«Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған №8 облыстық мектептің; Орал қаласының №5, №9, №30 және №33 ОБМ мектеп асханаларына сервистік қызмет көрсету» |
«Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталғандығы туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді: «Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандырылған №8 облыстық мектептің; Орал қаласының №5, №9, №30 және №33 ОБМ мектеп асханаларына сервистік қызмет көрсету» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады. Жоба бойынша мектеп асханаларының қажетті жабдықтарын сатып алу және тозығы жеткен жабдықтарын жаңа жабдыққа ауыстыру көзделуде. Қызмет түрі: орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру. МЖӘ түрі: мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу). Жоба мерзімі: 5 жыл. Болжамды шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері:
Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың 01 қыркүйегіне дейін қабылданады. Барынша толығырақ ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, Батыс қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, №72 үй, индекс 090000, мекен-жайы бойынша алуға болады, байланысушы тұлға - Cүлейменов Cамиғолла Закаринович, телефон 8(7112) 26 04 78. |