Облыстық «Педагогикалық шеберлік мектебінің» жұмысы туралы

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18-19 мамыр күндері «Педагогикалық шеберлік мектебі» жобасы бойынша жас мамандарды оқыту ұйымдастырылды.

Жобаға еңбек өтілі бірнеше айдан 3 жылға дейінгі облыстың білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының арнайы мамандары мен қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Мектеп жұмысының мақсаты – жас педагогтердің өзін – өзі жетілдіру және дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру, олардың кәсіби жетілуіне әдістемелік көмек көрсету.

Теориялық бөлімінде инклюзивті білім беруде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдері бойынша кенестер берілді. Практикалық бөлімінде жылдық және перспективті – күнтізбелік жоспарын, жеке дамыту бағдарламасын, дефектолог, логопед - мұғалімнің әрбір баланы тексеру хаттамасы мен диагностикасын құру бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

Қосымша білім беруде жас мамандарға: теориялық бөлімінде нормативтік құжаттар, жұмыс жоспары мен күнтізбелік – тақырыптық жоспары, авторлық бағдарламалардың әзірлемесі бойынша баяндамалар оқылды. Практикалық бөлімінде балалар саз және өнер мектептері, мектептен тыс жұмыс, балалар техникалық шығармашылығы, балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары секцияларының шебер сыныптары өткізілді.

Педагогикалық шеберлік мектебінің соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсынбалар қабылданды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі