«Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» облыстық ата-аналар конференциясы

2017 жылғы 23 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» атты облыстық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М.Л.Тоқжанов, белгілі жазушы-драматург Р.Ш.Сейсенбаев, ақын А.Б.Бақтыгереева, сондай-ақ аудандық, қалалық ата-аналар комитетінің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Аналар кеңесінің», «Ақсақалдар кеңесінің» мүшелері, Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, білім саласы, БАҚ өкілдері қатысты.

Орал қаласындағы №37 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» облыстық ата-аналар конференциясының секциялық бөлімінде «Ата-ана және мектеп: өнегелі тұлғаны тәрбиелеудің негізгі факторы» тақырыбындағы топтық, практикалық жұмыстар жүргізілді.

Конференцияның пленарлық бөлімінде жалпы отбасының тұтастығына әкенің қосар үлесі, әке беделі туралы ойымен белгілі жазушы-драматург Сейсенбаев Роллан Шәкенұлы бөлісті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгерейқызы бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды, Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті өкілі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі денсаулық құндылығы мен жазғы демалыс кезіндегі балалар жарақатының алдын-алу мәселелері талқыланды.

Шара арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі