«Пушкин оқулары - 2017» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы туралы

2017 жылдың 27 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы базасында «Пушкин оқулары - 2017» орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық шығармашылық байқауы оздырылды.

Байқау мақсаты – шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау және қолдау, оларды позитивті шығармашылық қызметке ынталандыру, А.С. Пушкиннің шығармашылығына байланысты үздік әдістемелік тәжірибе үлгілерін насихаттау, оқу құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені тарату.

Төрт кезеңнен құрылған байқау барысында қатысушылар 1-ші кезеңде «Мен және Пушкин» тақырыбында эссе жазған болса, 2-ші «Жанды классика» кезеңінде А.С.Пушкиннің әдеби шығармасынан (прозадан) монолог оқыды, 3-ші кезеңде А.С.Пушкиннің лирикалық шығармасына жазбаша талдау жасап, 4-ші кезеңде «Пушкин шығармасын оқимыз» тақырыбындағы шеберлік сыныбын өткізді.
Сонымен қатар байқау аясында, «Үздік педагог – 2016» республикалық байқау жеңімпазы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Э.А.Траисованың тәжірибесін  насихаттау мақсатында «Пушкин балы» іс-шарасы өткізілді.

Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша I орынды Теректі ауданы Жайық НМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Е.Каналиева жеңіп алды, II орынды Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 ЖОББМ  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.К.Абекенова иеленді, III орынға Орал қаласы №7 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Қ.Билаш ие болды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

1 2

3 4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі