ішекті-ысқылы, үрмелі және соқпалы музыкалық аспаптар бойынша білім алушы – жас музыканттардың  «Ұлы дала сазы» балалар музыка мектептері және балалар өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың фестиваль-байқауы өткізілді.

2

3

Орал қаласындағы  №47 жалпы орта білім беретін мектеп базасында педагогикалық әулеттердің өкілдеріне көптеген жылдар бойы жемісті еңбек, білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру, педагогикалық мамандықтың беделін нығайтуға ықпалдасу, педагогикалық  династиялармен жинақталған іс-тәжірибені анықтау және тарату аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің күштерін біріктіру, білім берудегі отбасылық және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Батыс Қазақстанның үздік педагогикалық династиясы» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

4

Наурыз айында 5-10 сынып оқушылары арасында облыстық "My robot" байқауы сызық бойымен жүру, кегельринг, кегельринг-квадро, сумо, шығармашылық бағыттарында өтті.

5

6

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқауы  өтті.

7

8

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 наурызда «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастыруымен қаламыздағы Оқушылар сарайында қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту мақсатында «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атты облыстық байқау өтті.

9

10

27 наурызда облыстық «Экологиялық патруль» байқауы өткізілді.

11

12

13

14

12-22 сәуір аралығында  «Саябақтар шеруі» сырттай акциясы өткізілді.  «Саябақтар шеруі» акциясында мектептің аумағын абаттандыру және көгалдандыру, көшеттер мен бұталарды отырғызуда  облыс мектептері оқушылары белсенді қатысты.

 

16

Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен 27 сәуір облыстық «Үздік туристік маршрут» байқауы спорттық туризмді дамыту және көпке танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау, Батыс Қазақстан облысының туристік маршруттарын жасау, табиғатты қорғауда ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті.

17

30 сәуір – 3 мамыр аралығында 2003-2004 жылғы ұл балалар жас санаты бойынша футболдан «Былғары доп» балалар-жасөспірімдер турнирінің облыстық кезеңі өтті. Турнирге жалпы 6 команда қатысып, 98 жас футболшылар бағын сынады.

18

«Евразия» туристік сауықтыру кешенінде 14-16 мамыр аралығында «Айбын» облыстық әскери-патриоттық  жиыны өтті. Жиынға жалпы 9 команда, барлығы 135 оқушы қатысты.

19

Балалардың қолданбалы шығармашылығын дамыту, талантты балаларды анықтап, қолдау көрсету, жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекеге басымдық беруді қалыптастыруға жағдай жасау, оқушыларды көркем және декоративті-қолданбалы шығармашылықпен айналысуға тарту үшін 1 маусымда "Бояулар құпиясы" жас суретшілердің облыстық байқауы ұйымдастырылды.

20

1 маусымда Н.Назарбаев атындағы алаңда Жас және жасөспірімдердің музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі өтті.

21

22

Туған өлкені зерттеу, оқушыларға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен таныстырып, баға беруге үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 13-16 маусым аралығында «Шыңғырлау ауданының ландшафтарын зерттеу» экологиялық экспедициясы өткізілді.

221

21-24  маусым аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» оқушылардың туристік экспедициясы шеңберінде көктемгі «Қарлығаш» облыстық туриадасы Орал қаласы «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде салауатты өмір салтын  насихаттау, жаяу туризмін дамыту және спорттық шеберліктерін нығайту мақсатында өткізілді.

23

24

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызықтыру, қоршаған ортаны зерттеуде практикалық білімін дамыту мақсатында ағымдағы жылғы 19-21 шілде аралығында Ақжайық ауданының Бударин зоологиялық қорығында облыстық жас натуралистер мен зерттеушілер слеті өткізілді.

25

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы жазғы лагерьлерде маусым-шілде айларында «Робототехника негіздері» курсын ұйымдастырды.

26

27

28

17-27 тамыз  аралығында Аймақаралық «Қазақстанның жеті кереметі» туристік-өлкетанулық экспедициясы Орал қаласы – Алматы облысы – Алматы қаласы – Орал қаласы маршруты бойынша өтті. Экспедицияға облыстық балалар мен  жасөспірімдердің туризм және экология орталығы өлкетану бөлімінің өткізген  облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» слетінен орын алған және орталықтың өлкетану үйірмесінен белсенді 14 оқушы қатысты. Экспедиция  барысында оқушылар Алматы облысының қасиетті орындарымен танысып, ғылыми-ізденіс тақырыптары бойынша жұмыстану, «Балалар туризмі тарихы» музейіне жәдігерлер жинақтау, тарих, әдебиет және география пәндері бойынша білімдерін толықтырды.

29

30

Балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, талантты балаларды анықтап, қолдау көрсету, жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекеге басымдық беруді қалыптастыруға жағдай жасау, оқушыларды радиоспортпен айналысуға тарту мақсатында 21 қыркүйекте «Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациядан облыстық жарысы өтті.

31

26 қыркүйекте балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, талантты балаларды анықтау және қолдау, жеке тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекеге басымдық беруді қалыптастыруға жағдай жасау, кәсіби бағдар беру мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» облыстық инновациялық идеялар байқауы оздырылды.

32

33

34

11 қазанда «Отбасы бақыты- ұлт бақыты» облыстық ата-аналар конференциясы оздырылды.

 

36

Қоғамдағы әкелер рөлін арттыру, отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында «Әке жолы-ізгі жол» облыстық әкелер форумы өтті.

 

38

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі