«Қоғамда, отбасында және мектепте зорлық-зомбылықтың болуы мен болмау принциптері» атты облыстық семинар |
2012 жылдың 13 қарашасында Орал «Сервис» технологиялық колледжінің базасында «Қоғамда, отбасында және мектепте зорлық-зомбылықтың болуы мен болмау принциптері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Аталмыш шараға қала мектептерінің, арнаулы мектеп-интернаттардың және колледждердегі педагог-психологтары қатысты. Бұл семинарда психологтармен жоғары тәжірибелі мамандар кездесті. Олар: БҚОББ қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы - Л. К. Батыргалиева, арнаулы білімді дамыту және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы- Б.Б.Неталиева, кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша аймақтық соттың канцелярия меңгерушісі – С.А.Мыңбаев, Ж.Н.Қусаинова - БҚО балалардың құқықтарын қорғау департамент бөлімінің бас маманы, Р.О.Байдалиева – облыстық клиникалық ауруханасының психологы, кәсіби психолог-консультант. Семинар барысында тек балаларға зорлық-зомбылықтын мәселесі карастырмай, оған қоса өз-өзіне қол жұмсау, сәтсіз отбасылармен жұмыс мазмұндары тағы басқа да ғасыр індетерімен жұмыстану, алдын-алу әдістер туралы пікір-таластар болды. Қатысушылар тақырыбқа байланысты видеороликтер көріп, зорлықтың түрлерімен, баланың құқықтарын қорғайтын заңнамалардың тізімімен жаднама-бүктемелер таратылды. |