БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ - КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ: ҚАЗАҚСТАНДА ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ

Барлық бала талантты және сапалы білім алуға, дамуға құқылы, ал мамандардың уақытылы және кәсіби көмек беруі олардың өмірін жақсы жағына өзгертуі мүмкін және барлық баланың жарқын болашағына мүмкіндік береді, соның ішінде – даму мүмкіндігі шектеула балаға.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дара» қайырымдылық қорымен бірге “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»: Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу және дамуына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Жоба сонымен қатар елімізде инклюзивті білімді тиімді енгізуде және даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Орал қаласында 2500 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Сонымен қатар қалада балаларға және ата - аналарға тегін кәсіби көмек көрсететін арнайы және оңалту мекемелері жетіспейді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Дара» қоры арасындағы қол қойылған Меморандум негізінде биылғы жылы Орал қаласында жаңа психологиялық - педагогикалық Кабинет ашылады.
Психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеті (ППТК) бұл мекемеде дамуы ерекше кез – келген бала және оның жанұясы дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, уқалаушы, тифлопедагог сияқты білікті мамандардың көмегін ала алады. Қызмет балаларға және отбасыларына тегін жүргізіледі. Біздің стратегиялық мақсатымыз, бұл Кабинеттердің ерекше бала өсіп келе жатқан отбасыларға қолжетімді болуы.

ППТК - да балалар тек білікті оңалту көмегін алып қана қоймайды, сонымен қатар психологиялық көмек, әлеуметтендіру және араласуға мүмкіндік алады. Сабақтар қазақстандық, ресейлік және шет елдің үздік тәжәрибелерін қолданудың жаңа әдістерін, соны ішінде жаңа үлгідегі құралдар және дамыту материалдарын пайдалану арқылы өткізіледі.

Түзету кабинетінің құралдар құрамына ЕДШ залы, Монтессори, әлеуметтік - тұрмыстық бағдар, түрлі логопедиялық тренажерлар, дамыту материалдары және ойыншықтар кіреді, мамандар үшін әдістемелік кітапхана, сонымен қатар бағдарламалық қамсыздандыру, бала дамуын кешенді бағалауға және өткізілген сабақтардың тиімділік мониторингісін өткізуге мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесі:
• Жыл сайын орта есеппен ерекше балалары бар 150 - 200 отбасына ұзақтығы 3 айдан 12 ай аралығында түзете - дамыта оқыту циклдерімен кешенді көмек алуға мүмкіндік алады;  
• Орал қаласында түзету қызметтерін алу үшін кезек азаяды;
• Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту қызметтері кеңейеді;
• Бұндай тірек Кабинеттерінің болуы жақын жердегі жалпы білім беретін мектептердің ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті білімді белсенді түрде енгізуге мүмкіндік береді, себебі оларға кәсіби қолдау көрсету үшін тиісті дефектолог - мамандар болады.

Анықтама:
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қайырымдылық, әлеуметтік - белсенді бағдарламаларды жүзеге асыратын «Самрук-Казына» ұлттық әл - аухат қор компания және маңызды, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының жобасы.   

Дара қоры – жеке қайырымдылық қор, оның міндетіне жобаны жүзеге асыруға бағытталған балалар медициналық мекемелеріне, балалар үйлеріне, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп – интернаттары көмек көрсетуге бағытталады. Өз қызметінде «Дара» жетім, мүмкіндігі шектеулі және ауру балаларды дамыту мүмкіндігін кеңейту, өмір сүру жағдайын жақсартуды жүзеге асырады.

«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз»: Қазақстанда инклюзивті қоғамды құру» жобасы Қазақстан бойынша психологиялық – педагогикалық Кабитеттер желісін кеңейту мақсатын жүзеге асырады. Жоба аясында 2014 – 2017 жылдары түрлі аймақтарда 15 түзеу Кабинеті ашылып, жабдықталды. Жоба мемлекеттік – жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі