Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының тапсырмаларын орындау барысы туралы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған тарихи құжат. Президент өз жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп келеді. Биылғы Жолдауда дабілім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтуды атады.

Облыс бойынша мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту бағытында шаралар алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстармен тек қала мектептері ғана емес ауыл мектептерінде қамтылуда.

Атап айтсақ, 2017 жылы облыс бойынша 12 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 6-ы ауыл мектептері.

Ауыл мектептерін де интернет желісіне қосу, оларға жаңа цифрлік қондырғыларды орнату бағытындағы жұмыс атқарылуда. 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 118 мектеп роботехника құралдарымен қамтамасыз етілсе, оның 80-і  ауыл мектептері.

Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 109 және республикалық бюджет есебінен 49 мектепке Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы «Bilim Media» инновациялық компаниясының білім ресурстары қосылды. Бұл әлемдегі электронды оқыту саласының жетістіктері негізінде жасалған көптілді білім беру платформасы.

Бұл ресурстарға тек қала ғана емес интернет мүмкіндіктері бар ауылдық мектептерде қосылды. Биылғы жылы аталған білім ресурстары толықтай барлық мектептерге қосу үшін республикалық бюджет есебінен 93,2 млн теңге бөлініп, қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен биылғы жылы мектептерге интернет қосу жұмыстары да қолға алынбақ. Бұл жұмыстарға 186 152,5 мың теңге бөлінді.

Республикалық бюжет есебінен 2016 жылы 106 ауылдық шағын жинақты мектептерге 105 млн.теңгеге  мультимедиялық құрылғылар сатып алынса, 2017 жылы 194 мектепке, биылғы жылы 292,1 млн.теңгеге және облыстық бюджеттен 71229,0 мың теңгеге 194 ауылдық мектептерге сатып алынады.

Облысымызда 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоспар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан жасақталған 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы негізінде құрылды.

Үш тілде білім беруді енгізу бойынша ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Барлық білім беру ұйымдарында ағылшын тілінде білім алушылардың тақырыптық үйірмелік және жобалау қызметі, білім беру ұйымдарында жазғы тіл мектебін ұйымдастыру жұмыстары да жалғастырылады.

2016 жылдан жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден 563 педагог жергілікті бюджет есебінен ағылшын курстарымен қамтылды.

2016 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы шілде аралығында жергілікті бюджет есебінен тілді меңгерудің кәсіби деңгейін арттырудың үш айлық курсымен 503 педагог қамтылды.

Сонымен қатар, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін облыс педагогтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен өтетін курстармен қамтылатын болады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі