«Көпсатылы білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру»

2017 жылдың 8 тамызында жаңа оқу жылы қарсаңында өткен оқу жылына талдау жасап, алда атқарылар міндеттерді айқындау және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталған білім беру жүйесінің қызметі және оны әрі қарай дамыту келешегін талқылау мақсатында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Көпсатылы білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында секциялық жұмыстары өтті.

 

8 августа 2017 года на базе Дворца школьников и молодежи в рамках областного августовского педагогического совещания работников образования «Модернизация Казахстана 3.0. – вклад образования», а также о деятельности воспитательной системы образования и перспективы дальнейшего ее развития, направленные на реализацию государственных инициатив, отраженных в статье Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» и с целью анализа работы за прошедший учебный год и определения  предстоящих задач  проведены секционные работы на тему: «Формирование казахстанского патриотизма в многоступенчатой системе образования».

 

In  order  to  implement  state  program  “Insight into future : the modernization of public  consciousness” and to analyze  work conducted in  201 7 there  was  annual  meeting  in the palace of youth on the 8th of August. The meeting was held under the following topic “The formation of   patriotic   sense  in  multilevel  system of  Education”.

 

2017 жылдың 8 тамызында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Орал қаласының Оқушылар және жастар сарайы базасында жаңа оқу жылы қарсаңында өткен оқу жылына талдау жасап, алда атқарылар міндеттерді айқындау мақсатында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» облыстық тамыз педагогикалық кеңесі аясында «Көпсатылы білім беру жүйесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты облыстық тамыз кеңесінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі  бойынша секциялары өткізілді.

Кеңес отырысының жұмысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қалалық прокуратурасы, дін істері, облыстық денсаулық сақтау басқармалары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды сыныптан тыс шаралар арқылы іске асыру, жасөспірімдердің жыныстық қолсұғушылық пен суицидтің және балалар қылмысының,  оқушыларды теріс діни ағымдардан алдын алу, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, білім беру ұйымдарына қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар мәселелері қаралды.

Ал, секция жұмысына тәрбие жұмысына, әлеуметтік-психологиялық қызметіне басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік-педагогтер, арнайы мектеп – интернат директорлары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемелері, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, дефектологтері, логопедтері, тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, түзету сынып педагогтері қатысты.

Секцияны өткізу барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген мемлекеттік бастамаларды іске асыруға бағытталған білім беру жүйесінің қызметі және оны әрі қарай дамыту келешегін талқыланды.

Секциялық отырыстарда тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайы, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде білім беру ұйымдарында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша жұмысы, Назарбаев зияткерлік мектебінің «Шаңырақ» қауымдастығының  «Ата-ана жұмыс орнындағы 10 күн», «Туған елге тағзым», «100 ән» т.б. әлеуметтік жобалары, «Туған жер» жобасы шеңберінде тәрбие жұмысы арқылы тұлғаның жалпыұлттық құндылықтарын қалыптастыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін жаңаша басқару тәсілдері, балалардың құқықбұзушылығы мен психологиялық  денсаулығының алдын алу бойынша жұмыстар, мектептің мамандарына қажетті өзара байланысын түзету жұмыстарының жүйелілігі, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жүзеге асырылуын бақылау үшін әр оқушыға арналған жеке дамыту бағдарламалары,          ерекше білімді қажет   ететін балаларға білім саласында әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін және олардың болашақта жұмыспен қамтылуы бойынша шығармашылық шеберханалар мен шебер сыныптар өткізілді.

Секцияларды қорытындылау барысында пікір алмасу өтіп, ұсынымдар қабылданды.

1

2

3

4

5

6

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі